А., Каирова Б. К. Студент жастардың корруцияға қарсы позициясын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектісі



бет29/64
Дата12.12.2021
өлшемі445,13 Kb.
#99769
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi (1)
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi, Әleumettik-mәni-bar-aurular
Конкурстың негізгі мақсаты: студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына дағдыландыру, қызығушылықтарын көтеру, өздігінен білімдерін толықтыру, интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Конкурстың негізгі міндеттері:

- зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан

қабілетті және дарынды студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсету;

- студенттердің үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара ғылыми қатынастарын ұйымдастыру;

- жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту.

II. Конкурс қатысушылары

Конкурсқа Қостанай жас ғалымдар жеке және командалық құрамда (2-3 қатысушыдан) топтан болуы мүмкін;

III. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

Конкурсты дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті Конкурсты өткізуге және қорытынды кезеңін дайындауға тікелей басшылықты жүзеге

Асырады. Қазылар алқасының құрамын, Конкурсты

өткізу бағдарламасын, қатысушы- командалардың тізімін бекіту жұмыстарымен айналысады.

Конкурстың қорытындысын шығарады және

жеңімпаздармен жүлдегерлерді марапаттау жолдарын анықтайды.

9.Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

10. Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең – факультеттік деңгейде;

2) екінші кезең – институттық деңгейде

Конкурстағы жұмыстардың ғылыми-практикалық деңгейін арнайы құрылған факультеттің, институттың комиссиясы анықтайды.

3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық. Екі турдан жеңімпаз болған жұмыс республикалық конкурсқа жіберіледі.

11.Жобаны қорғау кезеңі - зерттеу жұмысы қорғалады

Автордың (бірлескен авторлардың) жобаны қорғауына (баяндама жасауға) 7-10 минут уақыт беріледі.

12. Конкурсқа қатысу үшін студенттер тіркеу қағазын тапсырады. (оның үлгісі осы ақпараттардың астында келтірілген)

13. Конкурстың қорытынды кезеңінде - қазылар алқасы (комиссия мүшелері) жасалған баяндамаларды талдайды, жүлделі орындарды және номинациялар бойынша жеңімпаздарды іріктейді.

14. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды

және қайтарылмайды.

15. Аппеляция қарастырылмайды.

16.Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды

қорғауда слайдтар қолданылады. Қатысушы жұмысының

электронды нұсқасын өзінде ұстауы тиіс.

Екінші күні Конкурстың жұмысы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталынады.

IV. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың ресімделуіне

қойылатын талаптар:

17. Конкурсқа 1-4 курс студенттерінің зерттеу жұмыстары секциялар бойынша қабылданады:

1 секция - Жемқорлықпен күресу жолдары;

2 секция – Құқықтық тәрбие мен тұлғалық жауапкершілік;

3 секция – Жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

18. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялык, эксперименттік бөлімдерден тұрады және олар ойлап тапқыштық негізде болуы шарт.

19. Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Жұмыстың көлемі 30-45 беттен аспауы керек

20. Беттерін нөмірлеу, сол жағы 3 см., асты-үсті 2 см. оң жағы 1,5 см. қалдыру міндетті.

21. Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың мақсаты мен міндеттері, практикалық маңыздылығы, автордың қосқан үлесі көрсетілген ғылыми жетекшісінің пікірі болуы керек.

V. Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар:

Жұмыстың мәтіні компьютерде WORD, 14 кегель, 1,5

жоларалық, солдан шегініс (абзац) – 1,25см терілген болуы керек.

VI. Жұмыстың құлымы:

- титул парағы;

- мазмұны;

- түйіндеме (аннотация)

– жұмыстың қысқаша мазмұны (резюме) қазақ және орыс

тілдерінде баяндау (жұмыстың қандай тілде жазылуына байланысты);

- кіріспе – тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, болжамы мен практикалық маңыздылығы көрсетіледі;

- теориялық бөлім: ғылыми әдебиеттер бойынша таңдалған тақырыпқа теориялық талдау жасау, негізгі түсініктерге анықтамалар беру;

- эксперименттік бөлім: зерттеу орны, респонденттерге мінездеме, зерттеу кезеңдері мен зертеу әдістері және стандартталған психодиагностикалық әдістемелері,

зерттеу жұмыстың қорытынды нәтижесі мен тұжырымдамалар;

- практикалық ұсыныстар;

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымша.

VII. Титул парағына қойылатын талаптар:

-ЖОО атауы, факультет және кафедраның толық атаулары;

-жұмыстың тақырыбы;

- секция № көрсетіледі;

- жұмысты орындаушының (аты-жөні, мамандығы, курсы)

-жұмыстың ғылымижетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);

-жұмыс орындалған жыл.

VШ.Конкурсқа қатысушылар өз зерттеу жұмыстарын және шығармашылық жобаларынқорғау үшін көрнекіматериалдар, сызбалар, суреттер немесе макеттер дайындауларықажет.

ІХ. Жеңімпаздарды анықтаужәне марапаттау

22. Конкурс жұмыстарын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:

-жұмысты орындаудағы жеке белсенділік деңгейі;

-шығармашылығы;

- қойылған сұрақтарға жауаптардың толықтығы;

-тақырыптыңзерттеу тереңділігі.

- қорғаудағы, өңдеудегі оригиналды ерекшелігі.

23.Конкурсты қорытындылау барлық жұмыс қорғалып болған соң жүзеге асырылады. Жеңімпаздарды әрбір секция бойынша немесе барлық секцияға ортақ анықталады (комиссияның және ұйымдастыру коитетінің ортақ шешімі бойынша):

24. Марапаттау I, II, III дәрежелі дипломдар мен мақтау қағаздары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша номинациялар анықталып, марапатталынады.

25. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет