Керекті құрал жабдықтар: грелка (жылытқыш), орамал, 65 – 70 гр ыдыс су.
Жасау әдісі:
1. пациентке мақсатын айтып түсіндіру, келісімін алу.
2. жылытқыштың 2/3 көлемін ыстық су толтыру tº 60 - 70ºс
3. ауасын шығарамыз
тығынын тығыздап жауып, жылытқышты төмен қаратып
төңкеріп, тексереміз
5. жылытқышты орамалмен ора
6. ауырған жеріне сал
7. жылытқышты алып, суын төгіп тастау, сүртіп өту дез
ерітіндімен
Ескерту: Жылытқышты (грелка) жиі пайдаланғанда теріге қоңыр дақ түседі.
Оның алдын алу үшін вазелинді алдымен теріге жағады.
Жылытқышты (грелка) дене суығанша ұстайды.
1.48 Стандарт
Мұзды мұйықты пайдалану
Мақсаты : Тамырды тарылту
Көрсеткіші: 1) іш бүлігіне шалдыққанда (острый живот)
2) мүшелерден қан кеткенде.
3) дене жаңадан зақымданғанда
4) қызбаның ІІ кезеңінде.
Кері көрсеткіші: 1) шок, іштің спатикалық тырысуы, коллипс
Керекті құрал жабдықтар: мұзды мұйық, мұз, орамал
Жасау әдісі:
1. пациентке мақсатын айтып түсіндіру, келісімін алу.
2. мұзды мұйықты алып, оның тығынын ашамыз
3. мұйықтың ішіне 2/3 бөлігіне ұсатып мұз салып, ауасын
шығарамыз.
4. бұрандасын бұрап,тексереміз
5. орамалмен орап, керекті жерге саламыз
6.денеде 20мин ұста, үзіліс 10-15мин, жалпы денеде 2 сағ болу
керек
7. мұзды мұйықты алып, суды төгіп, мұзды тастау
8. мұзды мұйықты сүрту, дезинфекциялық ерітіндімен
Ескерту: мұйыққа суық су толтырып, морозильникте қатырып, денеге қоюға
болмайды. Қабыну процесс болады.
1.49 Стандарт
Қыша салу әдісі
Мақсаты : Қан тамырларының кеңеюі.
Көрсеткіші:
Қышаны мынадай ауруларға пайдалануға болады:
1) бронх қабынғанда (бронхит)
2) өкпе қабынғанда (пневмония)
3) жүрек ауырғанда
4) қан қысымы өте жоғары көтерілгенде (криз болғанда)
5) бұлшық ет қабынғанда (миозит)
6) нервке суық тигенде (невралгия)
Достарыңызбен бөлісу: |