230 Стандарттау, сертификаттау және метрология негидері
Өлшенуші шаманың физикалық сипатына байланысты
өлшеу құралдарын механикалық, шамаларды өлшеуші, жылулық
шамаларды өлшеуші, магнитэлектрлік шамаларды өлшеуші
т.б. құралдар деп топтастырады. Өлшеу құралдарының мұндай
классификациясы шартты түрде алынғандықтан, оған тоқталмауға
болады. Өлшеу құралдары олардың жұмыс істеу принципіне
қатысты былай бөлінеді:
мералар;
өлшеу түрленгіштері,
өлшегіш приборлар;
компораторлар.
Мера
деп шаманың берілген мәнін қажетті дәлдікпен
жаңғыртатын өлшеу қүралын айтады. Мералар бір мәнді және
көп мәнді болып бөлінеді. Егер мера физикалық шаманың бір
ғана мэнін жаңғыртса, онда ол бір мэнді деп аталады. Бір мэнді
мераларға мысалға 1 кг кір тасы, қалыпты элемент, сыйымдылығы
айнымалы конденсатор т.б. жатады. Бір мэнді мераларға, сондай-
ақ стандарттық үлгілер мен үлгілік заттар жатады. Егер мера
физикалық шаманың бірнеше өлшемін жаңғыртса, онда ол көп
мәнді деп аталады. Көп мэнді мераға мералар жиыны, мералар
магазині т.б. жатады. Аттестациялық қателігіне байланысты
мералар разядтарға бөлінеді. Разряд берілген мералар өлшеу
құралдарын тексеріп салыстыруға қолданылады, олар үлгілік
мералар деп аталады. Дәлдік класы берілген мералар жүмыс
мералары
болып
табылады,
олар
техникалық
өлшеулер
үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: