А үлкен және сұқ саусақтармен көзді ашып, көздің ішкі бұрыш жағына тамызғыш арқылы физиологиялық ерітінді құю б



бет12/88
Дата09.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#168108
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88
Байланысты:
СТАНДАРТТАР 2-3 КУРСТАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Диеталар сипаттамасы.

1a диета – асқазан, ұлтабар жарасында, ішек-қарыннан қан кеткен де, асқазан өткір қабынғанда беріледі 8-10 күнде. Асқазан сөлінің секрециясын қоздыратын заттар берілмейді. Тамақты сұйық немесе қоймалжың түрде береді. Ондай тамақтарға: сүт, қаймақ, ірімшік, кисель, буға пісірілген омлет жатады. Тамақтану режимі әрбір 2-3сағ. сайын шағын порциямен тамақтану, түнге қарай сүт немесе кілегей ішу.


1б диета – беріледі ішкі іріңді жара ауруларының асқынуы басылған кезде.


Мақсаты – химиялық тітіркендіргіштерді болдырмай, механикалық тітіркендіргіштерді шектей отырып асқазан мен ұлтабарды сақтау. Тағамды ұнтақтап пісірілген немесе буланған күйде береді.
Берілетін тағамдар: сүт, қаймақ, манный немесе күріш ботқасы, қатқан ақ нан, буға піскен котлет. Тамақты қабылдайды 5-6 рет күніне.

1 диета – асқазан, ұлтабар жазылғаннан бастап 2-3 айға дейін науқас осы диетаны сақтау керек.




Қабылдайды: суға, сүтке пісірілген вермишель сорпа, майсыз ет.
Қабылдауға болмайды – капуста, қара нан, ішімдіктер, ащы және тұзды тағамдар.

2 диета – ащы ішек және тоқішек ауруларында.


Қабылдауға болмайды – қара нан, сүт, картоп, виноград

5 диета – бауыр мен өт қалтасының ауруы (холецистит,гепатит,цирроз) Бұл диетада углеводтың мөлшері көбейтіледі, ал майдың мөлшері шектеледі. Холестеріні мол тағамдар берілмейді.


Қабылдауға болатын тағамдар: бидай наны, көкеністен жасалған сорпа, майсыз ет, сүтті тағамдар, жеміс-жидек, буға пісірілген тағамдар.
Қабылдауға болмайды – қуырылған майлы тағамдар, ащы тағамдар.

7 диета – бүйрек өткір, жедел қабынғанда, бүйрек жеткіліксіздігі (острый нефрит). Науқастан белогы бар тағамды шектейді 45-50 гр тәулігіне. Негізінен тамақтар тұзсыз дайындалады. Тамақтағы ас тұзының жалпы мөлшері 3-5гр. Қабылдайтын сұйықтың мөлшері 800-1000мл. Денесінде ісігі болмаса көп сұйық беріледі газы шыққан минеральды сулар, шырындар. Жеңілдену күндері – қант күні, алма, күріш-компот күні.


8 диета – ауру адам шамадан тыс семіріп немесе толып кетсе. Бұл диета майдың және углеводтың мөлшерін азайтады, белокты көбейтеді. Қабылдайтын сұйықтық мөлшері 1л-ге дейін, тұзды азайтады. Қабылдауға болмайды: макаронды, манна жармасы, тәтті жемістерді, бал, қамырдан жасалған тағамдар.


Тәулігіне майдың мөлшері 60-70г. көмірсу 180-200г. белок 100-102г калория алу керек тәулігіне 1800-1850.

9 диета – қант диабетінде. Углеводты азайтады. Қабылдауға болатын тағамдар: гречка,сұлы, қара нан. Қабылдауға болмайды: тұздалған маринадталған тағамдар, макороннан дайындалған тамақ, күріш, тәтті жемістерді, жүзім,банан,виноград. Науқас инсулинді қабылдағаннан кейін, яғни 20 мин өткеннен соң міндетті түрде тамақтану керек.


10 диета – жүрек қан тамыры жүйесінің аурулары. Ас тұзы шектеледі 5-6г, азот экстрактивті заттар мен тұздықтар қолданбайды. Сұйықтық 1000-1200мл дейін шектеледі. Калий тұзға мол тағамдар (мейіз, шоққа пісірілген картоп), витамин С сол тағамдар (қарақат, ит мұрын қайнатпасы, бал). Майлы ет, газды сусындар, кофе, какао, алкоголь қабылдауға болмайды. Тамақтану режимі 5-6 мәрте, шағындап тамақтанады. Кешкі тамақты ұйқыдан 3сағ бұрын ішеді.


11 диета - өкпе туберкулезімен ауырған науқастарға пайдаланады. Бұл диетада белок, май углеводы мол тағамдар беріледі. Кальцийі мол сүт тағамдары жеткілікті мөлшерде. Ас тұзы мен сұйықтық нормасы шектеулі.


13 диета – жұқпалы ауруларда, қызбада тағайындайды. Жеңіл қорытылатын тағамдар беріледі.Белоктың мөлшері сәл төмен болу керек, май мен көмірсудың калорийясын шектелінеді. Витаминге мол тағамдар береміз, витамин С лимон, мандарин, цитрусты жеміс-жидектер. Сұйықтық көп мөлшерде беріледі, минералды сулар.


14 диета – несептің сілтілі реакциясы көбейеді. Фосфатурия байқалады. Қышқыл реакцияны қалпына келтіру. Кальцийға мол тағамдар беріледі ( сүт, ірімшік, сыр). Күніне 4-5 рет тамақтану керек.


15 диета – ас қорыту жүйесі ауырмаған кезде және барлық адам қолдануға болады. Тамақтардың түрлеріне шек қойылмайды. Сондықтан тағамның құрамы физиологиялық қалыпта болуы тиіс. Бұл диетаның жалпы калориясы 3000 ккал.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет