«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Ветеринария» факультеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы СӨЖ иксодид кенелеРІ олармен күрес шаралар.
Арахнология (Arachnologіa) - өрмекші тəрізділер туралы ғылым (arachne- өрмекші, logos-ілім деген грек сөздерінен тұрады). Arachnoіdea тобы Arthropoda (буын аяқтылар) топтамасына жататын жəндіктер.
Арахнология (Arachnologіa) - өрмекші тəрізділер туралы ғылым (arachne- өрмекші, logos-ілім деген грек сөздерінен тұрады). Arachnoіdea тобы Arthropoda (буын аяқтылар) топтамасына жататын жəндіктер.
Мал дəрігерлік арахнология Parasіtіformеs (паразитиформдық кенелер) жəне Acarіformеs (Акариформдық кенелер) кенелерін зерттейді. Паразитиформдық кенелер-дің індет пен инвазиялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдауда маңызы зор жəне қосымша олар малдардың эктопаразиттері.
Кіріспе
Паразитиформды кенелер
Parasіtіformеs тегіне жататын кенелердің дене тұрқы ірі келеді. Олар жай көзбен жақсы көрінеді. Бұл кенелер жануарлар (кейде құстар) денесінде (эктопаразиттер) паразиттік жолмен тіршілік етеді. Сондай-ақ олар түрлі аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл текке жататын кенелердің ішінде мына тұқымдастарының мал дəрігерлігінде маңызы бар.
Иксодид кенелерінің мал патологиясындағы маңызы жөнінде ең алғаш Кильборн жəне Смит (1983) пікір айтып, ірі қара малдың пироплаз-мозын кенелер тасымалдайтынын анықтады. Мұның өзі буынаяқты-лардың мал мен адамның инфекциялық жəне протозоидтық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаудағы маңызы жөнінде зерттеулерге əсерін тигізеді.