А үлкен және сұқ саусақтармен көзді ашып, көздің ішкі бұрыш жағына тамызғыш арқылы физиологиялық ерітінді құю б



бет4/88
Дата09.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#168108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
СТАНДАРТТАР 2-3 КУРСТАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

1.43 Стандарт
" Ауыр халдегі науқасты тамақтандыру "


Мақсат: Науқасты тамақтандыру


Көрсеткіші: Науқастың халі ауыр жағдайда, төсек режимі, қатаң төсек режимі,


Керекті құрал жабдықтар: Сусындатқыш, қасық, кішкене үстел, сүлгі


Жасау әдісі:
1. Жастықша арқылы пациентті жартылай отырғызу.
2. Кіші үстел орнату.

3. Қолды жуу.


4. Пациенттің кеудесін сүлгімен жабу.
5. Тамақтың жылылығын тексеру.
6. Қасық арқылы жайлап тамақтандыру.

7. Сусындырғыш арқылы сұйықты ішкізу.


8. Аузын сумен шаю.
9. Төсегінен тамақ қалдықтарын шаю
10. Қолды жуу.
1.44 Стандарт


" Пациентті сүңгі арқылы тамақтандыру "


Мақсат: Науқасты тамақтандыру


Көрсеткіші: а) ауыз қабынғанда, жұтылуы бұзылғанда,
б) ес – түссіз жағдайда, өңештің тарылуында
в) психикалық ауруларда, тамақ ішпегенде
г) өңешке және асқазанға операция жасалғанда
Кері көрсеткіші: асқазанның жедел ойық жарасы.
Керекті құрал жабдықтар: сүңгі диаметрі 8-10мм, воронка немесе Жанэ шприці, фурациллин, сұйық тағам 600-800 мл ( тәтті шай, сорпа, кілегей, газы жоқ минеральды су), жылы су, салфетка, лоток, лейкопластырь, фонендоскоп


Жасау әдісі:
1. пациентке шараны түсіндіру, келісімін алу.
2. қолды жуу, перчатка кию
3. сүңгіні өлшеу астыңғы тістен кіндікке дейін + 15см
4. сүңгіні фурациллинге маламыз
5. пациентті арқасымен жатқызу, басының және мойынның астына
жастық қойып, кеудесіне салфетка қою, басты бір жағына
бұрамыз.
6. мұрынның төмен қуысынан сүңгіні 15-16 см тереңдікке енгізіп,
сүңгіні жұтуын сұраймыз белгіленген жерге дейін.

7. жанэ шприцке 30-40 мл ауа жинап сүңгіге жалғаймыз.


8. фонендоскопты асқазанға қою, ауа жібереміз сүңгіге жалғаған
жанэ шприці арқылы, дыбыс құлаққа келсе, онда сүңгі
асқазанға түсті.
9. сүңгіні бекіту.
10. жанэ шприцке тағамды жинап, воронкаға жалғап, асқазанның деңгейінде ұстаймыз, көтереміз (қажет жағдайда қайталаймыз)

11.сүңгіні қайнаған сумен немесе шаймен шайып өтеміз (қайталау)


12. сүңгіні бекітеміз, оның шетін стерілді салфеткамен жабамыз,
түйреуіш арқылы киімге бекітеміз.
13. перчатканы контейнерге тастау, қолды жуу


Ескерту: Тамақтандыруға болады 2-3 аптаға дейін, шырышты қабаттың
ойылуынан алдын алу, тағамды t – 38-40ºс жылыту.
Кеңірдекке сүңгі түскен кезде, пациент жөтеледі, түсі көгереді,
тұншығады, бұл кезде дереу сүңгіні шығару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет