А. Д. Нурахова, Л. Т. Ералиева клиникалық лабараториялық диагностика бойынша ұлттық Әдістеме


"Табылған жоқ" нәтижесін түсіндіру



бет303/395
Дата13.09.2020
өлшемі1,76 Mb.
#78486
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   395
Байланысты:
КДЛ бойынша ұлттық әдістеме

"Табылған жоқ" нәтижесін түсіндіру: биологиялық материалдың талданатын үлгісінде Асpergillus fumigates үшін тән ДНҚ фрагменттері табылмады.

Кандидоз

Candida тегінің ашытқы тәрізді саңырауқұлақтары сау адамдардың 30-50% – ында және сау әйелдердің 20-30%-ында гениталияларының шырышты қабықтарында және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабықтарында анықталады. Бұл жағдайда кандидозды шырышты қабықтар мен терінің зақымдауын бөлу маңызды.

Кандидоздың негізгі қоздырғыштары Candida albicans (жиі кездеседі), C. tropicalis, C. parapsilosis, C. glabrata, C. krusei, сирек кездеседі C. Lusitaniae, C. guillermondii, C. rugosa және т. б.

Саңырауқұлақтармен байланысты инфекциялардың клиникалық көріністері шырышты қабықтардың және терінің салыстырмалы жеңіл өтетін беттік зақымдануларынан өмірге қауіп төндіретін инвазивті микоздарға дейін кең түрленеді, бұл кезде іс жүзінде кез келген мүшелер зақымдануы мүмкін. Кандидоз әдетте инфекцияға қарсы қорғау жүйесінде әртүрлі бұзылулары бар (қауіп факторлары) емделушілерде дамиды, сондықтан оларды жою аурудың қайталануын емдеу мен алдын алудың міндетті компоненті болуы тиіс.

Кандидоз-репродуктивті жастағы әйелдерде кең таралған ауру. Әйелдерде қоздырғыш жиі шырышты қынап – жатыр мойнына және жиі вульваға таралатын қынап кандидозы. Ерлерде Кандидалар жыныстық мүшенің бастарының қабынуын, сондай-ақ зәр шығару органдарын тудырады. Әйелдер жиі ауырады. Кандидоздың жиі симптомы – қышу (тұрақты немесе кешке және түнде), зәр шығару кезінде күйдіру; әйелдерде қынаптың шырышты қабатына сұр-ақ түсті ұшуы анықталады. Стертті түрлерде айқын клиникалық симптоматикасы жоқ.

Кандидоздың даму қаупінің факторлары әртүрлі генездегі нейтрофилдер мен Т-лимфоциттер санының азаюы және функциясының бұзылуы; эндокринопатиялар; қатерлі ісіктер; катетерлерді (тамыр, несеп, перитонеалдық және т.б.) пайдалану; жарақаттар, кең таралған күйіктер және хирургиялық араласу, кең спектрлі микробқа қарсы препараттарды, глюкокортикоидтарды, иммуносупрессанттарды және инфузиялық терапияны қолдану; уақытынан бұрын босану; ағзалар мен тіндерді трансплантациялау; созылмалы аурулардан (туберкулез, қант диабеті және т. б.) зардап шегетін адамдарда.

Зертханалық диагностика әдістері: культуральды, микроскопиялық, серологиялық (ИФТ), (ПТР).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   395




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет