V бөлім. «Жағдаяттық сұрақтар».
«Ақиқат» тобына: Мәдина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата - анасы қарсы. Себебі, олар Мәдина ҚР - ның азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды. Мәдина азаматтығын жоғалтады ма, әлде?
«Заңгерлер» тобына: Ирина мен Қайрат ҚР - ның азаматтары. Бірақ олар Украинада келісім бойынша жұмыс жасайды. Олардың отбасында ұл бала дүниеге келді, балаға қай елдің азаматтығы беріледі?
«Болашақ» тобына: Қарт адам Париж қаласындағы ҚР - ның елшілігіне келіп, оған ҚР - ның азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген, халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың ар жағында отыруы керек қылмыскер болатын. Оған азаматтық беріле ме?