Тексеру сұрақтары: Гидросфера қабатының негізгі ерекшеліктері.
Жер бетінің қанша пайызын су алып жатыр.
Су көздерінің геологиялық айналымдағы маңызы.
Дүние жүзілік өзендердің қарқынды әрекетінен жылына қанша тонна зат тасымалданады.
Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва 2006 жыл 128-133 беттер.
№15 дәріс Тақырыбы: Гидросфера. Адамның қарқынды әрекеті.
Дүние жүзілік мұхит.
Мақсаты: Дүние жүзілік мұхиттардың табиғи ортадағы маңызы, экологиялық мәселелері.
Тірек сөздер: мұхит, фауна, флора.
Дүние жүзілік мұхит Дүние жүзілік жер планетасының 71 пайызын алып жатыр. Яғни 361 млн км кв жердісу алып жатыр. Мұхит бетіне түсетін күн сәулесінің 10 пайызы ған жұтылып, қалған 90 пайызы шағылысып отырады. Мұхит суларының булануы, ғаламдық гидрологиялық айналымға қатысады. Дүние жүзілік мұхиттың гидросферадағы үлесі 94 пайыз. Ұлы мұхиттардың суы 3 мың жылда жаңарып отырады. Барлық дүние жүзінің мұхиттарының массаларының орташа температурасы 4 градус.
Ұлы мұхиттарда адамның шаруашылық әрекеті әртүрлі. Негізінен алғанда үлкен танкерлермен мұнай тасымалдау, басқа да көп көлемде жүк тасымалдау болып табылады. Әлемдік мұхит балық және биологиялық ресурстардың қоры.
Бірақ қазіргі кезде, осы жүк тасымалдау барысында ірі апаттардың болуы, осыдан келіп мұхиттар мен теңіздердің фаунасы мен флорасына орасан зор шығын келеді. Соныиен қатар мұхит пен құрлық шекараларында рекреациялық орындар ұйымдастыру барысында ластануы. Әлемдегі негізгі демалыс орындарының жартысы теңіз жағалауларында орналасқан. 2025 жылы бұл көрсеткіш екі есе артады. Тек қана Жерорта теңізіне жылына 110 млн турист демалып кетеді. Демалушылар жағалау бойындағы табиғат әлемін ластауға, дегредацияға ұшырауына ықпалын тигізеді.Мұхитжәне теңіз жағалаулары мынадай ерекшеліктері бар, экосферадағы маңызы: