2. Оқытудың инновациялық әдістері.
Оқытудың инновациялық əдістерінің классификациясы мынадай топтарға бөлінеді:
1. Қатысушы саны бойынша;
2. Ұйымдастыру жері бойынша;
3. Оқу-танымдық қызметі бойынша;
4. Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша;
5. Компьютерді қолдану принципі бойынша. Енді осылардың əрқайсысын жеке-жеке қарастырайық. 1. Қатысушы саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық, триада жəне диада болып бөлінеді.
Ұйымдастырылған жері бойынша: аудиториялық және аудиториялық емес(жолсапарлы және экскурсиялық.
Оқу-танымдық қызметі бойынша: имитациялық(ойын және ойын емес) және имитациялық емес
Ойын түріне:
«Миға шабуыл» әдісі.Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған болатын. Әуел баста жарнамалық бизнесте қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген еді.
Бұл әдістің негізгі міндеттері:
Миғашабуыл – топ мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті.
Бұл әрекет жүргізуші тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы шарт.