Баяндама Тақырыбы: СОӨЖ 4. Тұтықпаны зерттеу тарихы
Дайындаған: Аманғали Мөлдір
Тексерген: Рахым Жұлдыз
Арнайы әдебиеттерде тұтықпаның механизміне қатысты әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ерте заманда тұтықпаны бас миы мен тілдің ылғалдылығының кемшіліктерінің салдарынан болатын ауру деген түсініктер болған. ХІХғ аяғында тұтықпаны күрделі психофизикалық бұзылу деген пікір тұрақтала бастады. Кейбір авторлардың пікірінше, ақаулықтың негізінде физиологиялық бұзылыстар біріншілік, ал психологиялық көріністер екіншілік сипат алды деген. Ал көптеген зерттеушілер психологиялық ерекшеліктері көрініс табады, ал физиологиялық көріністер соның салдарынан болады деп есептейді. Тұтықпа балаларды клиникалық зерттеу нәтижесінде В.С.Кочергина тұтықпаны симптом да емес, синдром да емес, ол орталық нерв жүйесінің ауруы деп тұжырымдайды. Тұтықпаның пайда болуына бас ми қыртысының жүйке процестерінің өзара қатынастарының бұзылуының маңызы зор. Қазіргі уақытқа дейін тұтықпаның механизмін зерттеушілер тек клиникалық және физиологиялық жағынан ғана емес, нейрофизиологиялық, психологиялық тұрғыдан қарастыруға әрекеттеніп келеді. Нейрофизиологиялық зерттеудің мағлұматтары (И.В.Данилов, И.М.Черепанов) бойынша тұтығушының доминантты жарты (сол жақ) шары сөйлеу кезінде өзінің басқарушы, жетекші ролін толық тұрақты атқара алмайды. Р.М.Боскис тұтықпаны баланың сөйлеу тілінің дамымыуына жатқызады және оның негізінде күрделі сөйлеуді өңдеп құрастырумен байланысты туындайтын сөйлеу қиыншылықтары жатады деп есептейді. Р.Е.Левина тұтықпаны сөйлеу тілінің дамымауы деп қарастырып оның мәні сөйлеу тілінің коммуникативтік функциясының бұзылуы деп біледі.
Тұтықпа сөйлеу тілінің пайда болған кезінен бастап болған деп болжау жасалынады. Египеттік фараондарда, Персия патшасы Бат, Моисей пайғамбар, Римдік ақын Вергилий, философ және оратор Демосфенде тұтықпа байқалған. Осы уақытқа дейін тұтықпаның этиологиясына бірдей көзқарас жоқ. Дегенмен, барлық зерттеушілер, тұтықпаның пайда болуына бірқатар факторлардың маңызын айтады.
Баланың жасы.
Баланың орталық жүйке-жүйесінің зақымдалуы.
Жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты сөйлеу онтогенезінің өтуі.
Бас миының функционалдық ассимитриясының қалыптасы ерекшеліктері.
Психикасының зақымдалуы.
Генетикалық фактор.
Жыныстық деморфизм
Тұтықпаны топтастыру мәселелеріне 1937ж бастап көңіл бөле бастаған. А.Аlistez (1937, 1956) Этиологиялық белгілері бойынша клиникалық бұзылыстарын ескеріп тұтықпаны 4 топқа бөледі:
1. Тұтықпаға қоса сөйлеуге қатысты мүшелердің құрылысында немесе функциясындағы ауытқулар;
2. Солақайлылықпен байланысты;
3. Еліктеу негізінде;
4. Эмоционалдық тұрақсыздықпен және бұзылыспен қоса жүретін
тұтықпа ( логофобия, өзін кем санау т.б)Е. С. Никитина, М. Ф. Брунс (1939) тұтықпаны анатомиялық – физиологиялық белгілері бойынша топтастырады. Олар балаларды 2топқа бөледі
1. полидарлық синдромы бар балалар – оларда психофизикалық тежелу,
тұлғалық ауытқулар, ортамен қарым – қатынасы бұзылуы байқалады.
2. стриарлық синдромы бар балалар — оларға жүйке – психикалық
бұзылыстар, психофизикалық тежелу тән.
В. С. Кочергина (1959) Н. А. Власова (1958) т.б тұтықпаны клиникалық
белгілері бойынша топтастырады.Н. А. Власова мен Э. Н. Герценштейннің топтастыруында алдымен
тұтықпаның түрі (тоникалық, клоникалық), этиологиялық факторлар,
екіншілік реттегі психикалық синдромдар, логопедиялық ықпалдық
жетістік деңгейі ескеріледі.
А. Ф. Шельтинг (ХХғ 50-ж) төменгі сынып оқушыларының тұтықпасын
топтастырады. Ол – моторика мен сөйлеудің кешеуілдеп даму аясында
пайда болатын тұтықпа, алалиямен байланысты, жалпы әлсіздікте,
бұлшық еттердің босаңсуында, невротикадағы тұтықпа деп бөледі.
М. Е. Шуберт (1928) эпилептойдтық, психопаттардың, психоастениктердің,
шизоидтық тұлғалардың, истериямен ауыратындардың тұтықпасын
зерттеген.М. С. Лебединский, Ф. П. Янович және Г. П. Платонова (1960ж) әр түрлі невроз түрлеріндегі тұтықпаны зерттеген. А. М. Асатиани, В. М. Казаков (1967, 1970) тұтықпаның 4 түрін бөледі:
-орталық нерв жүйесінің әр түрлі себептермен органикалықзақымдалуының резидуальдық көріністері;
-невротикалық бұзылу:
-психопатиядағы;
— баяу өтетін шизофрения.
Сонымен, тұтықпаны топтастыру мәселесі әр түрлі тұрғыдан
қарастырылады, барлығы да, ғылыми тұрғыда негізделгендіктен заңды болып саналады
Әдебиетке шолу