І бөлім:Визиткалық карточка - топтың аты, топ ұранымен таныстыру.
ІІ бөлім: «Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Олар оған көп ойланбастан жауап берулері қажет. «Ақиқат» тобының сұрақтары:
1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitution» құрылым, өкілім);
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент)
6. Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес)
7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік
9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер? (Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы туралы заң т. б.)
10. Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
«Заңгерлер» тобының сұрақтары:
1. «Құқық» дегеніміз не?
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
3. Қ. Р - да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар?
4. Қ. Р - да ресми түрде қолданылатын тіл?
5. Қ. Р - да «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді?
6. Қ. Р - ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді?
7. Қ. Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?
8. Қазақстан Республикасы қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас?
9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша?
10. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды?
«Болашақ»тобының сұрақтары:
1. «Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
2. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?
3. Қ. Р - ның басқару нысаны қандай?
4. Халықпен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?
5. Қ. Р. «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды?
6. Қ. Р - дағы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады?
7. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті?
8. 17 - желтоқсан қандай күн?
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?
10. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?