А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет117/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

жарапазан. 
Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ора-
за уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, 
жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап бола-
ды деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы 
шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп 
етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен 
адамдар болады. Жарапазан айтатын екеу болып жүріп айтады. 
Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады. 
М ы с а л д а р:
Айтушы:
Байлар, жатырмысың, ұйқылы-ояу, 
Тұсыңа Қыдыр келді атты-жаяу. 
Мұхаммет үмбетіне жарапазан!
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан! 
Алла, Құдай биі рамазан!
Айтушы
:
Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана, 
Жеңешем ішіндегі аппақ қана 
Береді бізге орамал сақтап қана; 
Біз барамыз үйімізге мақтап қана. 
Мұхаммет үмбетіне жарапазан.
Қостаушы
:
Жарапазан, жарапазан! 
Алла, Құдай биі рамазан!
Айтушы
:
Қой ішінде екі қошқар теңеседі; 
Бай, бәйбіше екеуі кеңеседі. 


298
Бай айтар: «Саулық берсек кетер еді», 
Бәйбіше айтар: «Жаулық берсек кетер еді», 
Мұхаммет үмбетіне жарапазан.
Қостаушы
:
Жарапазан, жарапазан! 
Алла, Құдай биі рамазан!
Айтушы
:
Жарапазан айтқанның сауабы бар, 
Отыз күн оразаға жауабы бар, 
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар? 
Боз шұбар астымдағы шу, жануар, 
Мұхаммет үмбетіне жарапазан!
Қостаушы
:
Жарапазан, жарапазан! 
Алла, Құдай биі рамазан!
Бата.
Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны 
ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар – басы бар табақты 
тартуға алып келгенде, асты жеп болғанда да бата қылады. 
Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі. 
М ы с а л д а р:
1. Құдай, оңда! 
Оңға баста! 
Абиыр бер! 
Аман сақта!
2. Құдайым жарылқасын, бай қылсын; 
Төрт түлігін-сай қылсын! 
Кетпес дәулет берсін! 
Кең пейіл берсін! 
3. Құдайым оңдасын! 
Оңдағанның белгісі 
Мың саулығың қоздасын! 
Сексен інген боталап, 


299
Сегіз келін қомдасын! 
Тіленшінің биесін берсін! 
Үйсін, Қоңырат түйесін берсін!
Бүткіл аруақтарға тие берсін! 
* * *
4. Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа. 
Бөденедей жорғалап, 
Қырғауылдай қорғалап, 
Қыдыр келсін қасыңа. 
Сенен байлық өтпесін. 
Тәңірі берген несібең 
Тепкілесе, кетпесін. 
Желіңнің екі шетіне 
Тай шаптырса жетпесін. 
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып, маңырасқан 
Қошақанның анасы 
Саулық бассын үйіңді!
Бақайлары сыртылдап, 
Мүйіздері жылтылдап, 
Бұзаулардың анасы 
Сиыр бассын үйіңді! 
Шудаларын шаң басқан, 
Артқы өркешін қом басқан, 
Ботақанның анасы 
Інген бассын үйіңді! 
Шіңгір-шіңгір кісінескен, 
Құлыншақтың анасы
Бие бассын үйіңді.
(Ғұрып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 
120, 126-ыншы нөмірлерінен қара).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет