А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі


Аманжол Бахтияр Тұтқабайұлы



бет23/34
Дата17.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#191662
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Аманжол Бахтияр Тұтқабайұлы (1952 жылдың 28 ақпаны, Алматы қаласы) қазақ композиторы, музыкатанушы, өнертану ғылымының кандидаты, оқытушы, Қазақстан музыка өнерінің көрнекті қайраткері. Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның композиция және музыкатану кафедраларының доценті. 1970-1977 жылдар аралығында П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында оқыды. Композитор-философ Бахтияр Аманжолдың музыкасы тек қарапайым музыка ғана емес, оның ауқымы кең тіршіліктің пайда болу жүйесімен байланысып жатқан музыка. Оның идеялық мазмұны – әдеттегі музыканың құрылыстары арқылы оның мәнін жеткізуден әрі асып түсіп космостың өзімен байланысып жатыр. Музыка – ғаламның табиғи бөлігі, оның нағыз дыбыстық сапасы.
Осындай кең ауқымды идеяны қамту – мәдениет пен өнердің көптеген салаларынан жан-жақты терең білімдер композитордың өзінің жеке тұлғасына байланысты.
Бахтияр Аманжолдың шығармашылығында қазақтың дәстүрлі өнері түсінігі маңызды орын алады.
Композитордың эстетикалық қағидаларының негізінде көпқырлы кеңістіктің тәңірлік түсінігі, жаратылыстың көзге көрінбейтін бөлігі – бейтаныс әлем жатыр.
Оның музыкасындағы осындай көпқырлылық саналуан полифониялық құралдар арқылы жеткізіледі, музыкалық ткань көптеген жеке сызықтар арқылы өріліп, музыкалық фактураның кеңістік қатарлары арқылы шығарылады.
Оның шығармалары: «Арқа», симфониялық поэма. 1977 ж. Скрипка мен оркестрге арналған концерт, 1980ж. «На пустом берегу», Симфониялық оркестрге арналған, 2000ж. Кларнетке арналған соната, 1975жыл. Скрипка мен фортепианоға арналған, 1977 жыл. Виолончель мен фортепианоға арналған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасы, 1987жыл. Домбыраға арналған «Жандану» күйі, 1989 жыл. Фортепианоға арналған үш пьеса, 1991жыл. Прима – қобыз бен фортепианоға арналған, 1977жыл. Домбыраға арналған «Аққу» күйі, 2000жыл. «Итальяның үстінен ұшып бара жатқанда» пьесасы, 2013жыл. «Ой толғау», «Жайық асу» өңдеулері, 2005-2006 жылдар. Қазақтың халық аспаптарына арналған үш балалар пьесасы, 2007жыл.


Байқадамов Бахытжан (24.03.1917-1977) қазақ музыка әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ҚР еңбегі сіңген өнер қайтаркері (1957) Торғай қаласында дүниеге келеді. Жастайынан өнерге, музыкаға құмарлығы артып, мектептегі көркемөнерпаздар үйірмелерінде үрмелі аспаптар оркестріне қатысып көптеген аспаптарда ойнауды игереді.
Қазақстандағы хормен ән айтудың негізін қалаушы, күйлер мен халық әндерінің алғашқы өңдеушісі, оның әндері мен күйлері қазіргі кезде көркемөнерпаздар мен кәсіби хор ұжымдарының репертуарынан түспей жүр. Бұдан басқа, Бақытжан Байқадамов - көптеген әндердің авторы, сонымен бірге балалар мен жасөспірімдерге арналған аспаптық шығармалардың авторы. Көрнекті химик бола тұрып, ұлы орыс композиторы атанған Александр Бородин сияқты, Бақытжан Байқадамов ғалым-математик бола тұрып, композитор ретінде танымал және атақты болды.
1933-37 жылдарда Қазақ педагогикалық институтының физика-математикалық факультет студенті бола жүріп, студенттердің хорын ұйымдастырып, қалалық, республикалық оқу орындардың өнер жарыстарында бірнеше рет жүлделерге ие болады. 1938 жылы оқу бітірісімен Алматы қаласындағы мектептерге сабақ бере жүріп, композитордық өнерден сабақ алып «Пионерлер әні», «Шопан әні» атты алғашқы әндері жарық көрді. Музыка саласындағы білімін тереңдету мақсатымен композиторлар одағы жанындағы жас композиторлар курсына түсіп, Композитор Е.Г. Брусиловскийден сабақ алады. Отан соғысы жылдарында жас композитор Отан қорғау тақырыбына арналған: «Батырлар Панфиловшылар», «Тезірек», «Біз батырлардың ұрпағымыз», «Ант», «Біз жеңеміз», «Ғабдуллин туралы» т.б. әндері тыңдаушылардың көңілінен орын тауып, жас өнер иесін халқына танытады. Осы жылдары Бақытжан Торғай өлкесінде музыка фольклорын жинаумен айналысып, Амангельді Иманов бастаған 1916 жылғы ұлттық бостандық үшін күрескен батырын мадақтайтын 50 шақты әндерді жинақтайды.
1944 жылы Қазақстан композиторлар Одағының мүшелігіне қабылданады. 1947 жылы жас өнер иесі Б. Байқадамов Алматы мемлекеттік консерваторияның тарихи-теориялық факультет студенті болып Е.Г. Брусиловскийдің класына қабылданады.
1948-52 жылдары Қазақтың мемлекеттік Жамбыл атындағы мемлекеттік хор ұжымының көркемдік жағын басқарады. 1953 жылы «Меруерт» атты операның бірінші актісін жазып, дипломдық жұмысын бітіреді.
1957 жылы Қазақ филармониясының көркемдік жағын басқарады. Қазақ Республикасының ән-би ансамблінде еңбектенеді, өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік қыздар педагогикалық факультетінің доценті қызметін атқарады.
Композитордың алғашқы алған физика-математикалық жоғары білімінің көмегімен ол көп жылдар консерватория жанындағы ұлт аспаптар шеберханасының ғылыми қызметін атқара жүріп, домбыра, қобыз, шертер, жетіген, т.б. аспаптарының дыбысын, көркін, көлемін жан-жақты зерттеп, жаңалықтар енгізеді. Б. Байқадамов қазақ музыка әдебиетіне өз үлесін тағы бір қырынан қоса білді. Дауыстап ән салу мен бірігіп ән-хор айту мәдениетіне елеулі еңбек сіңірді, хор капелласы мен ән-би ансамбліне арнап жазған туындылары композитордың кең тынысты, әр қилы ұлттық ән-би, күй, бояу дәстүрін жоғалтпай оған жаңа ырғақ, өңдеу, саздық үндесін бере білген музыка мәдениетіміздің бір белесі деп бағалауға тұрарлық. Мемлекеттік филармонияның хор капелласына Бақытжан Байқадамовтың аты берілді.
Шығармалары: әндері 50-ден астам «Айгөлек», «Домбыра», «Ақ бидай», «Волга-Дон», «Студенттер», «Қуаныш әні», «Қорғауда». Хорға арналған сюита «Бейбітшілік үшін» 4 бөлімді. «Жеңімпаздар әні», «Сізге сәлем». Хорға өңделген «Майра», «Мейрамды базар», «16 қыз», «Айгөлек». Халық аспаптар оркестрге «Жаңа күй», «Жастық поэмасы». Симфониялық оркестрге симфониялық поэма «Симфониялық күй», «Өзгерген өлке», Ре-минорлы фантазия – скрипка мен фортепиано үшін т.б. Ән-би ансамбліне ән хореографиялық шығармашылық – «Алатау баурайында», «Алма ағаштар гүлдейді», «Су тасушы», «Жайлау кеші». Хор мен симфониялық оркестрге арналған «Біздің жастық» шығармасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет