СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖҰМЫСЫ: Жоба жұмысы жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби дайындығының көрсеткіші. Бұл дайындық студенттің өзіндік ғылыми зерттеу мәдениетінің қалыптасуын, (өзекті мәселені қарастыру, ғылыми теориялық мағлұматтар жинау, оны талдау, тәжірибе жүргізу, нәтижелерін өңдеу т.б.) шығармашылык және логикалық ойлау қабілетін дамытады. Жоба жұмысы оқу барысындағы алынған білімді тереңдетуге және оны өмірлік нақты мәселелер бойынша қолдануға (менің барлық біліп, үйреніп жатқаным маған қай жерде, не үшін қажет, осы білімді қалай пайдалануыма болады?) мүмкіндік береді.