Экология жєне адам денсаулыѓы



бет1/8
Дата30.09.2022
өлшемі345,5 Kb.
#151319
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ýêîëîãèÿ æºíå àäàì äåíñàóëû û
Рабочая программа для дисциплины Офисная техника , Кунсулу К диплом ж, БЖБ 9с 23.09.2021 (копия), ҚА математика 4 нұсқа

Кіріспе.
Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым саласы экология деп аталады.Экология гректің «OICOS» –«үй, мекенжай» және «logos»-«ілім», ғылым деген сөзден алынған.Бұл терминді ғылымға алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Эрнест Геккел «Жалпы морфология» деген еңбегінде енгізді.
Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей геосаяси жағдайымызды өз елімізбен халықаралық қоғам- достықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді.Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей байланысы бар.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты.
Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жер асты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті,тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды.Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Халық санының жылдам өсуі табиғатқа деген тұтыну қысымының өсуіне алып келеді. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары: су, топырақ, пайдалы қазбалар,отын қорлары қалпына келмейтіндегі дәрежеге жетті.
Қазіргі қоғам, мейлі ол капиталистік немесе дамушы болсын, әлі күнге
дейін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануды үйрене алған жоқ. Өйткені,
табиғатты пайдаланудың экономикалық проблемалары, сөз жоқ, өте күрделі және жеткілікті түрде айқындалмаған. Адамдар барлық уақытта табиғат ресурстарын бұған дейін қалыптасып қалған немқұрайлы көзқарасты игерді.
Қазақ халқы ежелден-ақ табиғат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көзіне айналдырған.
Қазіргі кез келген экологиялық мәселелер адамның табиғатқа және табиғаттың адамға әсер етуінің шиеленісе түсуіне байланысты туындап отыр.Сондықтан да жер бетіндегі барлық адамзатты толғандырып отырған ең өзекті экологиялық мәселе – ғаламшарымыздағы тіршіліктің біртұтастығын сақтау. Мұның өзі адамзаттың қалыпты өмір сүруіне қажетті барлық материалдық және рухани байлықтарды сақтап қалу деген ұғымды білдіреді.
Табиғатта әр түрлі экожүйелер кездеседі.Мысалы,шіріген ағаш діңі,тоған,көл,орман,жеке құрлық, дүние жүзілік мұхит және т.б.
Адамзат өмір сүріп жатқан қоршаған ортаның ластануы дегеніміз – ауаның, жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы.Олар адмның денсаулығына, өсімдіктердіңөсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне кесірін тигізуі мүмкін.Мысалы: ауыл шаруашылығына егістік жерлерге себілетін улы химикаттардың шамадан тыс қолданылуы мен ірі өндіріс орындарының қалдықтары қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретіні анықталған. Олар ең алдымен ауаға, ауадан суға, судан топыраққа, топырақтан өсімдікке, өсімдіктерден жануарлар мен адмдарға тарайды. Дүние жүзінде қоршаған ортаның ластануы, табиғат ресурстарының азюы адамдардың шаруашылық қызметімен тікелей байланысты.
Ластанған ауа тек адмдардың денсаулығына ғана емес,көше бойындағы ағаштарғады әсер етіп,жапырақтарға қонған улы заттар әсерінен сарғайып, солып қалады. Кейбір қалалардың әрбір микро аудандарындағы үйлердің ауласын көгалдандыру, балалар алаңын қайтадан жасау, елді мекендерді, мекеме, мектеп, университет т.б жерлерді көгалдандыруды «экологиялық соқпақ» моделі арқылы жүзеге асыру керек.
Экологиялық білім берудегі экологиялық соқпақтың басты мақсаты-табиғат аясында оқушы,студент және тағы басқа көпшіліктің қоршаған ортадағы мінез-құлқын, этика мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет