1.45 Стандарт
" Гастростом арқылы тамақтандыру "
Мақсат: Науқасты тамақтандыру
Көрсеткіші: а) ауыз қабынғанда, жұтылуы бұзылғанда,
б) ес – түссіз жағдайда, өңештің тарылуында
в) психикалық ауруларда, тамақ ішпегенде
г) өңешке және асқазанға операция жасалғанда
Керекті құрал жабдықтар: стирилді шыны воронка, салфеткалар, сұйық тағам 500 мл ( тәтті шай, сорпа, кілегей, газы жоқ минеральды су), жылы су,
лейкопластырь, зажим
Жасау әдісі:
1. пациентке мақсатын айтып түсіндіру, келісімін алу.
2. тамақты жылыту t – 35 - 45ºс
3. пациентті ыңғайлы жағдайға келтіру.
4. қолға деконтаминтация жасау гигиеналық деңгейде,
қолғап кию.
5. түтіктен қысқыш пен салфетканы алу.
6. резеңке түтікке шыны воронка жалғау.
7. воронканы жоғары көтеру, пациентке қиғаш ұстау.
8. воронка арқылы асқазанға аз мөлшерден тағам жіберу.
9. қайнаған сумен немесе шаймен шайып өтеміз.
10. воронканы алып, дезинфекциялық ерітіндіге саламыз
11. түтіктің шетін салфеткамен және зажиммен жабу.
12. сүңгіні бекітеміз, оның шетін стерілді салфеткамен жабамыз,
түйреуіш арқылы киімге бекітеміз.
13. қолды жуу
1.47 Стандарт
Резеңке жылытқыш (грелканы) пайдалану
Мақсаты : Жергілікті жылыту әсері
Көрсеткіші: 1) Денені жылыту ( қызудың I, III-ші кезеңінде)
2) Қан қысымы жоғары көтерілгенде (криз)
3) Өт жолдарының қызметі нашарлағанда.
4) Бұлшық етке суық тигенде (миозит)
5) Егу жолдарынан ісік пайда болғанда.
Кері көрсеткіші: 1) іш бүлігіне шалдыққанда (острый живот)
2) Дене жарақаттанғанда 1сағ. ішінде, қатерлі ісіктерде,
терінің бүтіндігі бұзылғанда, асқыну: терінің
пигментациясы, терінің күйіп қалу
Достарыңызбен бөлісу: |