А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Карталар мазмұны, құрастырылу және



бет5/33
Дата08.02.2022
өлшемі3,08 Mb.
#123423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Экол картографиялау кітап

3.2 Карталар мазмұны, құрастырылу және
безендірілу ерекшеліктері

Ең жақсы дайындалған карта құрастыру әдісі мен принципі – бұл стратиграфиялық карталарда (геологиялық). Бұндай карталардың легендасын - құрлымының моделі және белгілер жүйесі ретінде қарастыруға болады, себебі бұл карталар нақты ережелер бойынша құрастырылған.


Карталар жер қабатының жалпы құрлымын көрсетеді. Жер қыртысының құрлымы геологиялы денелерді қалыптастыратын шығу тегі, жасы және құрамы бойынша тау жыныстар қабаттарының әртүрлі орналасу жағдайы арқылы анықталады. Геологиялық ірі денелер геологиялы құбылыстар арқылы пайда болып дамиды және геологиялық құрлымдарды қалыптастырады.
Оларды құрастыру әдістемесі геология ғылымдарының теориялық негізіне және ірі тәжірибелерге негізделеді.
Карталар далалы картографиялаудың нәтижесі болып келеді, бірақ ұсақ масштабта, далалы, камеральды және ара қышықтықтық әдістер арқылы алынған мәліметтерді өндеу негізінде құрастырылады.
Легендада тау жыныстардың өте нақты жіктелгенін және зерттелгенін көруге болады. Геологиялық карталарда тау жыныстары үшін бір тұтас стратиграфиялық және геохронологиялық шкала қабылданған.
Геологиялық карта легендасы геология бөлімдерінің белгілерінен, қабаттар орналасу элементтерінен, жарылымдар және т.б. белгілерден тұрады. Нұсқау бойынша геологиялық карталарда стратиграфиялық және стратиграфиялық емес бөлімшелерді, олардың құрамын, жасын, құрлымын, қарым-қатынасын көрсететін геологиялық нысандар мен элементер ауданды, сызықты, және масштабтан тыс белгілер, сондай-ақ, геологиялық бөлімшелер және жалпы геологиялық карталар мазмұнын толықтыратын және дәлелдейтін әртүрлі мазмұнды белгілер беріледі. Геологиялық карта элементі ретінде легенда, геологиялық кескіндер, стратиграфиялы қарталар да саналады. Олар тау жыныстарымен белгілі бір уақыт аралығында жиналған жыныстардың қабаттар кешенін белгілеу үшін қажет. Әрбір геохронологиялық жіктелеуге эквивалентті және стратиграфиялық сәйкес болуы қажет.
Құрлымдарды қалыптастыратын тау жыныстар шығу тегі бойынша үш түрге бөлінеді: шөгінді, магмалық және метаморфты. Алғашқы екеуі карта легендасында жеке бөлімдер ретінде беріледі.
Жер тарихын тұтас бір жүйеге келтіру үшін геологияда, бүкіл дүниежүзілік геологиялық конгрестің шешімімен бірыңғай геологиялық- стратиграфиялық шкала қабылданды. Бірақ, тау жыныстар жасының жіктелу индикациясы әр жерде әр түрлі.
Стратиграфиялық шкалада жер қабаты, топ деп аталатын, ірі бес кешенге бөлінген. Әр бір топ жүйеге, жүйе – бөлімдерге, ал бөлімдер – ярус және зоналарға бөлінеді.
Қазіргі кезде фанерезойды 3 топқа бөледі: палеозой, мезозой және кайназой. Ал фанерезойға дейінгі 2 топ: архей және протерозой. Топтарға, жүйелерге, бөлімдерге және ярустарға сәйкес индекстер берілген. Сонымен бірге, карталар легендасында араласқан индекстерді көруге болады. Мысалы. екі бөлімше мен араласқан жыныстардың жалпы индексі келесідей болуы мүмкін: С1+2 немесе Кig+в «+» және «-» таңбалары бөлінбеген, қосылып кеткен шөгінділерді көрсету үшін қажет. Мысалы, + 0 –кембрий және ордовик шөгінділерінің қосындысы, ал - 0 –бөлінбеген кембрий-ордовик щөгінділері. Стратиграфиялық шекара деп стратиграфиялық бөлшектенудегі табаны мен аралығын айтады.
Жер беті және теңіз асты шөгінділерінің стратиграфиялық бөлшектенуі карта легендасының бірінші бағанасында тұрады. Оларға сүйене отырып территорияның даму кезеңі мен пішін типтері белгіленеді. Бұлар картада белгіленіп, қажетті тау жыныстар бөлшектену жасының деңгейі өңделеді.
Түрлі аймақтарда шөгінді жыныстардың бөлшектену деңгейін таңдау шарттары:

  • жыныстардың горизонтальды шөгуіне байланысты- олардың қалыңдығы, бедер беткейінің еңкіштік градусымен бөлшектену деңгейі анықталады.

  • жыныстардың моноклинальды шөгуіне байланысты – жоғарыдағы факторлар және пішінінің морфология түрі анықталады. Бұл моноклинальді күрделендіреді.

  • қатпарлы облыстарда бұл жағдай күрделі болады. Себебі, мұнда бір уақыттағы шөгінділер қатпарланған. Сондықтан, бұл жерде жыныстардың бөлшектенуі неғұрлым ауқымды жүруі тиіс. Бірақ олардың орналасуы, жарылымдардың бұзылуы аз аумақта таралуы және т.б. бұл мүмкіншіліктермен шектейді.

Акваториялық карталарда жас шамасына байланысты жіктеу жүйесі де құрлық карталарындағыдай, бірақ, оларды жіктеу жүйесі кейбір қиыншылықтарға байланысты нашар дамыған. Сол себептен карта легендасында мұхит түбі құрылысының сипаттамасы жеке беріледі. 1984 жылы шыққан 1:2 500 000 масштабтағы б. КСРО-ң геология картасында теңіз акваториясындағы шөгінді және интрузивті жыныстар құрлықтағы жыныстардың түсімен сәйкес келеді, бірақ, теңіз акватория жыныстары сәл ақшылдау. Ал, жоғары оқу орындарына арналған 1:4 000 000 және 1:2 000 000 масштабтағы карталарда мұндай жыныстар штрих түрінде беріледі.
Легенданың екінші бөлімі - магмалық немесе интрузивті және эффузивті жыныстарды бейнелеу. Магмалық жыныстар түзілуі силикаттардың тұратындығына байланысты, жіктеудің негізі болып саналады. Карта легендасында көрсетілген жыныстар тобы, құрамы бойынша 6-8 аспайды. Кейде ұсақ масштабты карталар легендасында тек қана қышқыл, орта және негіз құрамындағы жыныстар көрсетіледі. Жыныстарды жас мөлшері бойынша болу приницпі, неғұрлым ірі бөлімдерде жүзеге асады. Мысалы, б.КСРО-ң картасындағы (1:2 500 000) легендада барлығы 6 жасты шамасындағы топтар көрсетілген.
Карта легендасында магмалық тау жыныстардың құрамы мен жасы индекспен беріледі: құрамы - грек алфавиті әріптерімен, жасы - геология индекстер немесе сандармен көрсетіледі. Жаңа кезеңдегі интрузивті және эффузивті жыныстарға ерекше индекстер беріледі.
Легенданың үшінші бөлімі «басқа да анықтамаларға» деп аталады. Оған түрлі типтегі геология шекаралар, шөгінді және вулканды жыныстар құрамын, вулкандар және т. б. элементтерді жатқызуға болады.
Легенда құрастыруда графикті тәсілді таңдаған кезде, жыныстардың шығу тегіне немесе түзілуіне байланысты жіктеу керек. Шөгінді жыныстар легендасын құрастыруда жастары ескеріледі немесе ең жасынан бастап ежелгісіне қарай жіктеледі.
Бөлінбеген шөгінділер, жалпы қатарда көрсетіледі. Легенданың екінші бөлімі график түрінде беріледі. Горизонталь бағытта жыныстың жасы, ал вертикаль бағытта олардың құрамы көрсетіледі. Қарастырылып отырған аумақта белгілі бір жыныстың түрі болмаған жағдайда график торы толтырылмайды.
Легенда және картаның түсін безендіруін жүйеге тапсырған. Ал, оның жүйе бөлімімен ярустарға берілген. Әрбір жүйенің өз түсі болады. Бояу неғұрлым ашық болса, жыныс соғұрлым жас дегенді білдіреді. Магмалық жыныстардың құрамы да түрлі-түсті бояумен беріледі. Жыныстардың әрбір тобына бояу беріледі. Бұл оның құрамына байланысты. Ал жас шамасы негізгі бояудың түсімен немесе индекс арқылы көрсетіледі. Қара түспен жарылымдар мен бұзылыстар көрсетіледі. Оқулық карталарында олар қызыл түспен берілген. Карта мазмұнындағы қалған барлық элементтер, сонымен қатар, тау жыныстар индекстері де қара түспен боялады.
Төрттік шөгінділер картасы Жер ғаламшарының соңғы миллион жылда даму тарихын сипаттайды. Төрттік шөгінділер ежелгі шөгінді жыныстардан бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді: барлық жерде таралуы, қалындығы кішкене ғана, борпылдақты түрде болуы және метаморфты өзгеріске түспеуіменен. Жердің қазіргі бедері дәл сол кезде қалыптасқан (2-сурет).
Төрттік шөгінділер картасының легендасы стратиграфия стратиграфиялық-генетикалық принципте құрастырылады, ал жыныстардың жасына қарай бөлінуі - биостратиграфия және климаттық стратиграфия критерияларға негізделеді. Қазіргі кезде төрттік жүйені төрт ірі бөлікке бөлуге болады. Бұлар бірдей стратиграфия бірлікте қарастырылады, олардың әлі таксономия рангі бекітілмеген (ярус, бөлім), себебі, олар ежелгі жүйемен сәйкес келмейді.



2-сурет. Төрттік шөгінділер картасы.


(Маңғыстау облысы мысалында, масштабы 1:1 000 000)

Тілімденбеген төрттік шөгінділер Р әрібіменен индекстеледі, ал жүйенің негізгі бөлімшелері (жүйенің төменгі, орташа, жоғары және қазіргі бөлімдері) - I, II, III және IV - рим сандарымен- әріпсіз индескпен белгіленеді.


Материктердің төрттік шөгінділері негізінен континенті фациялармен көрсетіледі. Қазіргі кезде шөгінділердің генетикалық тобы анықталды (элювийлі, беткейлі, гравитациялы, сулы, мұздықты, ауа, хемогенді, жанартаулы және теңізді), ал топтар ішінде – түзілулер мен шөгінділер түрі көрсетіледі. Мысалы, элювийлі түзілімдер және алювийлі шөгінділер. Әрбір шөгінділердің генетикалық типіне сәйкес индекс беріледі.
Төрттік шөгінділердің генетикалық типтері әртүрлі болуына байланысты оларда картада көрсету үшін түстер қолданылды. Шөгінділердің генезі - түспен, ал олардың жасын – түстің түрлерімен көрсетеді. Ұсақ масштабты карталарда жыныстардың литологиялық құрамы көрсетілмейді. Қажетті жағдайда ол арнайы штрихтар арқылы белгіленуі мүмкін. Кейде жыныстардың құрамы литология бағана (колонка) арқылы көрсетіледі.
Негізі элементтерден басқа картада жер бедерінің кейбір пішіндері мен элементтері бейнеленеді. Олар төрттік шөгінділермен генетикалық байланысты, сонымен қатар, картада мұз басу, теңіз трансгрессиясы шекаралары, ежелгі фауна мен флора табылған және алғашқы адамдардың тұрған орындары көрсетіледі. Төрттік шөгінділер картасының практикалық маңызы шашыранды кен орындары шөгінділермен байланысымен және кейбір құнды құрылыс материалдар ретінде ерекшеленеді.
Төрттік шөгінділердің ұсақ масштабты карталары, ірі масштабты карталарға, ғарыштық суреттерге негізделіп құрастырылады. Карталардың легендалары әдетте график түрінде беріледі: көлденінен жасы бойынша сипатталады, ал тігінен - жыныстардың генетикалық типі көрсетіледі. Легенданың астында кейде жыныстардың құрамы көрсетіледі.
Карта құрастырудағы жалпылау принципі геология карталарын құрыстыру принциптеріне негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет