3. Конкурстың тәртібі мен шарттары
1. Конкурс уақыты институттың (мектептің) тәрбие жоспары бойынша белгіленеді.
2. Конкурсқа қатысушы әдвайзер (класс жетекші) тәрбие сағатының жоспар-конспектісін құру керек. (Төменде мысал ретінде келтірілген).
3. Тәрбие сағатының тақырыбына сәйкес слайд, диск және бейне материалдар мен фильмдерден үзінділер және т.б. дайындалуы шарт.
4. Конкурсқа түскен материалдарға пікір берілмейді және қайтарылмайды.
5. Конкурс құжаттары қазақ тілінде (орыс тілінде) қабылданады.
6. Конкурс материалдары ұйымдастыру комитетіне белгіленген уақытында тапсырылуы қажет. № кабинет, байланыс телефоны:
7. Конкурс қорытындысы « » 20 шығарылады.
4. Қорытынды
Конкурс жеңімпаздары сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталады. Барлық сайысқа қатысушыларға қатысу сертификаты беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |