А. Еңбектенетін адамдардың әрқайсысы өмірбаянды қалай жөн жазып, онда қайсы мәліметтерді сілтеу керегін білуі қажет. Оны жиі жазуға нақ келмегенімен, керек кездері болады



бет4/4
Дата01.02.2022
өлшемі21,75 Kb.
#130345
1   2   3   4
Байланысты:
Өмірбаян

Түйіндеме (үлгі)

Мен, Қайратова Сымбат Алімқызы, 1987 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келдім. ... (мұнан кейін жұмысқа орналасу тармағына дейін жоғарыда біз көрсеткен мәліметтерді келтіресіз). 2008 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін «Алматы ақшамы» газетінде журналист қызметінде жұмыс істеймін. Жазған бірқатар мақалам оқырмандардың қызығушылығын тудырды: 24.01.2015 жылы 15-басылымда жарияланған «Билік пен заң», 12.07.2017 жылы 3-басылымда жарияланған «Жергілікті фаунаны қорғау», 18.04.2017 жылы 12-басылымда жарияланған «Ұлт мәселесі». Қызмет уақытында «Маманмен тілдесу» жобасын басқарып, қызметкерлердің шығармашылық тобының өмірінде сәтті жүзеге асырылды. Ол «Алматы ақшамы» редакциясының сайты үшін дайындалды. 

Біз аталған бөлімдегі қаралымға мониторинг жүргізіп, өткен және биылғы жылдардың 5 айының сараптамалық мәліметтерінің негізінде бірқатар тұжырым жасадық. Алған нәтижелеріміз мынадай: жобаны жүзеге асыру халықтың сайт парақшаларына кіру көрсеткішінің артуына алып келді. Соның нәтижесінде газеттің сатылымы 15%-ға өсті. Оған қоса аталған жоба «Жылдың үздік басылымы» байқауына қатысуымызға мүмкіндік берді. Байқауда бас жүлдені иеленіп, 50 қатысушының арасында көш бастадық. 

Өзіңіздің кәсіби қызметіңіз және жетістіктеріңіз туралы мәліметті осындай түрде берген дұрыс. Сонымен қатар бұрынғы жұмыс орныңызды ауыстыру сияқты маңызды жайтқа назар аударған жөн. Оның себебін қысқа әрі әдепті түрде жеткізіңіз. Егер жұмысыңызда дау туындап, қызметіңізден босатылған болсаңыз, басшыңыздың нашар болғанын және сізге әділетсіздік жасағанын жазудың қажеті жоқ. Оның орнына мәліметті әдепті түрде жеткізіп, өзіңізді дау шығаруға құмар, тәрбиесіз адам ретінде көрсетпеуге тырысыңыз. Бұл орайда мына тәрізді тіркесті пайдаланыңыз: «Бұрынғы жұмыс орнымнан кетуімнің себебі – еңбек шарттарының өзгеруі. Сондықтан маған әрі қарай жұмыс істеу мүмкін болмады». Сұхбаттасуға келгенде басшының бұрынғы жұмысыңыздан неліктен кеткеніңіз туралы сұрағына дайын болыңыз. Болған даудың мән-жайын түсіндірудің, оның үстіне басшының ішкі тәртіпті өзгертіп, тапсырмаларды арттырып, қызметтік міндеттерді кеңейтіп, жеңілдіктерді алып тастағанын және мұндай тәртіпте жұмыс істей алмайтыныңызды айтудың қажеті жоқ. 

Өмірбаянды қолдан жазуға, немесе компьютерде теріп, басып шығаруға болады. Құжатты толтыру кезінде төмендегідей белгілі бір құрылымды сақтаған жөн:


  1. Тақырыбы – құжаттың атауы, жазып отырған адамның аты-жөні.

  2. Төлқұжат деректері (туған күні мен туған жері).

  3. Отбасыңыз жайлы қысқаша мағлұмат: аты-жөндері, ұлттары, мамандықтары, қызметі.

  4. Хронологиялық тәртіпте алған біліміңіз жөнінде мәлімет беріңіз: орта, арнайы, жоғары білім алған мекеменің атауы, факультет немесе бөлім, алып шыққан мамандығыңыз.

  5. Нақты әрі қысқаша еңбек жолыңыз туралы ақпарат. Белгілі бір жұмысқа орналасқан, ауысқан немесе қызметіңізден босаған мезгілдерді нақты көрсетіңіз.

  6. Отбасылық жағдайыңыз туралы мәлімет.

  7. Әскери борышыңызды өтеген жағдайда, әскери билеттегі мәліметтерді атап көрсетіңіз.

  8. Өзіңізді қысқаша сипаттап беріңіз: неге қызығасыз, жеке басыңызға тән қасиеттер және т.б.

  9. Тіркелген мекенжайыңыз, телефон нөмірі және басқа да байланыс мәліметтері.

  10. Өмірбаянның төменгі жағына толтырылған мезгілді белгіліп, қол қою керек.

Жұмысқа орналасушы өмірбаянға сотталғаны туралы, асырап алған немесе некесіз туған балалары жөнінде мәлімет беруге міндетті емес.

С.Өмірбаян жазғанда тағы қандай мәліметтерді көрсету керек?

Егер жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, әдетте өмірбаянды түйіндеме алмастыратынын біле жүріңіз. Түйіндемені жазғанда оның кейбір ерекшеліктері бар. Мысалы, ата-анаңыз, жұбайыңыз, балаларыңыз бен жақын туыстарыңыз туралы мәліметтерді көрсетудің қажеті жоқ. 

Бүгінде түйіндемеге өзіңіздің фотосуретіңізді қосып ұсыну кең етек алуда. Алайда мұнда да кей ережелерді сақтаған жөн: сурет бейтарап фонда түсіріліп, суретке түскен адам іскерлік киімде болуы тиіс. Егер сіз әйел адам болсаңыз, шаш үлгіңізді дұрыстап, бетіңіз бен тырнағыңызды тым көзге түсетіндей боямаңыз. Сонымен қатар көзге түсетін көлемді әшекейлерден де бас тарту қажет. 



Түйіндемеде бұрынғы жұмыс орныңызда берілген мінездемеге сілтеме жасап, ұсынымхатты ұсынған жөн. Бұл жұмыс берушіге сіздің кәсібилігіңізді «бірінші тұлғалар» арқылы бағалауға мүмкіндік береді. Егер сіз педагог, гуманитарлық немесе тар бағыттағы мамандық иесі болсаңыз, аталған тәжірибе тиімді болып табылады. 

Әдетте ұсынымхатты бұрынғы басшыңыз ұсынады. Алайда мінездемені фирманың директоры да бере алады. Егер сіз әскери борышыңызды өтеген болсаңыз, оны да түйіндемеде көрсетуді естен шығармаңыз. Әйелдерге жүктілік және босану бойынша еңбек демалысы туралы көрсеткен жөн. Түйіндемені жазушының қолы мен жазған мерзімі қорытындылайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет