А., Каирова Б. К. Студент жастардың корруцияға қарсы позициясын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектісі



бет26/64
Дата12.12.2021
өлшемі445,13 Kb.
#99769
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Байланысты:
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi (1)

2-бап. Негізгі ұғымдар

            1. Осы Заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы олардың сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

            2. Осы Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

            3. Мемлекеттік міндеттер – Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен мемлекеттің, оның органдары мен мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың өкілеттігіне жатқызылған іс жүргізу мәндері.

            3-1. Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау мәндеттері – заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.

            4. Лауазымды адамдар – тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билік етушілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар.

            5. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар – мемлекеттің міндеттері мен мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей атқару үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген қызметтерді атқаратын адамдар.

Ескерту. 2-тармақ өзгерді – Қазақстан Республикасының 1999.07.23 № 454 Заңымен.

Өзгеріс 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – Қазақстан Республикасының 2001.06.08 № 206 Заңымен.

Ескерту. 2-тармақ өзгерді – Қазақстан Республикасының 2003.09.25 № 484 Заңымен.

 3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері

            1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін осы Заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады.

            2. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдарға:

            1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;

            2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

            3. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдарға:

           1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;

           2) заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелері;

3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін қызметшілер;

4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес пайыз болатын ұйымдарда басқару міндеттерін атқаратын адамдар теңестіріледі.

4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне лауазымды және мемлекеттік міндет атқаруға уәкілетті өзге де адамдарды немесе оларға теңестірілген адамдарды сатып алуды жүзеге асырушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке және заңды тұлғалар да жатады.



Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2003.09.25 № 484 Заңымен.

 4-бап. Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының күллі аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

2. Жекелеген мемлекеттік міндеттерді атқару тәртібі туралы (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесі туралы, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының қызмет өткеруі туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың өзге де ықтимал субъектілері туралы) заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.

3. Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапты болады.

4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкімшілік жауапкершілік пен шара тиісінше Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделеді. <*>



Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2003.09.25 № 484 Заңымен.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет