Урбанизация дегеніміз – қала халқының селолық, ауылдық халық саны есебінен арттуы. Яғни қала халқының санының село халқының санымен салыстырғанда үлес салмағының артық балуы. Үлкен қалалар шоғырының пайда болуы.
Қазіргі кезде бірден-бір маңызды проблемалардың бірі қала халқының артуы немесе урбанизация процесі болып отыр. 1996 жылы әлем халқының 42 пайызы қалаларда тіршілік етті. Дамушы елдердің халқының есебінен, қала халқы жыл сайын 150 мың адамға өсіп отырады. Қала халқының өсуінің негізгі себептері: селолы жерлерден қалаларға халықтың қоныстануы немесе басқа елдерден де халықтың келуі, баланың туылу деңгейінің жоғарлауы.Туылу деңгейінен, өлім деңгейінің төмендеуі. 1975 жылы қала халқының саны әлем халқының үштен бір бөлігін қамтыды, ал 2025 жылы әлем халқының санының үштен екі бөлігі қала халқы болады деген болжам бар.