А. Д. Нурахова, Л. Т. Ералиева клиникалық лабараториялық диагностика бойынша ұлттық Әдістеме



бет193/395
Дата13.09.2020
өлшемі1,76 Mb.
#78486
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   395
Байланысты:
КДЛ бойынша ұлттық әдістеме

Антибиотикограмма: ЦЕФОТАКСИМ, хлорамфеникол, ампициллин, ко-тримоксазол, ципрофлоксацин, цефтриаксон, норфлоксацин, офлоксацин препараттарға ЖІИ қоздырғыштарының антибиотикорезистенттілігі бойынша ұсынымдарды ескере отырып, диско-диффузиялық әдіспен қойылады.

Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау (Stool Culture, Yersinia enterocolitica. Bacteria Identification and Susceptibility)

Ішек иерсиниозының қоздырғыштарын анықтау және сәйкестендіру мақсатында нәжісті бактериологиялық зерттеу әдісі және оның антибактериалды препараттарға сезімталдығын анықтау.

Талдауды тағайындау көрсеткіштері:

1. Іштегі ауыр энтериттер және жоғары температура;

2. Мезентериалды лимфаденит;

3. Жалған аппендицит;

4. Висцералды абсцесстер (бауыр, көкбауыр).

Зерттеуге дайындық: зерттеу Бактерияға қарсы препараттарды қабылдағанға дейін жүргізіледі.

Зерттелетін материал: нәжіс (шырыш пен қан қоспасы бар учаскелер неғұрлым ақпараттандырылған). 20-25°С кезінде контейнерде нативтік материалды 2-3 сағаттан артық емес сақтау.

Орындау мерзімі: 5-7 жұмыс күні.

Нәтижесі: иерсиниоз қоздырғышының болмауы немесе болуы және оның микробқа қарсы препараттарға сезімталдығы туралы ақпарат беріледі.

Нәтиже интерпретациясы: иерсиния энтероколитика абсолютті патоген болып табылады. Материалда қоздырғыштың болуы ішек жұқпасының пайда болуының этиологиялық рөлін білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   395




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет