А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп Баяндама Тақырыбы: Сындарлы оқыту теориясы технология пәнінде



Дата17.02.2017
өлшемі111,88 Kb.
#9688
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп

Баяндама

Тақырыбы: Сындарлы оқыту теориясы технология пәнінде
Пән мұғалімі: Байдрахманов Ерсін

2013 жыл

Сындарлы оқыту теориясы технология пәнінде
Егер адамға балық берсең, ол бір күн тоқ болады,

ал егер қармақ беріп, оны қолдануды үйретсең,

ол өмір бойы тоқ болады.

Шығыс даналығы
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің болуын талап етеді. Сондықтан жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсіп қалыптасуы үшін, оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру керек. Оқытудың түрлі әдістерін дұрыс таңдап оқушылардың ой-өрісін, сана сезімін жан-жақты дамыту керек. Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзі-мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімге Шулман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. [МАН. 8-бет] Осы бағдарламада айтылған Шулман ілімін басшылыққа ала отырып сабақтар кезеңдерін жоспарлап, сабақ өттім. Сабақтар барысында жеті модулдің идеяларын кіріктіру міндеттелген. Оқудың тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Оқыту әдістерін өзгерту мен дәрістерде белсенді жаттығулардың формаларын пайдалану оқушылардың жұмыс нәтижелерін бағалауды өзгертуге апарып соғады. Әдістер мен құралдардың көмегімен жүзеге асатын бақылау мен бағалау әр түрлі функцияларды: бағдарлау, диагностикалық оқыту, тәрбиелеу, дамыту, бақылау мен басқару қызметтерін орындай алады. Алайда көптеген мұғалімдердің практикасында олар бір-ақ нәрсеге бағаларды жинақтау мақсатындағы білімді бақылауға саяды, ал бағаның өзі ынталандыру мен жазалаудың құралына айналады. Әдетте мұғалім дәстүрлі сабақ беруде оқушыларды өткен сабақта нені оқытқанын күтіп материалды, тақырыпты түсіндірді, өз пәнінің курсынан негізгі фактілер мен қағидаларды қайта жаңғыртуды күтеді. Сөйтіп оқыту қайталау сипатына ие болады.

Осы курстың бағдарламасының мазмұнына тоқталсақ, берілген модульдер біртұтас кешенді сипатта ұсынылған:

Білім беру мен оқудағы жаңа тәсілдер;

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Талантты және дарынды балаларға білім беру;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу;

Білім берудегі басқарушылық пен көшбасшылық (МАН,12бет)

Осы курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде менің бір түсінгенім: осыған дейін біз оқушылардың еркін өз ойын айтуына, өзіндік пікірінің қалыптасуына кері әсер етіп жүр екенбіз. Оны мен өз тәжірибемнен байқадым. Егер оқушы дұрыс емес жауап берсе, бұған дейін біз: дұрыс емес, қате, отыр деп мысын басып тастап отырған екенбіз. Курсты оқу арқылы менде оқытуға деген жаңа көзқарас пайда болды;

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрылым танымал білім беру әдістемелері арасында Кембридж тәсілінің теориялық негіздері теориялық оқытуда кең тараған. Сындарлы оқыту бағдарламасындағы негізгі модулдер мен оқытудағы жаңа тәсілдерді басшылыққа ала отырып мектептегі жүргізілген іс-тәжірбие кезінде дәстүрлі оқытудағы күнтізбелік жоспарды байланыстыра отырып орта мерзімді жоспарлау жасадым. Орта мерзімді жоспар жасаған кезде негізгі мақсаттар мен міндеттерді және жасалатын іс-әрекеттерді ескере отырып қысқа мерзімді сабақтар жоспарын жасадым.

Мен бірінші бетпе-бет кезеңінен алған теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында, сыныппен ең алғаш өткен сабағым 6 «б» сыныбындағы «Ас үй жабдықтарын тиімді орналастыру» тақырыбы болатын. Сыныпта 25 оқушы бар. Технология қыздар және ұлдар тобы болып бөлінетіндіктен 12 ер балаға сабақ өткіздім.

Сабағымды бастамас бұрын оқушылардың сабаққа қандай көңіл күймен келіп отырғандарына назар аудардым. Оқушылар жақсы, тамаша, өте жақсы, көңілдімін деген жауаптар айтты. Алғаш сабақ болғандықтан үш топқа өз еріктерімен отырғызып топтық ереже жасау тапсырдым, яғни топта қандай ережелер сақтау керек екендігін жазды. Мысалы:

Топта ауызбіршілік болу керек

Мұғалімнің сөзін бөлмеу керек

Бір – бірінің пікіріне түсінікпен қарау

Сабаққа қажетті құралдарды алдын-ала алып қою

Мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау қажет – деген сияқты жауаптар плакат бетіне жазылды. Оны әр топ өзінің жұмысы ретінде ортаға шығып жеке жеке қорғады. Бір жағынан баяндамашы рөлін де, бақылаушы рөлін де қосымша үйретіп кеттім. Қосымша сабақ үдерісінде жүргізілетін бағалау түрлерін екі жұлдыз бір ұсыныс, критерий, бағдаршам, басбармақ арқылы бағалауды түсіндірдім.

Сыныпта психологиялық ахуал туғызу мақсатында «1, 2, 3, 4 сәлем» ойынын өткіздім. Бір дегенде оң қолды жоғары, екі дегенде сол қолды жағары, үш оң қолды ортаға, төрт дегенде сол қолын ортаға қойып «сәлем» деп айтқанда оқушылар бір-бірімен амандасып жағдай, аман-саулық сұрасып жұпта, топта және ұжым болып сұрасты. Қағаз қиындыларын таратып, ондағы суретке қарап (суреттерде тоңазытқыш, газ плитасы, ыдыс аяқ жуатын) топтарға бөлінді. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға сурет қиындыларынан шыққан суреттерді атаңдар!-деп айттым және қолдарындағы барлық фотоларды көрсетіп суреттер жайлы не ойларын бар? деп едім оқушылар арасына бір оқушыдан ұтымды жауап естідім. Нұрлан есімді оқушы: «мұнын барлығы асхана бөлмесінде болады, орналасады» деп жауап қатты. Осы сұрақтар негізінде жаңа сабақ тақырыбы ашылды, яғни бүгінгі сабақтың тақырыбы «Ас үй жабдықтарын тиімді орналастыру» деп, оқушыларға дәптерге тақырыпты жазуды ескерттім. Кейінгі сұрақтар былай жүргізілді:


Мұғалім іс әрекеті

Оқушы іс әрекеті

1. Ас үйде тағы да қандай жиһаздар, бұйымдар болады?
2. Ол бұйымдардың қалай орналасқаны дұрыс?

3. Мысал келтіре аласыз ба?

4. Бөлмеге жарық қалай түсуі керек?
5. Бөлменің түр-түсі қандай болы қажет?


Тоңазытқыш, ыдыс аяқ жуғыш машинасы, газ плитасы, түрлі ыдыс – аяқ, бұйымдар қоятын шкафтар, қол жуатын т.с.с

Ас үйге кіргенде бұйымдар орналасуы ыңғайлы болуы, өз реттілігімен тұруы, бір – біріне жақын жерде орналасуы керек

Мысалы: кірген кезде асханаға қол жуатын тұруы керек, өйткені ас үйде қолын таза болып жүруін қажет

Ас үй бөлмесі жарық болуға тиісті. Бөлмеде бірнеше электр шамдары орналасуы керек

Ашық түсті, жағымды түстер болуы қажет

Бұдан басқа да сұрақтар топтамасын қойып ұтымды жауап алдым. Дұрыс емес жауап айтылғанда кімнің қандай ойы бар, көмектесе алатындар барма? деген оқушының білім алғанын қолдау үшін сұрақтар қоюдың түрлі техникаларын пайдаландым.

«Ас үй жабдықтарын тиімді орналастыру» тақырыбының кітаптағы мәтінін жеке жеке оқуға 4 минут бердім. Оқылған мәтінді жұп арасында талқылауды тапсырдым және әрі қарай оқуда қолданылатын әңгімелесу түрі топтық әңгіме жүргізілді. Мұнда оқушылар бір бірінін айтқанын, ұсынған идеясын тыңдап, әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілді. Келесі жұмыс «Бақылаушы, баяндамашы» ойынын жүргіздім. Бұл ойында топқа мәтінмен жұмыс беріліп плакатқа сол мәтін бойынша үйлесімді, талапқа сай ас үй салу керек. Осы жұмысты критерий арқылы бағалады. Әр критерий арқылы бағалап жатқанда оқушыларға бәрекелді, тамаша, керемет т.б. мақтау, мадақтау сөздерін айтып ынтасын көтеріп отырдым.

Бағалау критерийлері: 1) Баяндамашының жақсы, мазмұнды түсіндіруі

2) Салынған суретінің безендірілуі, көркемделуі

3) Жұмыс жасағанда топ ішіндегі ауызбіршілік

Балдық жүйе: 0, 1, 2

Осы критерий арқылы бағалау бойынша оқушылар, яғни бақылаушылар әр критерийге сәйкес бал қойып талдап, саралады. Бағалауды жаңадан үйрендіктен бе толық ауқымды етіп, ойын толық айта алмай, жан жағына қарап, тұтығып бағалап берді.

Келесі жұмыс «керемет» ойынын жүргіздім. Мұнда топтарға бір бір ноутбук беріліп соның ішінде ас үй бөлмесінің суреттері бар, фото топтаманы оқушылар көріп топта талқылап, ас үй бөлмесінің өзінің талаптарына, ерекшеліктеріне сай келетінін ажыратып топ қорғаушылары қорғады. Әр топтың бақылаушылары қорғалған жұмыстарды екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалады. Әр топтың айтқан екі жұлдыз бір ұсыныстарын кейбіреулерін айта кетсем.

Оқушылар 1 топ:

1. Арман жақсы сөйлеп түсіндірді. тамаша!

2. Жақсы ас үй бөлмесін таңдаған. Керемет!

3. Ұсыныс: Мына суретінде ас үй қойылатын талап дұрыс сақталмаған, өйткені ас үстеліне түсетін жарық шамы жоқ, жалпы бөлмеге орнатылған осыған мән берілсе

2 топ 1. Әдемі түсі бар бөлмені таңдаған. Өте жақсы!

2. Ас үйге қойылатын талаптар мен ерекшеліктерге сай екен Тамаша!

3. Ұсыныс: Сырым өз жұмысын нақты етіп түсіндіре, жеткізе алмады нақты түсіндірсе екен

3 топ 1. Талапқа сай өте жақсы бөлмені алған

2. Нұрланның айтқанына, түсіндіргені қызықты болды. Керемет, тамаша!

3. Ұсыныс: Топта бөлмені таңдағанда көп шулады, тобы ауызбіршілікте болса

Осылай топтар бір бірін бағалады.


Сергіту сәті. Бурундучок биін билету арқылы көңілдерін, сабаққа ынтасын көтердім.

Жеке жұмыс ретінде «деңгейлік тапсырма» бердім. Деңгейлік тапсырманың тиімді жақтары:



  • Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әр оқушының белсенділігі оянады;

  • Оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді.

  • Барлық оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, оның орындалуына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады.

  • Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, төзімділікке ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.

  • Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздығы, шығармашылығы мен дарынының шыңдалуын тәрбиелейді.

Деңгейлік тапсырма беру арқылы талантты және дарынды балаларды анықтай отырып, келесі сабақтарда кеңейтілген, праблемалық тапсырмалар дайындау мақсатында бердім. Білім тексеру оқушыға да мұғалімге де қатысты, себебі оқушының алған бағасы оның білім деңгейін көрсетеді. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей оқушы бойындағы дарындылықты әрі қарай дамытуымыз керек. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімді пайдалану. Деңгейлік тапсырманы интерактивті тақта арқылы көрсетіп, жауаптарын интерактивті тақтадан дұрыс жауапты шығару арқылы жұптасып бірін-бірі бағалады. Сонымен қатар талантты және дарынды оқушылар осы тапсырманы орындау мақсатында жеке дараланып шықты. Алдағы уақытта білімді игеру қабілетіне қарай оқушыларға одан әрі кеңейтілген тапсырмалар беріп, оқушы білімін одан әрі шыңдауға жұмыс жасаймын.

Келесі жұмыс жұп арасында сұрақтар құрастыру және топ арасынан жақсы деген үш сұрақ дайындау. Сұрақтар 1 топ. 1. Раковинаның биіктігі біркелкі етіп қанша сантиметр болуы керек?

2. Ас үй белмесіндегі еденге не төсеген дұрыс?

3. Плинтусты әдетте қандай бояумен бояйды?

2 топ 1. Ас үй бөлмесі сен үшін қандай түс болуы керек?

2. Үй жиһаздары қалай орналастыру керек?

3. Тамақ ішетін орынға неліктен жарық түсуі керек?

3 топ 1. Ас үй жабдықтарын тиімді қалай орналастырады?

2. Ас үй қалай таза ұстау керек?

3. Ас үй жиһаздарын орналастырғанда қандай ережеге бағынуы тиіс?

Осы сұрақтарға топтар бір – біріне барып сағат тілімен ауыса отырып жауап жазып қалдырды.
«Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында ЭССЕ жұмысын алдым. Мұнда қабілеті жоғары оқушылар жақсы деңгейде жазды. Бір таң қалдырғаны қабілеті, үлгірімі төмен бір оқушы керемет етіп ЭССЕ ні жазыпты.

Соңғы жұмыс оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерін білу мақсатында рефлексия парағын алдым. Парақта мына сұрақтар қамтылды:

Рефлексиялық парағы

Сыныбы:


Аты, тегі__________________

1.Сіз өзіңіз үшін жаңадан не білдініңіз?

2.Сізге бәрінен бұрын не ұнады?

3.Сіз үшін не жеңіл болды?

4.Сіз үшін не ауыртпалық тудырды?

5.Сіздің қиыншылықтарыңызды шешуге не көмектесті?

6.Сіз бұрын істей алмайтынды қазір істей аласыз ба?

7.Сізге қай жерінде көмек қажет етілді?

8.Сізде қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Осы сұрақтар барысында кері байланыс жүргізу арқылы оқушылардың метасанасы қалыптасты.

Сабақ соңында

Дәстүрлі сабақта

Мұғалімнің әдістері. Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме береді

Тапсырманың идеясын анықтайды. Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді



Жаңа теориямен өтілген сабақта

Мұғалімнің әдістері. Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды. Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды, тапсырмамен өздері танысады

Тапсырмаларды талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Өз ойларын жазуды ұсынады. Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын жасайды
Қорытындыда айтарым, тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабағыма жаңа әдіс тәсілдерді енгізе отырып, Бағдарламаның жеті модулін де асқан ептілікпен кірістіре алдым және олар бір-бірімен тығыз байланысып жатты. Алайда оқу үдерісінде көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, Бағдарлама ең алдымен мұғалімге бағытталған. Мұғалім сабақ үдерісінде «мінсіз оқушы» қалыптастырғысы келсе, ең алдымен өзінің де жоғары деңгейде сыни ойлау қабілеттерін дамыту керек. Сонда ғана «мінсіз оқушының» бейнесін көре аламыз.Тізбектелген сабақтар топтамасындағы ең алғаш енген сабағым болғандықтан, сабақ беру үдерісінде Маған не қиын болды? Топтау кезіндегі қиыншылық, яғни уақытты үнемдей алмауым. Қиындықты жеңудегі мақсаттарым қандай ? Оқушылармен достық қарым-қатынасты күшейту,оқушыларға қарай сұрақтарды саралау, сұрақты өз идеяларын дамытуға көмек беретіндей етіп құру,Бағдарламаның жеті модулін сабаққа кіріктіру. Осы сабақтың нәтижесінде әлсіз оқушыны ынталандырдым, сөйлемейтін баланы-сөйлетуге ықпал жасадым, ал білімі жоғары оқушыны көшбасшылыққа жетеледім. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу міндетін қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді.Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды.[МАН-8 бет]

Мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, алдағы уақытта өз іс-тәжірибеме Бағдарламаның жеті модулін әр сабағыма кіріктіре отырып шыңдай түсемін.

Жалпы айтқанда барлық әдіс тәсілдерді меңгерген, жан-жақты дамыған, кәсіби құзыретті мұғалім болғым келеді. Тек бұл ғана емес, оқушыларым ұстазым деп айта алатын деңгейге көтерілсем деймін. Өйткені бізге баға беретін – оқушы.

Пайдаланған әдебиеттер:





  1. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 ж. Мұғалімге арналған нұсқаулық




  1. С.Мирсеитова. «Оқыту ізденіс ретінде және оқыту ретінде»




  1. Технология 6 сынып Алматы «Атамұра» 2002




  1. Оқыту үрдісінде танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Дүйсенбаев, Балғожаев Қызылорда 2006

Каталог: uploads -> doc -> 0588
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0588 -> Сабақ тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шешу. Сабақ мақсаты
0588 -> Сабақ тақырыбы Кинематиканың негізгі түсініктері мен теңдеулері. Кинематика формулалары. Еркін түсу. Есептер шығару
0588 -> Сабақтың тақырыбы: Гүл, жеміс және тұқым Сабақтың мақсаты: Білімділігі
0588 -> «алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» ПӘнінен глоссарий абстрактілі әдістер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет