А. байтұрсынов ұлттық Ғылым тілін жасаушы абдирасилова А. Қ. Жортушинова А.Қ



Дата15.09.2017
өлшемі54,68 Kb.
#32886
А. БАЙТҰРСЫНОВ - ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ ТІЛІН ЖАСАУШЫ
Абдирасилова А. Қ. Жортушинова А.Қ.

Аға оқытушы, педагогика магистрі

ҚазТБУ, Астана қ.
Резюме: Национальная наука - служение родному народу с целью возвышения его до высот высокоразвитой цивилизации

Summary: National science is service to the native people with the purpose of rise of him to the heights of highly developed civilization
Ұлттық ғылым дегеніміз - ұлтқа қызмет ететін, оны өркениет жолымен таным шыңына жетелейтін, ұлттық болмысты жарқыратып көрсететін, ұлттық санаға жарық отын жағатын рухани қару. Ұлттық ғылым жасаудың алғашқы үлгісі ғалымның «Әдебиет танытқышынан» көрініс береді. Оның бірінші бетіндегі 28 жолдан сәл ғана асатын «аңдату» тақырыпшасының мазмұнына тоқталып көрелік. Онда аз сөзбен жалпы өнерге, оның қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысына ауқымды түсінік берген [1]. Мұнда талдау (анализ), өру (синтез), индукция (жалпылау), дедукция (жалқылау) әдістері кеңінен қолданылған. Баяндау тәсілінде қисындылық, ұласпалылық, жалғастық, өзара тығыз байланыстылық көзге ұрып тұр. Зерттеу нысанасы тинақты жүйе ретінде алынып, оның әуелдері (элементтері) арасындағы табиғи байланыстың сыры айқындалып, дүние бүтінделе түскен. Қазақ ұлтына тән ауқымды дүниетанымдық көзқарас негізінде қиыстырылған өнер талғамы, өнер таптастыруы ұлттық болмысқа сүйенеді. Сөз өнерінің ғылыми тіл қисыны, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді. Ғылым түзетін ұғым атаулары айқындалып, оларға нақты түсінік беріледі. Ұғымдық мағына мен атау сәйкестігі жоғары деңгейде қалыптасқан. Сонымен ұлттық ғылым жасаушы ұғымын толық анықтау үшін, ғылым жасалғандығын көрсетсек жеткілікті, ал ұлттық атауына оның ұлт тілінде өрілгендігі дәлел. Ғылым жасалғандығы жалпы өнердің қомақты бір саласының бүге-шігесіне дейін талданып, жеке құрылымдық жүйе ретінде танылғандығынан, оның құрамды бөліктерінің деңгейлік таным сатыларына сәйкестендіріліп, анықталғандығынан, олардың өзара ішкі байланыстары және сыртқы өнерге қатысты байланыстарының айқындалғанынан көрініс береді [2].

Ахмет – назариал (теоретик) ғалым. Ахмет Байтұрсынов әдебиеттану, тілтану назарияларын жасады. Ғалым еңбектерінің негізінде ұлттық тіл білімі толық жүйеге келтіріліп, оның кірісі мен шығысы, ішкі құбылыстары мен заңдылықтарының сыры ашылып, жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты. Ғалым теориясы жалпы таным теориясы, даму теориясымен ұштасып жатыр. Таным теориясы тұрғысынан алғанда ұлттық тіл жүйесі элементтері толық анықталып, олардың өзара байланысы, даму заңдылықтары, ұлттық ерекшеліктері нақты көрініс берген. [3].

Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда ұлтымыздың ұлағат алар ұлы тұлғаларының бірі - А.Байтұрсыновты атамай өте алмаймыз. Оның себебі- ұлттық ғылыми терминологияны қалыптастырудың ғалым еңбектерінен басталатындығында.

Салалық терминологияның қалыптасуы - белгілі бір арнаулы саланы құрайтын ұғымдар жүйесінің тілде таңбалануы болып табылады. Нақты бір ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен тығыз байланысты. А.Байтұрсынұлы ұсынған терминдері ең алдымен мектеп оқулықтарынан бастау алуы дәлелдеуді қажет етпейді. Өйткені белгілі бір тілдік құбылысты балаға игерту үшін оның өзіне тән атауы болуы заңды. Сондықтан ғалым термин, атау жасау мәселесіне үлкен ыждағаттылықпен қарағаны түсінікті. Ғалымның айрықша атап айтатын еңбегі терминжасамның тәсілдері мен жолдарын анықтап бергені. Ең алдымен термин жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндіктерін пайдалануды мақсат етті. Ғалым термин жасауда «ұғым»-ды атау керектігін білген. Сондықтан термин болатын сөз алдымен сол «ұғымды» дұрыс айтатын болуы шарт. Ахмет бұл ұстанымды қатаң ұстанды. Тіл табиғатын танытуға қажетті белгілі бір терминге басқа сөз емес, нақ осы сөзді ұсынып отырғанын көбінесе түсіндіріп кетеді. Мысалы, үстеу «үстеулер сөздің мағынасын үстейді», «одағай, оңаша одағай айтылады», «сын есім заттың сынын көрсетеді» т.б. Мысалы етістік термині ешбір түркі тілінде де, қазақ тілінде де нақты мағына беретін жеке сөз болған емес, мүлде соны, әрі жасанды тұлға. Ғалым «еткен-етпеген істі білдіретін» сөз болғандықтан етістік деп мүлде жаңа тұлға ұсынған [4].

Терминдер жүйесін күрделі сөздер де құрайтыны белгілі. Осыған орай ғалым тіркес болып келетін терминдердің анықтаушы, айырушы, толықтырушы компоненттерін таңдауда да ғалым «ұғымды атау» ұстанымын қатаң ұстанған. Терминдік мәндегі күрделі атауларды ұсынуда тек ұғым дәлдігін ғана көздеп қоймай, сипаттама компоненттің әсерлі, үнді, тұлғалас сөздер болып келуіне де қатты назар аударған. Мысалы, тысқарғы жалғау, ішкергі жалғау, жалқы есім, жалпы есім, т.б.терминдердің алдыңғы сипаттама бөліктері тұлға жағынан біркелкі, яғни бір жұрнақпен жасалған немесе ұйқас сөздер болып келеді. Сонымен қорыта келгенде, А.Байтұрсынов қазақ тіл білімінің терминдерін ХХ ғасырдың 10 жылдарынан бастап дүниеге әкелді. Қазақ лингвистикасы терминологиясының пайда болуы және қалыптасуы оқу-ағарту ісінің жандануына, яғни ұлттық мектептердің ашылуына тікелей байланысты. А.Байтұрсынұлы қазақ терминологиясының тұңғыш ғылыми ұстанымдарын жасады.

А.Байтұрсынұлының осы еңбектері туралы Т.Шонанов былай дейді. «Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. А.Байтұрсынұлы сондай адам. А.Байтұрсынұлы мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз беріле қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсатынан тапқан жан. Болашақ ұрпақты молдалардың дүмше дым білместігінен, миссионерлердің жаңашылдығынан құтқару үшін Ахаң жалғыз күресті. Бұл жолда ол жалғыз да алғашқы ағартушы болды. Оның жаңа қазақ алфавиті іс жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі болатын. Сондықтан да Ахметтің жаңа алфавиті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркениетімізге зор пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тілдің таза сақталуына мүмкіндік туғызды»

Түрколог А.Н.Кононов. А.Байтұрсынұлын отандық түркологтардың қатарында көрсетеді де, оны « жетілдірген қазақ алфавитін жасаушы,, қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксисін зерттеп, оқулықтарын түзетуші, қазақ әдебиеті мен мәдениеті, тарихын зерттеуші» деп бағалады. Ғалымдар Р.Сыздықова мен Т.Қордабаев та өз еңбектерінде А.Байтұрсынұлының тіл біліміне сіңірген еңбегін ол ақталғанға дейін-ақ тұспалдап болса да, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған [6].

Сонымен терең ойлы, оқымысты ғалым, ұлы ұстаз, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесін жинақтай келе:

- қазақ тілін ғылыми негізде, өз дәуірі тіл білімінің теория мен практикалық жетістіктерін қамти отырып, үлкен ғылым саласы ретінде алдымен ұлтымызға, одан қала берді бүкіл әлемге өз тілімізде танытты;

- қазақ алфавитін, емлесін жеңілдету және реттеу үшін реформа жасады;

- қазақ тілінің негізін құрайтын басты салаларды қамтып, оның ішінде – дыбыстық жүйесін, морфологиясы мен синтаксисін өз тілімізде алғаш рет сипаттай отырып, көптеген теориялық мәселелердің басын ашып, терең де зерделі тұжырымдар айтты;

- грамматикалық, жалпы тілдік категориялар мен құбылыстарды сөз еткенде, сол ұғым- түсініктерді арнайы қазақша терминдермен атап, анықтамаларын берді;

- Орта ғасырлық дәуірде түркі тілдері араб тіл білімі дәстүрінің негізінде сипатталса, 18-19- ғасырлардан бастап көбінесе Еуропа тіл біліміне қатысты жәйттерді қазақ тілінің өз табиғатынан туындайтын заңдылық, ерекшеліктерге сүйене отырып, баян етті;

- қазақ тілінің теориялық, практикалық негіздерін оқыту мәселелерін көтеріп, оқулықтар, әдістемелік құралдар жасады. Тіл қисынының жүйесін жасап, сөз, тіл мәдениеті деп аталатын үлкен саланың негізін қалады.


Әдебиеттер:

  1. Сыздықова Р., А.Байтұрсынов және қазақ тіл білімі.- Мақала. Кіт.: Ұлттық рухтың ұлы тілі, 1999

  2. Ш.Құрманбайұлы. Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының ролі.- Мақала. Кіт.: Ұлттық рухтың ұлы тіні, 1999

  3. Ш. Біләлов. Ахметтануға кіріспе. Кіт.; Ұлттық рухтың ұлы тілі, 1999

  4. К.Құсайынов. А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы. Мақала. Кіт.: Мемлекеттік тіл: Бүгіні мен болашағы, 1998

  5. Сыздықова Р. Ахметтану: Бүгіні мен болашағы //Қазақ әдебиеті, 12 қараша, 1993 жыл.

  6. Қайдаров Ә., Сыздықова Р. Сан қилы саңлақ дарын// Егемен Қазақстан, 4 қаңтар, 1989 жыл

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет