1.54 Стандарт
« Науқасқа катетр арқылы мұрын қуысына оттегі жіберу »
Мақсат: Ағзаның ұлпаларын оттегімен қамтамасыз ету
Көрсеткіштері: Тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпенің ісігі,
жедел және созылмалы тыныс алудың жетіспеушілігі.
Керекті құралдар: катетр, дистельденген су, спирт 96%, лоток,
шпатель,вазелин майы немесе глицерин, лейкопластырь.
Жасау әдісі:
1. пациентке түсіндіру, келісімін алу
2. қолды жуып, перчатка кию
3. пациентті Фаулер жағдайына келтіру
4. Бабров апаратын жұмысқа дайындау:
- шыны ыдысқа дистильді су немесе 2 % гидрокорбонат
- спирт 96% көлемі 2/3 (t-30-40 ºC)
5. катетрді өлшеу (құлақ сырғалығынан, мұрынның ұшына дейін)
шамамен 15см болады, белгі қойамыз (лейкопластырмен)
6. стерильді вазелинді катетерға құю
7. катетрді мұрынға енгізу
8. шпательмен тілдің түбін басып тексеру (жұтқыншақтың артқы
жағына барғанын)
9. катетрді лейкопластырмен бекіту
10. жайлап винтельді ашып, оттегі жіберу (2-3 л/мин)
Достарыңызбен бөлісу: |