А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет4/33
Дата08.02.2022
өлшемі3,08 Mb.
#123423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Экол картографиялау кітап
Блисов Экол картограф, Шартты белгілер
Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғатты картографиялаудың негізгі бақыттары?

  2. Аналитикалық (жеке, салалы) карталар мақсаты?

  3. Кешенді карталардың ерекшеліктері?

  4. Синтетикалық картада не көрсетіледі?




  1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ



3.1 Карталардың түрлері

Геологиялық картографиялау, тақырыптық картографиялаудың ең бір дамығын саласы болып есептеледі. Оның негізгі мақсаты –қазба пайдалармен минералды щикізаттың барлық түрлерін іздестіру, олардың геология жағдайын, таралуын анықтау барысында геология карталар құрастыру арқылы жер қабатының геология құрлысын жан-жақты зерттеу.


Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы мен өндірісте шикізат сұранысының өсуіне байланысты минералды шикізаттың жаңа түрін іздестіру қажет. Ол үшін қазба байлықтардың таралу заңдылықтары мен түзілуінің ғылыми болжау жасау керек. Бұндай жұмыстар тек қана геология карталар арқылы іске асады (1-сурет).



1-сурет. Геология картасының көрінісі


(Маңғыстау облысы мысалында, масштабы 1:1 000 000)

Барлық геология зерттеулердің негізі болып карта құрастыру және оларды баспадан шығарумен аяқталатын геология-түсіріс жұмыстары саналады. Қазіргі геологиялық түсіріс - зерттеудің кешенді әртүрлі және күрделі, соның ішінде ара қашықтықтан зерделеу әдістерінен тұрады.


Геология түсірісіменен бірге төрттік шөгінділер және гидрогеология зерттеулері жүргізіледі, тау жыныстар формациялары, тектоника, геофизикалық өрістер және т.б. нысандар мен құбылыстар зерттеледі.
Геологиялы картографиялауда көптеген мәселелерді шешу үшін негізгі әдістемелік принцип ретінде жүйелік көзқарас пайдаланады. Бұл принциптің негізгі маңызы - материялы денелердің ерекше түрлері, біртұтастылығы, заттар жылжуы мен ауысуы, оларға Жердің жалпы геофизикалық заңдары, экзогенді үрдістер, сондай-ақ, антропогендік факторлардың әсеріне ұшырайтын жер қойнау сферасын геожүйе ретінде қарастыру.
Геологиялық картографиялауда жүйелік көзқарас жаңа әдіс емес. Ол кешенді картографиялаудың дамуына негізделеді, әсіресе карта сериялары мен тақырыптық атластар құрастыруда жақсы көрпінеді.
Қазіргі геология карталары масштабы бойынша бес топқа бөлінеді: шолу (1:1 000 000), ұсақ масштабты (1: 1 000 000, 1:500 000), орташа масштабты (1: 200 000, 1:100 000), ірі масштабты (1:50 000, 1:25 000) және нақты (өте ірі 1:25 000) карталар.
Жер қыртысының кұрылысы күрделі. Қазіргі кезде осыған байланысты геологиялы картографиялауда 40 - н астам карталардың түрлері бар. Бұл карталар бірнеше топқа бөлінеді, олардың сандары уақытқа байланысты ұлғайып, ал мазмұндары күрделеніп келеді.
Геология карталарының негізгі түрлеріне: стратиграфиялық (геологиялық) картасы, төрттік шөгінділер картасы, терең геологиялық құрлысы картасы, тектоникалық, гидрогеологиялық, пайдалы қазбалар, металлогеникалық, инженерлі-геологиялық, геофизикалық, болжамды және т.б. карталары жатады.
Стратиграфиялық (геологиялық) карталарында түрлі жасты шөгінді, магмалық және метаморфты тау жыныстар, жыныстар құрамы, геологиялық шекаралар және жарылымдар көрсетіледі. Стратиграфиялық карталар геологиялық карталар ішіндегі ең негізгі карта, ол басқа геологиялық карталарды құрастыруға негіз болып келеді.
Төрттік шөгінділер картасы Жердің соңғы миллион жылдағы даму тарихын сипаттайды. Шөгінделер көрінісі стратиграфиялық-генетикалық принципке негізделді. Төрттік шөгінділер бірнеше бөлімге бөлінеді: төменгі, орташа, жоғары және қазіргі (замануи), олар рим цифрымен белгіленеді: І, ІІ, ІІІ, ІV. Шөгінділердің генетикалық катары да ажыртылады: беткейлі, гравитациялық, және т.б., ал қатар ішінде – түзілімдер мен шөгінділер. Шөгінділердің генезисі түспен і, ал жасы - сол түстің басқа түсімен (мысалы, сары – генезисі, ал сарғыш – жасы) беріледі. Шөгінділердің литологиялық құрамы тек ірімасштабты карталарда көрсетіледі.
Терең геологиялық құрлысы карталары кешенді геофизикалық мәліметтер негізінде құрастырылады, олар жер қабатының геологиялық құрлысының әртүрлі аспектіерінің толығымен көрсетеді. Картографиялау нысаны ретінде әртүрлі деңгейдгі блоқтарды және оларды ажырататын блок арасындағы зоналарды (терең жарылымдар зонасы) көрсетеді.. Легенданың бірінші бөлімінде, жер қабатының дифференциациясын (түспен жер қабатын, ал сол түстің басқа түсімен – блоктағы жер қабатының орташа қалындығын береді), екінші бөлігінде – терең жарылымдарды және олардың параметрлерін көрсетіледі. Одан да терең қабаттарды зерттеу үшін басқа тақырыпта жер қабатының жеке горизонтарының картасы құрастырылады.
Гидрогеологиялық карталарда жер асты сулар орналасу жағдайы және жалпы заңдылықтары көрсетіледі. Карта су горизонттары және кешендерінің аудандары, орналасу жағдайлары, жер асты сулар саны және сапасы көрсетіледі. Гидрогеологиялық карталадың легендалары күрделі болады, себебі оларды құрастыру негізінде жер асты суының пайда болу процесімен геологиялық-құрлымдық жағдайының тығыс байланыс, литологиялық құрамы және тау жыныстарының басқа сипаттамалар концепциялары жатыр. Гидрологиялық карталардың легендасын екіге бөлуге болады: Бірінші топқа – жер асты суларының жиналуымен таралуы бойынша жыныстар сипаттамасы жатады, екінші топқа – сулардың сипамалары (физикалық, химиялық динамикалық).
Пайдалы қазбалар карталары арнайы геологиялық немесе тектоникалық негізде құрастырылады. Ондай картада кен орындары, пайда қазбаларының орны және минерализация пунктері және перспктивті бағлау және болжау жасау үшін басқа да мәліметтер беріледі.
Металлогеникалық карталарда аймақтың рудалығы, руда кен орындары және солардың шеңберіндегі болашақта игерілетін участкілер, металлды пайда қазбаларының минерализациясы көрсетіледі, ал минерагеникалық карталарда – металды емес пайда қазбаларының минерализациясы беріледі. Мұндай карталар металогеникалық зонадағы рудалық аймақтарды көрсететін арнайы тектоникалық негізде құрастырылады. Металлогеникалық және минерагеникалық карталар негізінде геологиялық-ізденіс жұмыстар жүргізку үшін болашақ перспективті рудалы кен орындарын көрсететін болжамды карта картасылар құрастырылады.
Инженерлі-геологиялық карталары тау жыныстар тобының нақты геологиялық-тектоникалық, геоморфологиялық және физикалық-географиялық жағдайдағы орналасуын сипаттайды. Олар инженерлі құрлыстарды эксплуатациялау және құрлысты жоспарлау үшін ізденіс жұмыстар бағдарламасын дайындауда, перспективті экономикалық жоспарлауда пайдаланылады. Тау жыныстар тобы түспен көрсетіледі, ал сол түстің басқа түсімен (оттенок) – формация жасы. Сонымен қатар, күрделі кешенді легендада аймақтың геоморфологиялық, физикалық-географиялық, тектоникалық-сейсмикалық ерекщеліктері көрсетіледі.
Геофизикалық карталарға магнитті өріс, гравитациялық өрісі және сейсмикалық құбылыстар карталары жатады.Гравиметриялық және магнитті аномалиялар карталары пайдалы қазбалардың кен орындарын болжамдау үшін пайдаланады. Олар арқылы фундаменттің геологиялық құрлысын, тұрақты және қозғалу зоналарын, жарылымдар дислокациясын анықтауға болады.
Экологиялық геологияның дамуы жаңа экологиялық геология карталарының типін құрыстыруға мүмкіншілік берді. Бұл карталар литосфера жүйесін – биотаны және олардың техногенді өзгеруін сипаттайды. Картада тау жыныстар, жер асты суларындағы химиялық элементтері мен қосындылары, геологиялық орта бұзылуы әсерінен геологиялық ортаның техногенді өзгерілуі, ТАК (табиғи-аймақтық кешен) және ландшафттың компоненттерінің өзгерілуі көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет