1.40 Стандарт
«Артериялық қысымды өлшеу»
Мақсаты : жүрек – қан тамыр жүйесінің қызметін анықтау.
Көрсеткіші: пациенттің жағдайын бақылау
Керекті құрал жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, қағаз, көк қалам,
температура парағы.
Алгоритм әдісі:
пациентке шараны айтып түсіндіру
2. пациентті ыңғайлы жағдайға келтіру, қолы созылған, алақанын
жоғары қаратып қойыңыз, артериялық қысымды өлшейді 1-2рет,
үзіліс 2-4мин
3. манометрді манжетпен қосыңыз, манометр тілшесі шкала
белгісінде 0 болу керек
4. шынтақ аймағындағы пульсті анықтап, сол жерге
фонендоскопты қойыңыз
5. грушаның тиегін жауып, манжетке ауа жіберіңіз, шынтақ
артериясынан пульс кеткенше, қосымша 20-30 мм. с.б.
6.тиекті ашып, жайлап манжеттен ауа шығарыңыз. Осы уақытта
иық артериясының тонын фонендоскоппен тыңдаңыз, және манометр тілшесінің көрсеткіштерін бақылаңыз.
7. иық артериясында бірінші пайда болған дыбысты систолдық
қысым (жүректің жиырылуы) дыбыстың жоғалуы – диастолдық
қысым (жүректің босаңсуы) манжеттегі ауаны толық
шығарыңыз.
8. манжетті шешіп, чехолға салыңыз.
9. қан қысымының көрсеткіштерін бөлшек түрінде жазыңыз
(бөлшек алымында – систолдық қысым,
бөлшектік бөлімінде – дистолдық қысым)
10. шараны қайталау, алынған мәліметті салыстыру.
11. фонендоскоптың бас жағын 2 рет 70% спиртпен сүртіп алу.
12. пациентке артериялық қысымының көрсеткішін айтып өту.
Ескерту: артериялық қысымды екі қолдан өлшейді, алынған цифрды
салыстыру.Қалыпты артериялық қысым 120/80 мм с.б.б 130/85 мм.
с.б.б артериялық гипертензия 140/90 мм с.б.б
артериялық гипотензия 90/60 мм. с.б.б
Достарыңызбен бөлісу: |