А. М. Касенова. Стандарттау



Pdf көрінісі
бет23/184
Дата29.12.2023
өлшемі10,03 Mb.
#199846
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   184
Байланысты:
Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

тарауСтандарттау 31
Бұл талаптарға қоршаған орта мен адамдардың денсаулыгы
азаматтардың мүлкі, өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін қаматамасыз 
ететін көрсеткіштер, сонымен қатар техникалық жэне ақпараттық 
сәйкестік, 
өзара алмасылымдық, 
өлшеу 
мен таңбалаудың 
бірыңгайлылығы, нарықтық экономика жағдайына сәйкес бақылау 
мен қадағалау механизмдерінің көрсеткіштері жатады.
Бақылау мен қадағалау түсінігі ұқсас. Айырмашалығы тек 
өкілеттілігінде: қадағалау жүмысын сол объектіге үйымдық 
бағыныштылығы жоқ мекеме жүргізеді. Қадағалау жүмысы 
заңнамалықталаптарды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметтің 
бір түрі болып табылады.
Бақылау жұмыстары мем стандарттың міндетті талаптарының 
орындалуын 
тексеру, 
салалық жэне 
өндірістік 
стандарт, 
техникалық қүжаттарды әзірлеу, пайдалану кезінде жүргізіледі.
Мемлекеттік 
қадағалау 
мен 
бақылау 
жүмыстары 
мемстандарттың 
міндетті 
шарты, 
талаптарына 
қатысты 
іс-қызметтің барлық салаларында жүргізіледі. Сонымен қатар 
арнайы бағыттағы мемлекеттік басқару орындары мемлекеттік 
қадағалау жэне бақылау өкілеттігін иемдене алады. Мысалы: 
санитарлық-эпидемиялық қызмет;
мал дәрігерлік қызмет;
■ фитобақылау; 
экологиялық қызмет; 
атом өндірісін қадағалау; 
көлікті бақылау;
■ дәрі-дәрмекті бақылау; 
кедендік бақылау.
Мемстандарттау жэне жоғарыдағы бақылау орындары облыс, 
қала аймақтарға өз өкілеттіліктерін бөлісетін өздерінің аумақтық 
орындарын қүрады.
Мембақылау және қадағалау жүмыстарын тек қана лауазымды 
адамдар жүргізеді. Қадағалау жүмыстарын ҚР Мемстандарттың 
мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Бақылау мемстандарттар 
органдары жэне жоғарыда аталған үйымдар мен мекемелердің 
өкілетті түлғалары жүргізеді.


32 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
Қадағалау жэне бақылау жұмыстары арнайы нұсқау, ереже 
нормалар негізінде реттеліп жүргізіледі.
Қадағалау, бақылау жүмыстарының нэтижесінде тиісті 
қүжаттар даярланып, кемшілік орын алған жағдайда қылмыстық, 
экімшілік және материалдық шаралар белгіленеді.
Мемқадағалау, бақылау жұмыстары мемлекеттік бюджеттен 
қаржыландырылды.
Қазақстан Республикасындағы стандарттар мен өлшем 
құралдары жэне сертификаттау жөніндегі жүмыстарды мемлекет- 
тік қадағалау жүйесінің мақсаты:
өнім, жүмыс, қызмет сапасы мәселелерінде тұтынушылар 
мен мемлекеттік мүддесін қорғау, сондай-ақ адамдардың 
өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету;
өнімнің сапасына талдау жүмыстарын дамыту;
■ өлшем қүралдарының сәйкестік деңгейін қамтамасыз ету; 
сертификатталган өнім мен сертификаттау шартының 
сақталуын инспекциялық бақылау;
сапасыз өнім шығару фактілерінің жолын кесу, ақаудың 
пайда болу себептерін жою үшін жедел шаралар қолдану; 
аккредиттелген сынақ зертханалары мен сертификатталған 
өндірістерге инспекциялық бақылау жүргізу;
Стандарт талаптарын орындау, өлшем қүралдары мен сер­
тификаттау жүмыстарын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік стандарты жэне аумақтық ұйым- 
дары жүзеге асырады. Мемлекеттік қадағалау үйымының негізін 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының аумақтық 
үйымдарының мамандары қүрайды.
Мемлекеттік қадағалау жүргізетін мамандар мемлекеттік 
инспекторлар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
стандарты белгілеген тэртіп бойынша аттестациядан өтеді.
Мемлекеттік қадағалау объектілері мыналар:
■ стандарттау 
жөніндегі 
нормативтік 
қүжаттар 
жэне 
техникалық құжаттау;
өнім, үрдіс, қызмет жэне мемлекеттік қадағалау туралы 
заңнамаларга сәйкес баска да нысандар;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет