А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет52/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

Біріншіден, жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңарулар әртүрлі білім мекемелерінде білім беру жүйесін, әдістемелер мен оқутәрбие үдерісін ұйымдастыру технологияларын түбірлі түрлендіру қажеттілігіне әкелді.
Оқытушылардың қызметіндегі инновациялық бағыттары – педагогикалық жаңа әдістерді ойластыру, меңгеру және пайдалануды қамти отырып, білім беру саясатын жетілдірудің құралы болып табылады.
Екіншіден, білім беру мазмұнының гуманитаризациялануын арттыру, оқу пәндерінің көлемін, құрамын үздіксіз өзгерту, жаңа пәндерді, жаңа оқыту технологиялары мен ұйымдасты- ру түрлерін енгізу тұрақты түрдегі ізденістерді қажет етеді. Бұл оқытушылар ортасындағы педагогикалық білімнің рөлі мен беделінің елеулі өсуіне әкеледі.
Үшіншіден, оқытушылардың өздерінің педагогикалық жаңаруларды игеру мен қолдануға қатысты ойлары өзгеріске түседі.
Ал студенттік жылдар – бұл келешек мамандарды кәсіби дайындау мерзімі ғана емес сондай-ақ, олардың жеке тұлға болып қалыптасу кезеңі. Жоғары оқу орындарының оқытушылары студенттер өмірінің осы кезеңінде олардың маман ретінде, азамат ретінде қалыптасуына, тәрбие алуында үлкен рөл атқаратындығын өте жауапты сезінуі қажет.


2. Тәрбие үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жоғары оқу орындарындағы тәрбие – бұл студенттерге саяси сауаттылықты, өнегелілікті, әсемдікті, салауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын әрқилы әрекеттер, олардың қабілеттілігі мен рухани күшін дамытуға, қоршаған ортамен және азаматтармен қатынасын қалыптастыруға нақтылы бағытталған, арнайы ұйымдастырылған оқытушы мен студент арасындағы педагогикалық үрдіс. Сол себепті тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға қолғабыс ететін жалпы тұжырымдамалық қағидаларға тоқталып өтейік.

  1. Аудиториядан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары оқу үрдісімен байланысты дербес санат ретінде қабылдануға тиіс. Тәрбие мен оқу ортақ мақсатқа ие – келешек маманды «тұлға» ретінде қалыптастыру. Тәрбие ісі бұл оқу үрдісінің жалғасы емес, сондықтан қосымша сабақ ретінде өткізуге

Ол салауатты дамуына көмектесуде, жеке тұлғалық және әлеуметтік мәнді қасиеттерінің қалыптасуына өзіндік мазмұнымен, әдістемесімен және ұйымдастырылу түрімен өз мақсатын жүзеге асырады. Тәрбие азаматтық қалыптасуына жәрдемдеседі.

  1. Жоғары оқу орындарындағы тәрбие дербес санат ретінде өз мақсатын – келешек маман тұлғасын жан-жақты дамытуды жетекшілікке алады. Жарым-жартылай бұл мақсат оқу барысында да жүзеге асырылады, тек жартылай ғана, өйткені оқу үрдісінің өз мақсаты өз алдына, ол оқу бағдарламаларымен, ұйымдастыру ерекшелігімен шектеледі. Ал тәрбиелеу жұмысы осы мақсатты жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Оның жүзеге асуы студент тұлғасының дамуына жан-жақты ықпал етуге тиіс.

  2. Студенттерді тәрбиелеу өнімділігі осы үрдістің жүйелі болуына тікелей қатысты. Яғни, оқу үрдісі, аудиториядан тыс тәрбие жұмысы, қоғамдық ұйымдар мен студенттердің қалауына сай ұйымдардың жұмысы, жоғары оқу орнындағы ішкі жағдай жүйенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орнындағы кіре берістен бастап аудиторияға дейінгі барлық дүниенің тәрбиелік мәні өте зор болуға тиіс. Егер тәрбие мәселесі жоғары оқу орнының барлық әлеуметтік құрылымының қызметі болатын болса, онда үйлестірілген тәрбие жүйесінің құрылғандығы жөнінде айтуға болады.

  1. Оқытушы жетекшілігін ескере отырып, басынан бастап бұл үрдіске студенттердің өздерінің күш-жігерін, белсенділігін қоса білу қажет.

  2. Студенттерді тәрбиелеу үрдісіне келесі функциялар тән: тәрбиелік, дамытушылық, білім алушылық-танымдық, жан-жақтылық, ұйымдастырушылық, кәсіби. Тәрбие беру нәтижесінде барлық функциялардың толық деңгейде жүзеге асуы міндетті емес. Функцияларды білу мен түсіну тәрбие ісін ұйымдастырушыларға тәрбие ісін жоспарлауда, жаңартуда, ұйымдастыруда, педагогикалық сараптауда оның мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектеседі.

  3. Жоғары мектептің заңды негізде бекітілген кәсіптік мамандарды даярлау қызметі студенттің жеке басының қалыптасуына шектеулі көлемде біржақты тәсілдің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Тек нақтылы өмірде адам кәсіби қызметпен ғана айналысып қоймайды ғой. Осыған сәйкес студенттерді тәрбиелеуде жүйелік рөл тәсілі әлдеқайда өзін-өзі ақтайды.

Жоғары мектеп әрине кез келген студентке барлық әлеуметтік рөлдерді игеруіне көмектеседі, ал әрбір студент болса жас ерекшелігіне және әлеуметтендірілу жағдайына қарай оны игеруге қабілетті.
Әлеуметтану саласының ғалымдарының пікірі бойынша:
«Қоғамның әлеуметтікмәдени және экономикалық қажеттіліктерінің шиеленісуі тәрбие беру институттарының саналуандылығын арттыруы керек, солар арқылы қоғам мен мемлекет әр адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруға, қабілеттері мен мүдделерін дамытуына жағдайлар жасап отырады», – деп тұжырымдайды .
Ал әлеуметтік рөлдер жүйесі шындығында жас адамдарды өмірге, қоғамға және еңбекке баулиды. Атап айтқанда бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып әсіресе маманның кәсіптік өнегелілігі, ал педагогтық өнегелілік негізгі, тұжырымдамалық ілімнің бір мәртебесіне ие болып, жоғары оқу орындарының тәрбиелік қызметінің жиынтығында өз орнын иеленуі тиіс.
Педагогтық өнегелілік – рухани-құлықтық пен құндылықтар жүйесі негізінде қалыптасады. Сондықтан да білім беруде оқытушылардың бойында болуға тиісті келесі басты элементтерді де атап өткен жөн:

  • кәсіптік абырой мен қадір-қасиет;

  • студенттердің жеке басын қадірлеу;

  • студенттерге қатысты бірыңғай тілектестік қарым-қатынастар;

  • студенттердің іс-әрекеттеріне әділ қарау;

  • педагогтық ізеттілік;

  • кәсіптік қызметтегі қиыншылықтарды жеңуге әрқашан әзір болу.

Өнегелік құндылықтар мен қадір-қасиет өзара тығыз байланысты. Сондықтан да осылардың негізінде оқытушыларға қарап студенттерде де жеке жауапкершілік қасиеті қалыптасады. Сол ретте студенттердің жоғары оқу орындарында оқып жүрген кезінде өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен ынтасын қалыптастыру өте маңызды болып табылады. Университетте білім беру технологиясы арқылы студент дербестік, жауапкершілік, талаптану мен өз бойындағы кәсіби, зияткерлік, рухани, адами және шынығу деңгейін тұрақты түрде жетілдіру сияқты маңызды құзіреттіліктер мен сапаны қалыптастыру жағдайымен қамтамасыз етілуі, жас ұрпақты тәрбиелеудің басты шарты болып қала бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет