А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ӘОЖ


Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары



бет32/35
Дата06.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#32412
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
3.3 Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары

Ортағасырдағы араб жазу ескерткіштегі кездесетін антропонимдер бізге көне түрік ескеркіштер арқылы белгілі.


Ч.М.Гусейндзенің «Ортағасырдағы араб жазу ескерткіштерінің көне түрікі антропонимдер» деген мақаласында араб жазу ескеркіштегі антропонимдердің (кісі есімдерінің) этимологиясы берілген [120, 291 б.]. Мысалы, Boran Боран, Буран есімі, араб деректерінде бұл парсы Хосорва Парвиза (VІІІ ғ.) әмірінің қызының есімі және Момина (ІVғ.) халифтың әйелінің есімі. Боран есімі ресми есімінен кейінгі берілген лақап есімі. Хосрова Парвиза әмірінің қызынің ресми (шын) аты - Захра, ал Момина халифтің әйелінің аты - Хадиджи екен [121, 382 б.].
Ортағасырда түркі антропонимдерінде екі есім болуы (ресми есім және лақап ат) түркі халықтарына тән екендігі жоғарыда қарастырылды. Түркі халықтарында Боран есімі өзбек тілінде Буран, әзірбайжан тілінде Боран, қазақ тілінде Боран деп айтылады. Боран сөзі түрік тілінде бора етістіктен құрлып «буран, вьюга, метель, гроза, грозовой ливень, туман, непогода» қазақша «боран, бұрқасын, найзағай, тұман» деген мағына береді. Боран, Буран екі сөзден тұрады, бур етістігінен және -ан деген қосымшадан. Bur-Бур сөзі (крутить, сверлить, кружится, поворачиваться, гнуть) қазақша борау, бұрғылау, айналдыру, қайысу етістігі.
М.Қашқаридің сөздігінде бур сөзі хош иіс шығару 1) пахнуть, блогоухать: Yipor burdi мускус блогоухал 2) испариться SW burdi вода испарилась деп көрсетіледі [122, 280 б.].
Ю.Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (Құт әкелетін білім) еңбегінде бур сөзі хош иіс шығару (блогоухать) деген мағына береді. Сонымен Боран, Буран антропонимінің бірінші компоненті бур хош иіс шығару, ал -ан қосымшасы кісі есім жасайтын туынды аффикс. Мысалы, Buran, Basan, Гыjan Сэлчук, Долак Уран т.б. есімдері бұған дәлел. Боран есімі әйел есімі екені бұл сөздің мағынасынан көреміз. Өйткені түркі халықтарының әйел есімідері әсем, сұлу, нәзік, мөлдір деген мағыналарды білдіреді. Ал Боран есімінің синонимі Жазира деген есім деп айтуға болады. Өйткені Жазира жағымды, жап-жақсы яғни хош иіс.
Келесі антропоним Маңкушур Ибн ал-Асира «Камил фит-тарих» еңбегінде әзірбайжан тілінде Минкичовр. Бұл есім екі компонентен тұрады men және cur. Бірінші компоненті мен «родимое пятно» menli «пятнистый», menbars «пятнистый барс» (тигр), mencur «с родимымы пятном, меченый» менімен (енсалу) деген сөз. Сонымен бұл есім мені бар адамға қояды, қазақ тілінде осы сөзбен тіркескен кісі есімдері де кездеседі. Мысалы, Менгүл, Менжан т.б.
Тарихи ескерткіштермен эпостың жырлардағы этноантропонимдердің этностық танымы мен әлеуметтік болмысына сәйкес қалыптасқанын көрсетінін лингвомәдени талдау дәлелдейді. Мысалы: Бай + бөрі, Бай + сары, немесе Сары + бай, Қара + бай, Бай + шұбар, Баршын, Қараман, Қаратау, Көкаман (Гокман).
Проф. Т.Қоңыратбаев «Қорқыт ата кітабы» мен «Күлтегін» ескерткіштеріндегі антропонимдерді салыстырып, тарихи этникалық үрдіспен сабақтастырады:



«Қорқыт ата кітабы»





«Күлтегін», «Тоныкөк»



Ақсақ

Базқаған

Аруз

Байырқы

Әмен

Бомын

Байбура бек

Бөгі қаған

Бәмсі Бейрек

Бөлен

Бану шешек

Еркін

Баяндүр

Елбілге

Бекіл

Елтеріс

Бисат

Иоллығ тегін

Бұқашық

Күлтегін

Ғафлет

Күн Сеңұн

Дирсе хан

Қапаған

Домрул

Құшы тұтық

Доқа

Мақраш

Дондаз

Сілікбек

Дуран

Тадақын шор

Дүкер

Тінесі

Дүлек Боран

Тоңра Сем

Иекенк

Түрік Білге

Екрек

Тоныкөк

Елік

Оң тұтық

Қазылық

Інел қаған

Камбура (Бамбура)

Іспе Лікең

Қан Төрәлі

Істемі

Қаңлы

Нең Сеңүн

Қара Бодақ

Удар Сеңүн

Қара Көне

Ынаншы

Қиян Селжүк

Шалшы

Қорқыт

Чаң Сеңүн

Құтлу Мелік

Чач Сеңүн

Оқшы

__________

Рүстем

__________

Салор Қазан

__________

Секрек

__________

Ораз

__________

Ұлаш

__________

Ұшан

__________

Әнкеш

__________

Жоқлы

__________

Жаланшы

__________

Жапағлы

__________

Жарташық

__________

Орхон жазбалары мен оғыз эпосының антропонимдік тұлғадағы атауларында хан, бек, қаған титулдары сол дәурдегі өмір сүрген адамдардың әлеуметтік дәрежесін көрсетеді [123, 185 б.].
Академик Р.Ғ.Сыздықтың көрсетуінше, Жалаиридің «Жами ат-тауарих» әскери-әкімшілік, саяси-әлеуметтік титулдардағы хан, султан, мырза, бек, би, баһадур, нойан, гүрген, тайшы т.б. сөздер кісі есімдерінің құрамына кіреді. Ескеркіштегі кісі есімдеріндегі компоненттері монғол, араб, парсы, қытай тілінен енген [124, 73 б.].
Мысалы, хан «мемлекет басқарушы» деген титул. Хан сөзі түрік, монғол тілінде қаған, арабша хакан. В.В.Бартольд айтуынша монғол дәуірінде қаған (каан) мен хан сөздер болған. Кейін монгол тілінде қаған сөзі жойылып хан сөзі қалды. Хан сөзінен құралған кісі аттары: Чингиз хан, Борис хан, Толуй хан, Темүр хан, Абақа хан, Қайду хан, Кабул хан, Чагатай хан, Тумина хан, Орыс хан, Үгетай хан, Буданжар хан, Кутула хан, Жочи хан, Тайан хан, Буйрук хан, Арслан хан, Меңгу хан, Ғаран хан, Меңке хан, Гүйүк хан, Кубылай хан, Абақа хан, Арғун хан, Сайын хан, Қасым хан, Жаныбек хан, Үсек хан, Йәдік хан, Қадырберді хан, Күчүм хан, Булғайыр хан, Айбақ хан, Саған хан, Ағатай хан, Есенкүл хан, Бужук хан, Йадгар хан, Мухаммед хан, Бурһан хан, Жомарт хан, Ахмед хан, Махмуд хан, Шейбақ хан.
Бек - ханнан кейінгі титул. Бек сөзінің синонимі араб тілінде эмир, ал монғол тілінде нойон. Ш.Валихановтың пікірінше, бий көне түрік сөзі бек, бей, бий нұсқаларының алғашқы мағынасы - «сот» [16, 25 б.]. Кейінен би сөзі «шешен» деген ұғымды білдірген. Ескеркіштіегі кісі есімдер бек компонентімен көрсетілген.Мысалы, Асан бек, Муса бек, Исмаил бек, Йусуф бек, Едіге бек, Мансур бек, Хасан бек, Шейдақ бек, Ағыш бек, Шак бек, Хоразми бек, Карач бек, Айтаулы бек, Тебере бек, Атбаға бек, Сабыр бек, Кадыр али бек т.б.
Келесі титул - нойан сөзінің сининимі араб тіліндегі эмир сөзі. Монгол империясында жоғарғы аристократиясына князьдар мен нойандар жатады. Чингиз ханның Толый деген кіші ұлының титулы «ұлы нойан» болған.
Нойан сөзі көбісі чингизтердің есімдеріне тіркелген: Кутукуш нойан, Майа нойан, Болгин нойан, Баурчы нойан, Баракул нойан, Кутукуш нойан, Жадай нойан, Дурбай нойан, Бургунчы нойан, Күжүгүр нойан, Мүгә нойан, Қасар нойан, Һуку нойан, Кеңкийатай нойан, Дай нойан, Алчы нойан, Хуку нойан, Майа нойан, Кәһтай нойан, Тегудар нойан, Ағул нойан, Илге нойан, Сүтү нойан, Судук нойан, Ихбал нойан, Бала нойан, Қасар нойан т.б. Қазіргі қазақ тілінде Нойан деген кісі есімі бар, ал нойан сөзімен тіркескен есімдер жоқ.
Султан бұл қазақ хандарының азамат болған. Кейбір деректерде султан сөзі ханзада деген ұгымды берген. Ескеркіштегі султан сөзбен бірге жазылған кісі есімдер: Ешім султан, Ондан султан, Шаһим султан, Руст султан, Йүнус султан, Махмуд султан, Еш султан, Жан Керей султан, Даулет султан, Жаныбек султан, Булат султан, Бөкей султан, Әдік султан, Али султан, Ахмет султа, Жанай султан, Бахтияр султан, Жафарберді султан, Ешім султан, Мухаммед султан, Жаналддин султан, Сейдкул султан, Келімберді султан, Сулум султан, Ибраһим султан, Ораз султан, Шаким султан т.б.

Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет