171
сияқты лебіздерде сары, шалқар, самал, алалы, ақты, әділ де-
ген айқындау болады. Бұл айқындау көркейту үшін айтылып
отырған айқындаулар. Асан Қайғы, Ер Тарғын, Қара Қыпшақ
Қобыланды, Қаз дауысты Қазыбек, Бұғабай басшы, Орынбай
ақын деген лебіздерде қайғы, ер, қара қыпшақ,
қаз дауысты,
шешен, ақын деген сөздер лақаптау үшін айтылып тұр.
Көркейте айқындау ақындар сөзінде көп келеді.
Мысалдар:
1. Ақ таудай аққан ақ бұлақ,
Айдынға құяр аққан су.
Алалы жылқы, ақты қой
Аңдыған бөрі кірмес пе?!
Иесі ұйықтап жатқан соң.
Алтын тақты әділ хан
Адасқан аққу халықтан соң.
(Байтоқ ақын)
2. Біз
кеттік абайсызда елден шығып,
Жол тарттық құба шыңға Жемнен шығып.
Тамызда қызыл мұнар астық шөлге,
Қаз қонған баттауықты көлден шығып.
(Сүгір ақын)
4. Ақтөбе мен Қорғаншы
Асан Қайғы бабаның
Қызыл тастан үй салып,
Әңгіме құрып кеткен жер.
(Мұрат ақын)
5.
Байлауда қалған ақ сұңқар
Бұрынғыдай бола алмас.
Көлден үйрек ала алмас
.............................................
Балдағы алтын ақ болат,
Енді белге ілінбес,
Ерлігім жауға білінбес.
172
Оза
шауып олжа алған,
Таласты жерде жолды алған.
Жасанған жауға қол салған,
Қарт қожақ деген ер едім.
Алла тізгін оңдаса,
Көк сүңгіні салармын.
Балдағы алтын ақ берен
Қызыл қанға малармын.
(«Ер Тарғын»)
Достарыңызбен бөлісу: