Байланысты: А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
3. Педагогика тарихы ғылым ретінде – тарих және педагогика ғылымдары түйісінде, кейіннен философия салалары – әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда. Ал, Қазақстан педагогика тарихы болса, ол дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдіспен өзара байланыста және оның құрамдас бір бөлігі болып, өзінің даму жолында ерте кезден осы күнге дейінгі аралықтағы әр тарихи кезеңдегі тәлімдік ой-пікірлерді талдап, тәрбие мен білім беру мәселесінің дамуын зерделейтін педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырылады. «Педагогика тарихы» ғылым ретінде. Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде. Педагогика тарихының негізгі ұғымдары: тәрбие, білім беру, оқыту, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой, педагогикалық идеялар, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие. Ғылым мен оқу пәні ретіндегі педагогика тарихының тақырыбы мен міндеттері. Оның басқа ғылымдармен байланысы (жалпы тарих, философия, мәдениеттану, филология т.б.).
Педагогика тарихының әдіснамасы, оның көздері мен әдістері. Педагогика тарихы мен қазіргі заман. Қазақстан Республикасы егемен ел болғалы педагогикалық білім беру мазмұнына да біршама өзгерістер енуде. Қоғамдағы жаңа әлеуметтік-саяси және мәдени жағайларға байланыстм оқу пәндерінің барлық түрлеріне де жаңаша талап қойылуда. «Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы» - кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесіндегі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде педагогтық оқу арындарының жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұнын анықтау істерінде ұлы көсеміміз В.И.Лениннің мұғалім туралы идеясы, оның педагогтық еңбектің саяси және қоғамдық мәні, мұғалім белсенді қоғам қайраткері екендігі жөніндегі терең ойлы негізге алынды. Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол - өте күрделі және сан қырлы. Педагогтық мамандық иесі адамнан ең алдымен терең және жан-жақты ғылыми білімді болуын, мамандық шеберлігі шыныққандықты, саяси-адамгершілік сапаларды, мықты ерік қасиеттерді, адамшылық пен ұстамдылықты талап етеді. Мұндай зор талап өз өмірлерін жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнаған педагогтық оқу орындарының студенттеріне көптеген міндеттер жүктейді.
Педагогтық институттарда студенттердің болашақ мұғалімдік мамандығының бағытын анықтауда, әсіресе олардың осы мамандыққа қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыруда педагогика тарихы пәнінің алатын орны ерекше. Педагогика тарихы арқылы болашақ мұғалімдер педагогика ғылымының бай қазынасы мен мұраларын меңгереді, әр түрлі тарихи дәуірлердегі педагогтардың прогрессивтік және реакцияшыл торичларының арасындағы шиеленіскен күрестермен танысады. Педагогика тарихын оқу үстінде болашақ ұстаздардың педагогикалық ой-өрісі кеңейеді, олар педагогикалық тұрғыдан ойлануға, оқу мен тәрбие жөніндегі әр түрлі пікірлерді салыстыруға, бағалауға, қажетті жағдайда пайдалануға үйренеді Дүниежүзілік және отандық тарихи-педагогикалық теория мен тәрбие-білім беру тәжірибесін тарихи динамикада меңгеру, болашақ мұғалімге оның кәсіби және адамгершілік жағынан жетілуіне көмектесіп, оқушылармен жұмысы кезінде өзіндік шығармашылық стилін табуға ықпал етеді. Бұл ретте педагогика тарихы курсының мамандарды кәсіби дайындаудағы алар орны ерекше болып келеді. Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес педагогика курсын оқу барысында студенттер тәрбие теориясы мен тәжірибесінің, мектептік білім берудің, педагогикалық көзқарастың, қалыптасуы мен даму тарихы бойынша айтарлықтай білім алып, әртүрлі заманның және әртүрлі халықтың, соның ішінде өз халқының ағартушылары мен педагогтарының идеяларымен танысады.
Педагогика тарихы курсының барысында студенттер мынадай білімдерді игеруі тиіс: көптеген жылдар бойымдағы әлеуметтік-таптық көзқарастардың абсолюттігі туралы; мектеп тарихындағы және педагогикалық ойдың бағыттарының бұрмалануы мен теріс бағалануына әкелген мәдени-тарихи және әдістемелік көзқарастардың терістігі туралы. Сондай-ақ келесі біліктерді игерулері тиіс: 1) тарихи білімдердің қоғамның мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалына талдау жасау; 2) отанымыздағы мектеп пен педагогиканың тарихын дұрыс түсініп, объективті баяндау, тұтас дүниежүзілік тарихи-педагогикалық процеспен байланысын игеру; 3) қоғамның қазіргі заманғы дамуы жағдайында өткен кезеңнің тәжірибесін шығармашылық түрде қолдану. Студеттерге «Мамандыққа кіріспе» курсын меңгерту барысында «Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы» курсын оқытудың, негізгі педагогикалық категорияларды меңгеруге мүмкіншілік береді. Философия, әлеуметтану, қазақстан тарихы, мәдениеттану, психология, сияқты бір-біріне ұқсас пәндер әдіснамалық қызмет атқарып, «Адамзат тарихымдағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы» курсын тереңірек меңгеруге ат салысады, сонымем бірге бұл пәндер студенттерге білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдениттану факторларын әсерін нақтырақ білуге жағдай жасайды.
Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді. Коммунистік партия өткен дәуірде қол жеткен тәжірибелерді зерттеп, пайдалануға үлкен мән береді. Пролетариат социалистік қоғамды құруда және оның мәдениетін дамытуда адамзаттың қолы жеткен тәжірибесінен бас тартпайды, керісінше, коммунизм құруға қажетсізін шығарып тастап, ол тәжірибенің барлық бағалы жағын пайдаланды деп көрсетті В.И.Ленин. Қоғамдық өмірді оқыту және тәрбие теориясы мен практикасы сияқты ең қажетті құбылысына бұл қағиданың тікелей қатысы бар. КПСС Программасы қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтай отыра коммунистік қоғам құрылысының тәжірибесін зерттеп және теориялық жағынан жинақтауды, коммунистік қоғамның экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын анықтауды, коммунистік тәрбие проблемаларын зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты қазіргі кездегі тарихи педагогикалық ғылымның басты міндеттерінің бірі – дүние жүзіндегі ең бірінші социалистік мектептің құрылу тәжірибесін шын ғылыми түрде жинақтап зерттеу болып саналады. Коммунистік тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын мұғалімнің білуін керек етеді. Өткен дәуірлерде алдыңғы қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің педагогтық дайындығын күшейтеді.
Педагогика тарихы мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді, олардың коммунистік тәрбие мәселелерін дұрыс шешуіне көмектеседі. Маркстік-лениндік педагогиканың дамуы мен пайда болуын және совет мектебінің даму тарихын білу арқылы мұғалім совет мектебін жинақталған бай тәжірибесімен танысады, сол арқылы ол өзін мұғалімдік қызметке даярлайды. Деректі материалдары мен ториялық тұжырымдары болашақ мұғалімнің ой-өрісін кеңейтеді, оларды педагогиканың классикалық шығармаларымен таныстырады, комунистік тәрбиенің жастарды тәрбиелеу салаларының басқа түрлерінен артықшылығын және зор күшін көрсетеді. Педагогика тарихын терең меңгеру арқылы болашақ ұстаздар совет мектебінің теориясы мен тәжірибесінің дидактикалық және тәрбие мәселелерін байыпты ойластыра қарастырып шешуге үйренеді. Осылай педагогика тарихы болашақ ұстаздарды халық ағарту ісі мен педагогикалық идеялар және педагогикалық әдебиеттермен кең және әр жақты қаруландырады. Советтік педагогика тарихы әр дәуірдегі тәрбие мен тәрбие мекемелерінің дамуын зерттеуде қоғамның дамуы туралы маркстік ілімге сүйенеді. Бұл ілім бойынша педагогикалық теориялар, тәрбие мекемесінің жүйесі, оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырылуы, мазмұны және әдістері қоғамның материалдық өмірінің жағдайларына сай белгіленеді. Мектеп тәжірибесі мен педагогикалық ой-пікір қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген объективтік заңдылыққа сүйене отыра, педагогика тарихының марксистік зерттеушілері мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін қайта құрудың, педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.