А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ӘОЖ



бет30/35
Дата06.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#32412
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Каепта атауына орыс тілінде тектік мағынада колланылатын ич (и) суффиксі жалғанған кезде, соңғы а дыбысы түсіп қалып бұл атау каепичи болып орыс жылнамаларында каепичи этнонимі пайда болған деп жорамалауға болады. Олай болса, половецтердің каиоба атауы жоғарыда көрсеткендей к дыбысы түсіп қалып, аиоба болып та айтылған. Осы каиоба және аиоба атауларының немесе этнонимдерінің негізінде половецтерде осы аттас есімдер пайда болған десек, сары қыпшақтардың каиоба және аиоба есімдері көне орыс тілінде каепа және аепа болып айтылған да, осыдан барып орыс жылнамаларында половецтердің Аепа және Акаепид дейтін есімдері пайда болған сияқты. Сондықтан бұл есімдердің төркіні мен мағынасы туралы А.Зайончковский, И.Добродомов, Л.Будагов, К.Гронбич және Н.Баскаковтың жоғарыдағы пікірлерімен келсе алмаймыз.
Осы топтағы Аръсланапа-Яросланапа есімінің төркіні мен мағынасын И. Добродомов пен К. Гренбич < арислан лев + ара дядя < арслан лев + ара почтительное обращение к старшим) арслан атуымен байланысты.
Басқа түркі тілдеріндегі арслан атауы қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігі мен үндестік заңына сәйкес арыстан болып айтылады. Арыстан жыртқыш аңдардың ең үлкені ірі ең күштісі екендігі белгілі. И. Добродомов пен К. Гренбич те осыған сәйкес, Арсланапа есімі - жыртқыш аңдардың ең үлкенінің арслан атауына, немесе «аға» мағынасын беретін жэне үлкенді сый-құрметпен атауда қолданылатын апа сөзінің жалғауынан пайда болған деп есептейді. Демек, Арсланапа есімінің бірінші компоненті мен жыртқыш аңдардың ең күштісіңің арслан атауы - арслан немесе арыслан атты этнос атауының, яғни этнонимнің негізі болған. Белгілі бір этнос адамдары өздері тотем тұтқан, өздерін солардан жаралғанбыз деп санайтын жануар, аң, құс немесе тау, өзен, ағаш тағы басқаларды өздерінің этностық атауына, яғни этнониміне негіз болған. Себебі адамдар, осы жан иелері мен жансыз заттарды, объектілерді өздерінің жаратушысы, желеп-жебеушісі, ал өздерін осылардың ұрпағы санаған, сондықтан да өз этнонимдеріне, тотемдеріне атау етіп берген.
Жұмыста келтірілген половец есімдерінің көпшілігі рулық отбасына біріктіретін топтық лақап атаулар мен этнонимдер негізінде пайда болғандығын дәлелдейтін деректер екені зерттеу барысында жасалған тұжырымдарға сәйкес, яғни «тотем атаулары мен антропонимдер-этнонимдер негізінде пайда болған» дейтін қорытынды жасауға әкеледі.
Арсланапа есімінің екінші компоненті апа, «ру» мағынасын білдіретін оба сөзінің этимологиялық варианты екендігі осы бөлімше барысында жасалған басқа талдауларда дәлелденген.
Осы топтағы Багубарс-Багъбарс-Бегъбарс есімінің төркіні мен мағынасы туралы И. Добродомов, Л. Будаговтің пікірін Н. Баскаков былай береді: ИД < баку холм + барс барс > барс, живущий в холмах; < бук-буг корпус, стан (ЛБ, I, 261) + афф. 3-го л. -у/-і > буг-и + барс тигр, барс (ЛБ, 1, 222) буги барс имеющий стан барса.
Біздің ойымызша, бұл пікірлердің кемшілігі олар орыс жылнамаларында орысша айтылған нұсқасын этимологиялық негізге алуында жатыр. Біздің ойымызша, бұл антропонимнің екінші компоненті - барыс «жыртқыш аң» атауы мағынасында қалыптасқан. Яғни, барс, яғни барыс – «барыс руы» немесе «тайпасы» дейтін мағынаны білдіретін компонент болып шығады. Ал бірінші компонентті Бегъбарс дейтін нұсқасындағы Бег түбірі арқылы анықтауға болады. Демек, осы тіркеске сәйкес Бегъбарс есімі «барыс руының бегі» дейтін мағынаны білдіретін антропоним болып шығады.
Половецтер тілінде «барыс руының бегі» дейтін мағынадағы барыс бегі сөз тіркесі, бегі барыс болып та айтылған. Біздің бұл пікірімізді XIII ғ. Египеттегі қыпшақ мамлюктерінің арасынан шыққан сұлтан Бейбарыс есімінің этимологиясы да дәлелдейді. Түркі тілдерінде ғ-й, г-й, к-й дыбыс сәйкестіктерінің бар екендігі белгілі [114, 364 б.]. Қыпшақтарда о баста Бегбарыс болып айтылған есім, г-й сәйкестігі бойынша Бейбарыс болып өзгерген. Бұл Бек-би мағынасын білдіретін бек немесе бег атауының этимологиялық варианты-бей екендігін дәлелдейді. Олай болса, Бейбарыс есімінің этимологиялық варианты немесе о бастағы алғашқы түпнүсқасы - Бегбарыс. Егер де XIII ғасырдағы қыпшақтарда Бейбарыс есімі болған болса, онда ХІ-ХІІ ғасырлардағы сары қыпшақтарда бұл есімнің Бегбарыс дейтін этимологиялық варианты болған. Половецтердегі осы Бегбарыс есімі, тәуелдік ұғымды білдіретін мағынада Бегібарыс болып та айтылған. Екінші жағынан Бегбарыс есімі половецтер тілінде Бегібарыс болып айтылмаған да, яғни тәуелдік ұғымды білдіретін нұсқасы болмаған да болуы мүмкін.
Орыс жылнамаларындағы Багубарс-Багъбарс-Бегъбарс есімі - сары қыпшақтар тіліндегі Бегбарыс антропонимін орыс тіліне бейімдеп айтудан пайда болған есім болуы да мүмкін, бірақ бұл мәселеде бір жағдай айқын, ол – жалпы қыпшақтарда Бейбарыс ал, половецтерде бұл есімнің Бегбарыс дейтін этимологиялық варианты болған.
Осы топқа жататын Куртък-Курътык есімінің этимологиясы туралы А. Зайончковский, И. Добродомов, К. Гронбич жэне Л. Будаговтың пікірі мынадай: АЗ: 1) < куртка старая женщина, 2) киркта сорок; ИД: 1) < коркут название печенежского племени, 2) < курт червяк + афф. уменып. формы -ик > куртик червячок; 1) < курт волк (КГ, 204; ЛБ, II, 74) + афф. уменып. формы - ик > куртик волчонок, 2) < куртик жила у барана (ЛБ, II, 75).
Көрініп тұрғанындай, Куртък-Курътык есімікің түбірі – кур, ал ток пен тык – зат есімнен туынды зат есім жасайтын лык немесе лық қосымшасының л-д, д-т сәйкестіктері бойынша пайда болған этимологиялық варианттары. Сондықтан КуртъкКурътык есімі, сары қыпшақтар тілінде тек Куртык немесе Құртық болып кана емес, сондай-ак Курлык және Құрлык болып та айтылған [115, 178 б.]. Половецтер тілінде Курлык немесе Құрлық болып айтылған есімнің түбірі – кур немесе кұр ал, осы тубірге жалғанған лык немесе лық зат есімнен туынды зат есім жасайтын қосымша. Осы жасалған тұжырымға байланысты кур-кұр түбірі, қандай мағынаны білдіреді дейтін занды сұрак туады. Көне түркі тіліңде «бөрі» мағынасын білдіретін кұрт атауының, бар екені деректелген прото-алғашкы түркі тілінде «бөрілер» дейтін көптік мағынаны т аффиксі арқылы, ал құр мен оның фонетикалык варианты – кур, «бөрі» дейтін жекелік мағынаны білдіретіндігін көрсетуге болады. Егер де құр мен кур атауы прото-түркі немесе көне түркі тілінде «бөрі» мағынасын білдірген болса, онда тотемдік сипаттағы этнонимнен жасалған антропоним деп анықтауға болады.
«Қобланды» жырдағы Қобланды жары – Құртқа. Бұл антропонимнің этномәдени, әлеуметтанымдық астары, бізінше проф. Т.Қоңыратбаевтың еңбегінде ашылады: «...ол Көктім Аймақ елінің қызы. Дәл осы тұста бұл антропонимнің этникалық сипаты да байқалады. Біріншіден, Көктім Аймақ түркімен елі. Сол елден шыққан Құртқа жылқы таниды, оның бабын да жетік біледі. Құртқа табиғатына тән бұл ерекшелікті жыр бекер қамтымаса керек. Екіншеден, Құртқа атауының Сефевилер династиясына енген түркімендер тобы «қызылбас» деп аталғаны мәлім. Қызылбастардың құрамына күрт тайпасының жекеленген тармақтары да енген. Құртқа атауын осы «күрт» этнонимінен тудыруға да негіз бар» [95, 205 б.].
Осы топтағы Тугоркан-Тугортак есімінің этимологиясы туралы И. Добродомов, В. Радлов, Л. Будаговтардың пікірі мынадай: ИД < туг-родить + афф. причастия -ар > туг-ар рожденный + тегин принц > тугар тегин рожденный принцем; 1) < тогуртак-тогуртки дятел (Р, III, 1160, 1431), 2) < тогрут-исправлять, выправлять (ЛБ, I, 747) + афф. действующего лица ак или кан > тогрут-ак-кан тот, кто исправляет, выправляет).
Осы пікірлердің ішнен И.Добродомовтың Тугоркан-Тугортак есімінің төркінін, тугар тегин сөз тіркесінен шығаруы көңілге қонымды, ттарихи этимологиялық негізі бар. Себебі түркілерде тоқылдақ-тогуртак дейтін этноним мен отбасы-рулық лақап атау болмаған болса, онда оларда тоқылдақ-тогуртак атты құс тотемі де болмаған. Түркілерде тоқылдақ-тогуртак атты құс тотемі болмауы себепті, половецтерде «тоқылдақ құс» мағынасындағы тогуртак деген кісі атауы болмаған дейтін тұжырым жасай аламыз. Дегенмен, Тугоркан-Тугортак есімінің этимологиясын анықтауға жәрдем беретін пікірді, жаңа мәліметті Ө. Панзарбеков пен Б. Алтаевтардың аталмыш еңбегінен табуға болады.
Бұл зерттеушілердің дәлелдеуі бойынша, алғашқы түркілер-хундардың алғашқы шаньюйі Модэнің әкесінің қытай жылнамаларындағы Туман атауының алғашқы нұсқасы, яғни архетипі-Тобан болған, Тобанның мағынасы – «төбе би», яғни билік дәрежесі төбедей ғана биік болған, б.д.д. 209 жылы экесін өлтіріп, бір жылдай Тобан аталған Модэ, 208 жылы шығысындағы дунху-татарлар мен батысындағы юеши-ушилерді қирата жеңгеннен кейін, өз дәрежесін Тобаннан да биік, жоғары санаған. Осы себепті, бұл лауазымды реформалап, Тобан атауындағы басқы буын то-ны, таг күйінде дыбыстап, оған: «кең», «ауқымды», «көлемді», «биік» көптік мағыналарын беретін ур жалғауын қосарлап, өзін тогур деп жариялаған Модэні, оның талабы бойынша тау басындағы ақ киізге көтеріп, тау сұлбасына ұқсата биік етіп жасалған орындыққа отырғызған. Осы тарихи оқиғадан кейін хун қоғамында тогур атақ-дәрежесі ал, қытай жылнамаларында осы тогурдың шаньюй дейтін калькасы, яғни қытай тіліндегі мағыналық баламасы, сөзбе-сөз аудармасы пайда болған [116, 105 б.]. Олардың пікірінше Тобан лауазымын реформалаудан тогур-шаньюй, баг-бег, хан немесе қаған секілді үш атақ-дәрежесі дүниеге келген. Тау сұлбасына ұқсата арнайы жасалған таг, қазақша тақ атты ең биік орындыққа Модэ шаньюй отырған, таққа отыру деген түсінік б.д.д. 208 ж. Модэнің осы орындыққа отыруына байланысты пайда болған, бүдан пәстеу орындыққа Хуннулардың ханы ал, одан да пәстеу орындыққа Сюньюйлардың бегі отырған, осылайша хун қоғамында баспалдақ сатылы дәрежедегі орындықтар пайда болған, бұл орындықтарды жалпы бір атаумен тогур, қазақша тұғыр деп атаған. Тұғырға көтерілу деген түсінік, хун қоғамында орын алған осы тарихи оқиғаларға байланысты пайда болған, тұғырға көтерілу-таудай биікке, жеңістің биігіне көтерілу деген мағынаны білдірген.

Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет