А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ӘОЖ



бет31/35
Дата06.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#32412
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Тогур-шаньюй атақ-дәрежесі, өз мағынасында түркілер арасында сақталып қалмағанымен Тугорхан Зиеевич, Тогорил, Тогрул, Ертогрул сияқты кісі есімдері және шәнию, шәниіп отыру секілді етістіктер түрінде сақталған. Осы дәлелдеуіне сүйне отырып, Тугоркан-Тугортак есімінің алғашқы нұсқасы Тугоркан антропонимінің бірінші компоненті Тугор-Тогур атақ-дәрежесінің ал, екінші компоненті кан-хан атақ-дәрежесінің фонетикалық варианттары дейтін қорытынды жасай аламыз.
Осы топқа жататын Алак есімінің этимологиясы туралы Л. Будаговтың пікірі мынандай: 1) < илак-илаг-улак маленькая лошадь, козленок, только что родившийся (ЛБ, 1, 152) 2) < олак неискусный, ненаходчивый (ЛБ, 1, 152,)
Әрине, жаңа туылған нәрестеге икемсіз, орашолақ, болымсыз мағыналарын білдіретін олақ сөзін есім етіп беру, сондай-ақ ер адамның осындай болуы, осындай икемсіз, болымсыз адамның тарих көшіне тіркелуі ақылға қонымсыз, бұлай болуы мүмкін емес. Олай болса, Алак есімінің төркінін «кішігірім ат», «жаңа ғана туылған лақ» мағыналарын білдіретін илак-илаг-улак атауынан шығаратын Л. Будаговтың пікірі шындыққа жақын келеді.
Осы топқа жататын Сокал-Искал есімінің төркіні туралы И. Березин мен И. Добродомов жэне Н. Баскаковтардың пікірлері мынадай: ИБ, ИД < сакал борода; < йуксал возвышайся (ЛБ, II, 380). [117, 140 б.].
Осы себепті, Сокал-Искал есімінің төркінін, түркі этнонимдерінің жүйесінен іздеу керек. Тарихшы түркітанушы Ө. Панзарбектің көрсетуінше, VII ғасырдың ортасында Іле өзені алқабының жоғарғы бөлігіндегі қытайша Ву-лоу аталған әскери округты түргештердің согэ мохэ атты тайпасы мекендеген.
Қытайлық согэ мохэ этнонимінің түркілік транскрипциясы сакал бака, ал сакал бака этнонимі түркі тілдеріндегі с-ш-ж, к-г-ғ және и-к сәйкестіктері бойынша жағал баиа болып айтылған. Жағал баиа атауының екінші компоненті баиа сөзіне есімдерден сын есім тудыратын лы жұрнағының жалғануынан жағал баиалы немесе баилы этнонимі пайда болған. Оның дәлелдеуі бойынша, қазақтың Кіші жүзінің жетіру тармағына кіретін жағалбайлы руы - сары түргештердің ұрпақтары.
Көрініп түрғанындай, половецтердегі Сокал есімінің фонетикалық варианты – сакал, сары түргештердің сакал бака, яғни жағалбайлы руы атауының бірінші компоненті – сакал болып шықты. Олай болса, Сокал-Искал есімі, половец қыпшақтарды құраған рулар бірлестігінің бірі - Етебичи, яғни жетіру бірлестігіне кіретін сакал бака - жағалбайлы руы атауының бірінші компоненті сакал атауының негізінде пайда болған. Егер де аталмыш есім, Етебичи-жетіру бірлестігіне кіретін сакал бака - жағалбайлы руы атауының бірінші компоненті сакал атауының негізінде пайда болған болса, онда орыс жылнамаларындағы Етебичи, Иета атты рулар бірлестігі-қазақтың Кіші жүзінің жетіру тармағы. Мұндай тұжырым жасауымыздың себебі, половецтердегі Сокал есімінің пайда болуына негіз болған жағалбайлы этнонимін иемденуші ру қазақтың Кіші жүзінің жетіру тармағына кіреді.
Мұндай қорытынды жасауда біз, жалғыз емеспіз. Бізге дейін X.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров, С. Ақынжанов секілді тарихшы ғалымдар Етебичи мен Иета, Кіші жүздің бір тармағы жетіру бірлестігі болса керек дейтін болжам жасаған. Половецтердегі Сокал есімінің этимологиясына жасалған талдау нәтижесінде аталмыш ғалымдардың бұл болжамы, дәлелденіп отыр.
Осы топқа жататын Сърчан-Сырчан есімінің төркінің Н.А.Баскаков «сары» түсімен байланыстырады. Түркі тілдеріндегі ч-т сәйкестігі бойынша сырчан атауы, сыртан ал, екпін т дыбысына түсірліп айтылған кезде сырттан болып өзерген. М.Қашқаридің «Түрік сөздігі»-нде сырттан-арлан бөрі, яғни көкжал бөрі [118, 458 б.], ал В.В.Радлов еңбегінде «қорқау қасқыр» мағынасында берілсе қазақ тілінде: «тегі жақсы, қырағы, алғыр» (ит, қасқыр) (ҚТТС,8т,506). Көрініп тұрғандай, сырттан мейлі «көкжал», мейлі «қорқау», болсын әйтеуір бөрі тұқымына жатады екен. Олай болса, сырттанның этимологиялық варианты сырчан атауы да «бөрі» мағынасын білдірген. Жасалған осы тұжырым негізінде сырчан сыр және чан дейтін екі компоненттен құралған дей аламыз. Түркі тіліндегі а-ә сәйкестігі бойынша бірінші компонент сыр, сар болып та айтылған. Осы сар архетипі сары қыпшақтар атауында және қазіргі қазақ тілінде сары болып айтылып, түсті білдірген атауға айналған.
Половецтер мен қазақ тілінде -р дыбысына эпитезасы қосарлана айтылып, бұл дыбыс ры болып дыбысталған. Екінші компонент чан оның чан-чон-чин этимологиялық варианттары бар. Ал, чон мен чин монғол тілінде «бөрі » мағынасын білдіретін чоно және чино атауларының түбірлері. Егер де чон мен чин «бөрі» мағынасын білдіретін атаулардың түбрлері болса, онда осы морфемалардың этимологиялық варианты чан да осындай мағынаны білдіретін атаудың түбірі болып табылады. Басқаша айтқанда, чан-чон-чин «қасқыр» мағынасын білдіретін морфемалар. Сырчан-Сарчан есімнің этимологиясына жасалған талдауды қорыта келгенде, бірінші компонент сыр-сар, атаунан шыққан сары қыпшақтарды, ал екінші компонент чан морфемасынан «бөрі» тотемді ашиналарлды көруге болады. Сонда Сырчан Сарчан, сары қыпшақтар мен ашиналардың бірігіп, половец қыпшақтарға айналғандығын білдіретін, бейнелейтін есім болып шығады. Сырчан есімінің фонетикалық варипнты сары бөрі, ал этимологиялық варианты - сырттан «көкжал бөрі» немесе «қорқау қасқыр» мағынасын білдірген.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде сырттан тірі жан иесінің күштілігін, мықтылығын, тегтілігін, алғырлығын білдіретін сын есім ретінде берілген. Сырттан атауының мұндай мағынасы кейін пайда болған, ауыспалы екінші мағына б.д. 552 жылынан кейін түрік деген атауымен тарих аренасына шыққан ашиналардың бұл атауы «күшті» «мықты» дейтін мағына білдірген. Осындай мағынаны білдіретін түрк терминімен аталған ашиналар, «бөрі» тотемді болғандықтан бұлардың көкжал бөрі мағынасындағы сырттан атауы «күшті», «мықты», «текті», «алғыр» мағыналарын білдіретін болған. Басқаша айтқанда, ашиналар мен «көк бөрі» аталған ашинадардың күштілігі, мықтылығы, тегтілігі, алғырлығы олардың сырттан атауының екінші, ауыспалы мағынасына айналған.
Осы топқа жататын Емяк есімінің төркіні туралы А.Зайончковский мен Н.Баскаковтың пікірі мынандай: АЗ <название племени кыпчаков 1)<Иемек имак ласковый (Р,І,1403) 2)<емек забота, попечение (ЛБ,I ,93)
Біздің пікірімізше, Емяк есімін қыпшақтардың Йемек тайпасының атауымен шендестірген А.Зайончковскийдің пікірі дұрыс. Иемек этнонимдегі бастапқы й сынары кимек немесе иемектер тіліндегі протеза. Тілдерінде й протезасы жоқ этностар, Иемек этнонимін айтқан кезде, й сынары редукцияланып бұл атау емек болып айтылған. Осы емек атауның негізінде половецтерде Емек есімі пайда болған Половецтердің Емек есімі, көне орыс тілінң ерекшелігіне сәйкес бейімделе айтылған кезде Емяк болып өзгерген. Осыдан барып орыс жылнамаларында половецтердің Емяк есімі пайда болған.
Половецтердің деректеріне қатысты Куранбас атты әскербасының есімі келтіріледі. Куранбас есімі, р-л сәйкестігі бойынша Куланбас ал, р-н сәйкестігі бойынша Кунанбас болып айтылған. Куланбас көне қыпшақ және қазіргі қазақ тілінде Құланбас болып айтылған. Қыпшақ тайпасының шежіресі бойынша мүйізді сары абыздан құлан қыпшақ тарайды. Осы құлан этнонимнің негізінде р-л сәйкестігі бойынша ортағасыр қыпшақтарында тарихи Қырын, ал көне қыпшақ тілінің мұрагері қазіргі қазақтарда Құлан, Құланбай, Құланбек есімдері пайда болған. Р-л сәйкестігі бойынша құлан этнонимнің негізінле ортағасыр қыпшақтарында сондай-ақ Қыранбас және Құлана есімдер дүниеге келген. Половецтердің Қыранбас есмі, орыс тілінде Куранбас болып айтылған [119, 458 б.].
Cонымен, ХІ ХІІІ ғасырларда шығыста Алтай мен батыста Қарпат тауларының аралығындағы далалық Евразияны алып жатқан қыпшақтар жерінің батысын, орыс жылнамашыларының «Половец - даласы» ал, Еділ мен Ертіс өзендерінің аралығында шығыстын, парсы авторларының «Дешті Қыпшақ» деп аталғандығы белгілі. Қыпшақтанушы ғалымдар, ортағасыр қыпшақтары жерінің «Половец даласын» - Батыс Дешті Қыпшақ ал, Еділ мен Ертіс аралығында даланы - Шығыс Дешті қышақ деп атайды [93, 24 б.]. Қыпшақтар жерін, қыпшақтанушылардың осылайша екіге бөлуі бойынша біз қазіргі Қазақстандағы мекендеген қыпшақтардың есімдерін Шығыс Дешті Қыпшақ антропонимдері деп атадық. Шығыс Дешті Қыпшақты негізінен қара қыпшақтар мекендегендіктен бұл есімдерді қара қыпшақ антропонимдері деп те атауға да болады. Шығы Дешті Қыпшақ антропонимдері диахрондық әлеуметтік лингвистиканың зерттеу объектісі болып табылатындықтан әлеуметтік және демографиялық мағұлматтар алудың дерек көзі ретінде ортағасыр қыпшақтарытуралы жазылған тарихи этнологиялық зерттеулерді пайдаланамыз.
Егер де половец-куман есімдері туралы мәліметтер, половецтер туралы жазылған зерттеулерден алынса, Шығыс Дешті Қыпшақ антропонимдері туралы мәліметтерді қазақ халқының «Қобланды батыр» (Тоқтарбай, Қобланды, Құртқа, Көбікті, Бершімбай, Қарлыға, Көклен, Қарамал т.б.) жыры мен қыпшақ тайпасының шежіресінен және ортағасыр қыпшақтары туралы жазылған тарихи этнологиялық зерттеулерден аламыз.
Сонымен, кез келген қоғамды этностардан құрайтындығы ал, этнос - дегеніміз әлеуметтануда әлеуметтік топ, яғни социум болып табылатындығы белгілі. Ортағасыр қыпшақтары қоғамдарын қандай этностар немесе әлеуметтік топтар құрағандығын тарихшылардың, этнологтардың, қыпшақтанушылардың еңбектерінен білуге болады. Шығыс Дешті Қыпшақ есімдерін диахрондық әлеуметтік лингвистика тұрғысында зерттеу үшін керекті әлеуметтік және демографиялық мәліметтерді белгілі қазақ тарихшысы С.М.Ақынжановтың «Кыпчаки в истории средневекового Казахстана» атты монографиясынан және төрт томдық Қазақстан тарихының І томынан алдық.



Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет