А. М. Касенова. Стандарттау



Pdf көрінісі
бет39/184
Дата29.12.2023
өлшемі10,03 Mb.
#199846
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   184
Байланысты:
Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

1.2.6 Өнімді штрихтап кодтау
Шет елде жүмыс істеу тэжірибесі
Шет елдерде тауардың қабында кодтың болуы міндетті 
талапқа айналды. Онсыз сауда мекемесі тауарды қабылдаудан 
бас тарта алады. Тауардың әмбебап коды АҚШ-та 1973 жылы, 
ал кодтаудың Европалық жүйесі EAN 1977 жылы қабылданды. 
EAN-ның екі коды кеңінен қолданылады: 13 дәрежелі жэне 8 
дәрежелі сандық кодтар. Бұлар эр түрлі ендіктегі штрихтар мен 
жолақтардың алмасуы болып табылады. Ең жіңішке штрих бірлік 
ретінде қабылданған. Әрбір сан екі штрих немесе екі жолақтан 
қүрылады. 13 дәрежелі код ел коды, өндіруші кәсіпорын коды
тауардың өз коды және бақылау санынан тұрады.
I тарау. Стандарттау 53


54 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негидері
Өндіруші кәсіпорын кодын эрбір елде тиісті мекеме 
құрастырады. Тауардың кодын бес цифр тікелей өндіруші 
құрастырады. Кодты анықтау стандарттық болмайды. Ол 
тауардың белгілі сипаттамаларын айқындайды немесе тауардың 
сол кәсіпорынға ғана тіркеу нөмірін көрсетеді.
Бақылау саны EAN алгоритмі бойынша сканермен санаудың 
дұрыстығын анықтауға арналған.
EAN-8 коды елдің коды, өндіруші коды және бақылау саны- 
нан тұрады.
EAN-ның 13 дәрежелі коды ел коды, өндіруші коды, тауардың 
өз коды және бақылау санынан тұрады:
1. кодтың дәрежесі кодтағы белгі позициясы
2. кодтың ұзындығы - жасақтарды есептемегенде кодтағы 
белгілер саны
3. бақылау саны - код жазбасының дұрыстығын тексеру үшін 
пайдаланылатын есептеу саны.
Елдердің коды арнайы жэне анықтамалық баспаларда жа- 
рияланып немесе мәліметтер банкісында сақталатындықтан 
тұтынушының соңғы қорытындысы үшін ақпарат тек қана елді 
көрсетумен шектеледі.
Өндірістік 
кәсіпорындар 
үшін 
штрих 
кодтау 
мына 
мүмкіндіктерді береді:
1. автоматтандырылған басқару жүйесін игеруді жеңілдету;
2. өндіру, жинақтау, өткізу салаларындағы операциялардың 
тиімділігін арттыру;
3. пайдаланатын қорларға талдау жасау;
4. қүжат айналымының көлемін қысқарту;
5. тауар қозғалысы мен өнімді өткізу туралы сенімді ақпа- 
раттық жүйелі жинақтауды қалыптастыру;
6. басқару жэне бақылау үйымдарына ақпаратты жедел жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет