А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


ТАБИҒАТТЫ КАРТОГРАФИЯЛАУДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ



бет3/33
Дата08.02.2022
өлшемі3,08 Mb.
#123423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Экол картографиялау кітап

ТАБИҒАТТЫ КАРТОГРАФИЯЛАУДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.

ОНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕДЕГІ МАҢЫЗЫ


2.1 Пәні және негізгі бағыттары
Табиғи карталарды құрастыру бойынша картографиялық жұмыстар – бұл қазіргі физикалық география және Жер туралы басқа ғылымдардың жеке салалары бір-бірімен байланысты картографиялаудың бағыты. Табиғи карталардың бір ерекшелігі - олар жергілікті жерде орналасқан пішінсіз (магниттік өрістер, өзен режимдері, желдер, құстардың ұшуы); жер асты қоймасындағы (геологиялық орындар, пайда қазбаларының кен орындары), мұхит су астындағы (температуралық аномалиялар, түрлі тұзды су қабаттары, ауысып тұратын теңіз жануарлары мен өсімдіктер т.б.), ауадағы (озон қабаты); тез өзгеретін (қар көшкіні, сельдер), адамға қөрінбейтін (изобаралық жазықтар, радиоактивті ластану) нысандарды, құбылыстарды немесе үрдістерді көрсетеді. Картографиялаудың пәні ретінде анықталған, жан-жақты зерттелген және әртүрлі деңгейде бөлшектеніп картографияланған қандай болсын табиғаттың элементі болып саналады.
Табиғатты картографиялау келесі карталарды құрастырумен бірнеше бағыт бойынша жүреді:

  • аналитикалық карталар;

  • кешенді карталар;

  • синтетикалық карталар

Аналитикалық (жеке, салалы) карталар қандай болсын құбылысты, нысанды немесе үрдісті көрсетеді; бір-бірімен байланысты сипаттамалар жеке карта серияларында бейнеленуі мүмкін.
Аналитикалық картографиялауда нысан бірнеше бөліктерге бөлінеді де бөлшектегі элементтердің жеке ерекшелігі қарастырылады. Бөлшектену өте нақты болуы мүмкін. Ол терең талдауға байланысты. Аналитикалық зерттеудің алғашқы кезінде нысан құрылымының негізгі элементтері, заттық құрамы, қасиеттері көрсетіледі. Ал, зерттей келе, өте ұсақ бөлшектері мен ерекшеліктері бейнеленіп сипатталады.
Жер бедерін зерттеу барысында математикалық бейнелеудің өте «нәзік» әдістері қолданылады. Олардан өте жақсы аналитикалық карталар шығады. Мысалы, жер бетінің горизонтальды және вертикальды қисығының картасы, биіктік дисперция, еңістік және т.б. сараптамалардың мүмкіншіліктері шексіз болып келеді.
Негізінен «аналитикалық карта» деген ұғым салыстырмалы түрде айтылған. Мысалы, климат картасындағы күндізгі температураны көрсететін карта, айдың орташа температурасын көрсететін картасына қарағанда, аналитикалық болып саналады. Егерде оны ауа қысымы, жауын-шашын, булану, желдер сияқты климаттық жеке элементерін көрсететін картасымен салыстырсақ, онда, жылдың орташа температурасын көрсететін картасы да аналитикалық деп есептеуге болады.
Аналитикалық карталарға жеке және салалы карталар жақын болып келеді. Олардың тақырыбы нақтылау және тек бір жеке саланы көрсетеді. Салалы карталар десе, ойымызға бірден әлеуметтік-экономикалық тақырып келеді. Ол жеке өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндіріс салаларын біріктіреді.
Салалы карталарға машина жасау, химия, тамақ және т.б. өндірістер немесе мақта, малшаруашылық, карталары жатады.
Кешенді карталар. Кешенді карталар тақырыбы жағынан бірнеше элементтерді біріктіреді, немесе бір құбылыстың бірнеше көрсеткіштерін көрсетеді. Мысалы, бір картада желдер атмосфералық қысымға байланысты екенін біле тұрып, изобарлар мен басымды желдердің векторларын көрсетуге болады. Ауылшаруашылық картасында жыртылған жерлермен қоса бидайдің өнімділігін, ал гидрологиялық картада - бір алқаптағы өзен ағысымен энергоресурстарының әлуетін (потенциалын) көрсетуге болады.
Кешенді картада өзен ағысының бір жыл ішінде таралу мен әлуетті гидроэнергетикалық ресурстардың сипаты көрсетіледі. Әрбір сипаттама өз көрсеткіш жүйесімен беріледі. Екі, үш немесе одан да көп көрсеткіштерді көрсету арқылы олардың арасында байланыс бар екенін көруге болады. Бұл кешенді картаның негізгі ерекшелігі.
Бірақ қиындықтар да кездеседі. Себебі, бір картада бірнеше құбылыстарды сипаттау қиын. Мысалы, изосызықтардың екі жүйесін көрсетуге болады (біреуі қалың сызықпен берілсе, екіншісі жұқа сызықпен беріледі), ал үш жүйелі изосызықтар оқылмайды. Осыған ұқсас картада екі картограмманы көрсетуге болады (біреуі түсті шкала арқылы, екіншісі штрихпен), картаны қосымша белгілер, сызықтармен, ареалдарды қосып және т.б.с.с. бес-алты қабатты кешенді карта құрастырылса, онда картаны оқу қиынға түседі.
Кешенді карталарға топографиялық карталарды да жатқызуға болады. Себебі, онда , жергілікті жерді сипаттайтын барлық нысандары кешенді көрсетілген: жер бедері, гидрография, өсімдік, топырақ, грунт, елді мекендер, әлеуметтік-экономикалық нысандар, жол торабы, әкімшілік шекаралар.
Кешенді карталар ретінде метеорологиялық карталарын да келтіруге болады. Изобарлар мен атмосфералық фронттар сызығында жалпы ауа райын сипаттайтын түрлі метеоэлементтер көрсетілген: ауа температурасы мен топырақ, ауаның ылғалдығы, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын түрі мен мөлшері т.б.
Синтетикалық карталар. Синтетикалық карталар құбылыстардың немесе нысандардың интегралды көрсеткішіндегі жалпы көрінісін береді. Бұл карталарда нысандар туралы тек жалпы мәлімет беріледі, компененттері жеке сипатталмайды. Мысалы, синтетикалық геоморфологиялық карталар жер бедерінің типін бейнелейді, бірақ, оның беткей еңкіштігі мен экспозициясы туралы ешқандай мәлімет берілмейді.
Климат типтерінің картасы да жалпы мәлімет беріп, температура, жауын-шашын, жел бағыты қасиеттерін сипаттайды. Синтетикалық карталар көбінесе кешенді көрсеткіштер бойынша аумақтық типологиялық аудандастырылуын сипаттайды. Оларға ландшафттық, инженерлік геологиялық, ауылшаруашылық аудандастыру карталары жатады.
Синтетикалық карталар аналитикалық карталарда көрсетілген мәліметтерді бірігу арқылы дайындалады. Көп жағдайда математикалық бейнелеу, сонымен қатар факторлы және компонентті талдау тәсілдері қолданылады. Олар арқылы үлкен көлемді ақпарат өңделіп, өте ыңғайлы және шағын карта шығады. Мысалы, синтетикалық инженерлі геологиялық карталарды құрастыру үшін геологиялық құрлысты, сейсмикалық тұрақтылықты, грунттарды, олардың түрлі зоналарда ылғалдануын, жер бедерінің күрделілігін, климат, сель жағдайларын және т.б. 20-30 шақты параметрлерді ескеру керек. Факторлы талдау арқылы барлық параметрлер біршама факторға бірігеді. Нәтижесінде, факторларға байланысты аудандар жол құрлысына жайлы, жайлылығы аз және жайлы емес деп бөлінеді.
Синтетикалық карталардың легендалары өте нақты болады. Түсіндіру кезінде барлық параметрлердің қамтылуы көзделеді. Көп жағдайда, ақпараты өте көп легендалар пайдаланылады. Әсіресе, синтетикалық карталар құрастыру әдістері бір уақытта 10 - 20 - да ақпараттық қабаттарын құрастыруға мүмкіндік беретін геоақпараттық жүйелерге (ГАЖ) сүйенеді. ГАЖ мәліметтер синтезі арнайы процедуралардан тұрады. Бұл деген халық тобын, экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде синтетикалық экологиялық, географиялық картографиялаудың кең ауқымда дамуына сертін берді. Бір картада бірнеше синтетикалық көрсеткіштерді енгізу мүмкіндігі болды. Синтетикалық карталарды үлгілеудің (модельдеу) бірнеше жақсы жақтар мен кемшіліктері бар. Біріншіден, бір карта бойынша нысан туралы жалпы мағұлмат алуға болады, екінші жағынан, дайын қортындылармен жұмыс істеп және есептеу әдісін тексеру керек, бірақ қортындылар негізін тексеруге мүмкіндік жоқ. Сондықтан, көп жағдайда қортынды карталар ретіндегі синтетикалық карталарды кешенді және аналитикалық карталардан жеке қолдануға болмайды. Кейде, бірдей карталарда синтетикалық суреттер, аналитикалық көрсеткіштерге сәйкес келеді, мысалы, экономикалық карталарда ауылшаруашылық аудандастыру жалпы синтетикалық түрде, ал өнеркәсіп салалары аналитикалық түрде көрініс береді. Олар аналитикалық-синтетикалық карталар деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет