Клиникалық көрсеткіштер бойынша кеңейтілген антибиотикограмма (Susceptibility Testing, Aerobik Bacteria (enlarged) - бөлінген, этиологиялық маңызы бар микроорганизмдердің айқаспалы немесе ассоциацияланған резистенттілігі жағдайында антибиотикке сезімталдықты қою.
Антибиотикограмма алдын ала қолданылған микробқа қарсы препараттарды (АМП), бағыттаушы бланкіде көрсетілген есепке ала отырып немесе материалды зерттеуге жіберетін дәрігердің нұсқауы бойынша анықталады.
17.2 Жеке микробиология
Биоматериалды микроскопиялық әдіспен зерттеу
Боялған нативті жағындыны микроскопиялық зерттеу – бактериоскопия (Grams Stain. Bacterioscopic examination of different smears (vaginal, cervical, urethral, sputum, wound, etc.)- граммен боялған препаратты микроскопиялық зерттеу әдісі.
Талдауды тағайындау көрсеткіштері:
1.Несеп-жыныс жолдарының, өкпенің, мүшелердің, көздің (гонокококк инфекциясына күдіктенген кезде), терінің, жұмсақ тіндердің және т. б. түрлі іріңді-қабыну ауруларын диагностикалау кезінде скринингтік тексеру;
2. Жүкті әйелдерді тексеру;
3. Кәсіптік тексеру кезінде көрсеткіштер бойынша тексеру;
4. Бактериялық вагиноздың диагностикасы;
5. Анаэробты инфекцияға қосымша зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |