«А Ә б в» Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, б және в әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз



бет1/90
Дата05.09.2023
өлшемі2,32 Mb.
#180235
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
Жаңа әдіс- тәсілдер (1) (копия)


«А Ә Б В»
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;. 2-қадам керісінше. 3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.
«А,В,С»
А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.


«Айдаһар»
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.
«Айқын мақсат қоя отырып»
- Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.

  • - Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.

  • - Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).

  • - Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.

  • - Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.


«Айна»
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет