мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметтіңзаңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғаларқұқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттіңәлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;
Қазақстан Республикасының Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкеслауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілуін тану;
Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпынакелтіру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;
сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтыназаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілгенадамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;
осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметтімемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау;
сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу жәнеолардың алдын алу мақсатында жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;
осы Заңның 3-бабының 1,2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлікқызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу негізінде жүзеге асырылады, бұған мұндай қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген реттер қосылмайды.