2. Құрлық сулары және адамның шаруашылық әрекеті.
Қоғамда су- экономиканың, қоғамның дамуында маңызды рол атқарады. Геоэкологиялық тұрғыда қараағнда су экосферада үш қызмет атқарады.
1.Ғаламдық зат айналымына қатысады.
2. Экосистеманың жағдайын реттеуші энергия көзі.
3. Ең көп қолданылатын табиғи ресурс.
Көптеген жағдайларда су негізгі ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуші көз болып саналады. Ғаламдық гидрологиялық режим – экосферадағы маңызды геологиялық айналым. Дүние жүзілік өзендер жылына 22 млрд тонна зат тасымалдайды. Су жылына 4000 км куб қолданылады. Бұл басқа табиғи ресурстармен салыстырғанда үш есе көп қолданылады. Сумен қамтамасыз етілу әрелде, географиялық орналасуына қарай әркелкі. Жылына жан басына шаққанда 500 м куб судан келетін мемлекеттер бар. Бұл өте төмен көрсеткіш. Суға деген сұраныс жыл өткен сайын арта түсуде, болжам бойынша 2025 жылы 1,4 млрд адам әлемнің45 елінде жылына жан басына шаққанда 1000 м куб судан келеді. Әлем халқының төрттен үш бөлігі шамамен 100 мемлекет су тапшылығын сезінеді.