А дерек көзі Қазақстандағы урбандалу үдерісіне қандай факторлар әсер етті?



бет1/2
Дата28.11.2023
өлшемі20,19 Kb.
#193968
  1   2
Байланысты:
«Тоқырау» жылдарындағы демографиялық процесстер мәтін


А дерек көзі
Қазақстандағы урбандалу үдерісіне қандай факторлар әсер етті?

Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшіп келуі тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде (1954 – 56 ж.) және өнеркәсіп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 – 65) көбейді. Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі ең төменгі деңгейге жетті (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама азайып, жыл сайынғы мөлшері 60 – 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 1990 жылдан кейін Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшіп кетушілер саны өсе бастады.


1970 ж. халық 40%-ға көбейіп, Қазақстан халқын 13 млн. адам құрды, оларда қазақтар саны 4234 мың (32,6%), орыстар – 5522 мың (42,5), украиндықтар – 933 мың (7,2), немістер — 858 мың. (6,6), татарлар — 288 мың (2,2), өзбектер — 216 мың (1,7), белорусстар — 198 мың (1,5), ұйғырлар — 121 мың(0,9), корейліктер — 81 мың (0,6), әзірбайжандар — 58 мың (0,4), басқа ұлттар —498 мың болды.
1939, 1959, 1970 жж. санақтары арасында Қазақстанның көптеген этностары болып орыстар қала бергені айқын. Орыстар, украиндықтар, белорусстар 1939-1970 жж. абсолюттік көпшілікті құрды.
Дегенмен, 1959-1970 жж. қазақ халқының демографиялық дамуында бетбұрыс пайда болды. Қазақтардың абсолюттік саны республикада 1959-1970 жж. 1446,9 мың адамға, яғни 51,9%-ға өсті.
1970 ж. негізгі этностардың кенттену деңгейіндегі алшақтық қысқарды. 1970 ж. қазақтар және орыстардың кенттену деңгейі айрықша болды, ал 1926 ж. бұл айырмашылық 10 есе көп болды. Осы айырмашылықтың кенет қысқаруына республиканың индустрияландыруы, ауыл шаруашылық ұжымдастыру, КСРО-дағы мәдени төңкерісі көмектесті. Орыс, татар, корейліктер басымдылық бойынша қала этностары болып қалды, ал қазақтар,немістер, өзбектер, әзербайжандар –ауыл этностары болып қалды. 1989 ж. қазақтардың кенеттелуі 38,4%,немістер – 49,1, өзбектер – 37,3, ұйғырлар – 34,2% құрды. Орыстар (77,8), украиндықтар (65,3),татарлар (77,2), белорусстар (61,6), корейліктер (84,2%) аса кенттелген болды.
Халық құрамындағы қазақтар үлесі табиғи өсімі мен орыс, басқа ұлт өкілдерінің өсімінің төмендеуі есебінен болды. Орыс әйелдері негізінен 1-2 баламен шектелсе, қазақ әйелдерінде 4 және одан кейінгі реттегі балалардың дүниеге келуі басым болды.
Демографиялық үдерістердің басты белгісі – Қазақстанның қала халқы құрылымында орыс халқы мен тұтасынан алғанда славян өкілдерінің үлесі төмендеп, қазақ және басқа да түркi халықтарының үлесі артты. Рудный, Теміртау, Зырянов, Ленинск, Курчатов,Лениногор, Шахтинск қалаларында жергілікті халықтың үлесі өте төмен дәрежеде болды.
1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 ірі, 11 орта, 51 кіші), 204 кентте жалпы халықтың 58,0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5,0%-ға артып, жалпы халықтың 42,9%-ын қамтыды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет