1.79 Стандарт
«Бұлшық ет ішіне дәрі егу»
Мақсат: дәрі-дәрмекті емдеу мақсатында қолдану
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайыны
Әзірле: шприц -5-10мл, 2 ине ұзындығы 40-60мм, диаметрі -0,6-0,8мм,
дәрі, 70º этил спирті, мақта тампон, пинцет, перчатка, КБУ,
сыйымдылық дез ерітінді
Жасау әдісі:
1. пациентке ем шараның мақсатын түсіндіру, келісімін алу
2. науқасты жатқызып, егетін жердің орнын анықтау керек. Ол үшін
оймен бөксені 4 бөлікке бөледі. Тік сызық шонданай төмпешігі
арқылы, ал көлденең сызық сан сүйегінің үлкен ұршығы арқылы
өтеді. Егуді бөксенің жоғарғы және сыртқы бөлігіне жасайды.
3. қолға деконтаминтация антицептикалық ерітіндімен өңдеу,
перчатка кию
4. шприцті жинастыру
5. дәріні шприцке жинап алу
6. спиртке малынған екі мақта тампонымен иньекция аймағын
өңдейді, үшінші мақта тампонын сол қолдың 4-5 саусақтар
арасына алады
7. шприцті оң қолға алады, оң қолдың II саусағымен иненің
канюлясын ұста, V саусақты иненің дәл ортасына қойып, басқа
саусақтармен цилиндрінен ұстайды.
8. сол қолдың 1-2 ші саусақтарымен егілетін терінің орнын созып
тартады.
9. шприцті инесімен егетін жердің терісіне тік ұстап (90 º) тез
қимылмен бұлшық еттің ұлпасына егеді, 0,5см инені қалдырады
10. сол қолдың үлкен саусағымен поршенді басып, дәріні жайлап
жібереді.
11. мақта тампонымен басып, инені тез қимылмен шығарып алады.
12. егілген жерді қатты баспай уқалайды.
13. шприцті, мақта тампондарды, контейнерге тастау,
14. қолды сабындап жуып, құрғату
Ескерту:
иньекцияны санның орта бөлігіне немесе иықтың сыртқы аймағына салғанда, инені енгізеді 45º бұрышта
майлы ерітіндіні енгізгенде, ине бұлшық етке түскенде поршеньді өзімізге тартамыз, егер шприцте қан байқалса
(тамыр зақымдалды) онда инені жоғары, бір жаққа
итереміз, тексеріп өту. Ине тамырда болмаса, бұлшық
етке дәрі жіберіледі.
инфильтраттың алдын алу үшін иньекция жасаған жерге жылытқыш қойылады немесе йодная сетка
майлы ерітінділерді, енгізбей тұрып, су моншасында
жылытып алады t º - 37-38 ºC
Достарыңызбен бөлісу: |