А. Косарев атындағы №9 орта мектебінің химия және биология пәндерінің өткізген он күндігінің іс-жоспары



бет11/14
Дата19.02.2017
өлшемі3,41 Mb.
#10495
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

23.04.2016ж

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Витаминдер (дәрумендер).

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды витаминдердің түрлерімен және олардың жетіспеуінен организмде болатын өзгерістерімен таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу.

3. Тәрбиелік: Гигиена сақтауға, денсаулық сақтауға.

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекілігі: слайд, суреттер, плакаттар, маркерлер

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Психологиялық ахуал. «Сөздерден әңгіме құрастыру»

Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну керек. әңгімеде топ оқушыларын және оқытушылардың есімдері міндетті түрде аталуы керек.

Сыныпты топқа бөлу.

Алма, алмұрт, жүзім, құлпынай деп санау арқылы оларды топқа бөлу.

1 топ. «Алмалар» тобы

2 топ. «Алмұрттар» тобы

3 топ. «Жүзімдер» тобы

4 топ. «Құлпынайлар» тобы

Оларды не үшін таңдағаны туралы өздері айтып шығады.

Топпен жұмысты бастамас бұрын топ мүшелерінің атқаратын жұмыстарын бөліп беру. Мысалы: баяндамашы, хатшы, уақыт белгілеуші, безендіруші, бағалаушы.

Бағалаушыға бағалау парағы беріледі. Ол өз тобының оқушыларын бағалап отырады.

Топтық жұмыс.

Оқушыларға тақтадан сурет көрсетемін, осы бойынша оқушылар 1. Тағам түрлеріндегі витаминдерді атандар.



2. Минералды суда қандай заттар бар? Оның маңызы неде? Сұрақтарына жауап жазындар. Оқушылар бұл жұмысты топпен орындайды.

Әр топтағы баяндамашы өз жұмыстарын қорғап шығады.



Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға «Витаминдер (дәрумендер)» тақырыбын түсіндіріп беру. Осы тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар алу.



Топпен жұмыс.

Әр топқа тақырыптың мазмұнына байланысты жағдаяттар беру. Оқушылар жұппен, топпен талқылап қағаз бетіне түсіреді. Оны топтағы баяндамашы қорғап шығады.

1 топқа «Витаминдердің маңызы»

2 топқа «Майда еритін витаминдер»

3 топқа «Суда еритін витаминдер»

4 топқа «Витаминдердің сақталуы».



Осы тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар топ ішінде рөлдерге бөлінді. Сол рөлдерінің ерекшеліктеріне сәйкес әрекеттер атқарады. Оқушылар мынадай рөлдерді: басшы, сыншы, қуаттаушы, суретші, талдаушы, уақыт қадағалаушы рөлдерін атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет