А. Д. Нурахова, Л. Т. Ералиева клиникалық лабараториялық диагностика бойынша ұлттық Әдістеме



бет215/395
Дата13.09.2020
өлшемі1,76 Mb.
#78486
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   395
Байланысты:
КДЛ бойынша ұлттық әдістеме
Балаға жүрек жылуы, оценка кпп, пропед тесттттттттт, Жоба әдістемесінің ерекшеліктері, 1-апта
Бруцеллёз

Бруцеллёз (brucellosis; синонимі: толқынды қызба, мальталық қызба, мелитококция, Брюс ауруы, Банга ауруы) -, қызбамен жүретін, ретикуло-эндотелийді зақымданйтын, тірек-қимыл жүйесін, жүрек-қан тамырларды, жүйке және басқа да жүйелерді зақымдаумен жүретін жұқпалы-аллергиялық ауру.

Бруцелла - бұл сфералық, овоидті немесе таяқша тәріздес (мөлшері 0,3-2,5 мкм) кішкентай микроорганизмдер;спора түзбейді, грам-теріс, факультативті, жасушааралық патогенді, көптеген жануарлар мен адамдарда ауру тудырады.

Бруцелла түріне 7 түр кіреді: B. abortus, B. suis, B. melitensis B. neotomae, B. ovis, B. canis, сондай-ақ, жаңа түр - B.maris , олардың биохимиялық, метаболикалық, антигендік және вируленттілік сипаттамаларымен ерекшеленеді. Адам патологиясында ұсақ малда болатын қызыл бруцеллез, Brucella melitensis қоздырғышы маңызды, себебі жиі ауыр ағыммен өтеді. Бруцеллездің басқа түрлерінен туындаған бруцеллездің түлері ірі кара мал (B. abortus) және шошқалар (B. suis) – бұалар көбінесе жеңіл ағыммен өтеді.

Бруцелланың кіру қақпасынан (шырышты қабықтар, тері) лимфа тамырлары арқылы аймақтық лимфалық түйіндерге еніп, көбейеді, сосын қан арқылы - бактериемия мен токсемия дамиды. Қандағы қоздырғыштар сүйек кемігіне, бауыр, көкбауырға және басқа ағзаларға енеді, бұл метастатикалық ошақтарды құрайды.

Иммунитет тұрақсыз, қайтадан ауыруы мүмкін.

Жедел бруцеллез, жедел қайталанатын, созылмалы белсенді және белсенді емес, бұрынғы бруцеллездің (қалдық бруцеллез) әсерлері бар.

Инкубациялық кезеңінің ұзақтығы - 1-3 апта, кейде бірнеше ай. Аурудың басталуы жиі біртіндеп жүреді. Қызбамен жүреді (температурасы 39-40 ° дейін). Оның ұзақтығы 3-7 күн немесе одан көп.

Бруцеллезді диагностикалау кезінде алынған клиникалық және эпидемиологиялық деректерді зертханалық деңгейде расталуы тиіс. Ол үшін бактериологиялық және серологиялық әдістер қолданылады. Жедел бруцеллез кезінде пациенттердің 10-30% -ында (62-90% жағдайда патоген Brucella melitensis болса, Brucella abortus кезде 5-15%) оң гемокультуралық тест алынады. Жұлын сұйықтықтың культурасы менингитпен ауыратындардың 45% -ында оң. Қанға, сүйек кемігіне, зәрге себінді жасағанда бруцелла 5-10 күнде, ал кейбір жағдайларда 20-30 күнде алуға болады. Осыған байланысты бруцеллезге серологиялық әдістерді диагностикалау үшін кеңінен қолданылады.

Егер рецидивтер орын алса, зертханалық зерттеулер (Райта, Хедделсона реакцияларын, жалпы қан анализін), сағаттық термометрия орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   395




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет