Тексеру сұрақтары: Дүние жүзілік мұхитардың планетағы үлесі қанша.
Мұхиттардың негізгі ластану көздері.
Туризмнің дамуындағы ұлы мұхиттар мен теңіздерге тигізетін әсері.
Қолданылған әдебиет: Г.Е Голубев, Москва, 2006 жыл 133- 170 беттер.
№ 16 -17 дәріс
Тақырыбы: Топырақ және жерді пайдаланудағы геоэкологиялық проблемалар.
1.Топырақ қабатының негізгі ерекшеліктері.
2.Топырақ қабатының антропогендік жолмен дағдарысқа ұшырауы.
Мақсаты:Топырақты пайдаланудағы негізгі геоэкологиялық проблемалар.
Терек сөздер: педосфера, топырақ, биоэкология.
1. Топырақ қабатының негізгі ерекшеліктері. Педосфера (грек тілінен аударғанда топырақ деген ұғымды білдіреді). Топырақ қабаты тек құрлықта ғана қалыптасады. Құрлықта оның ролі ерекше. Топырақ көп компонентті, тұтас табиғи жолмен түзіледі. Топырақ экосфераның барлық жүйелері атмосфера, гидросфера, биосфера қабаттарымен өзара байланыста болып дамиды. Литофера қабаты биосфера, гидросфера, атмофера қабаттарының өзара байланысынана пайда болады.
В.А Ковданың берген анықтамасы бойынша топырақ қабатының негізгі функциялары
- Биоэкологиялық (тірі организмдердің дамуына жағдай туғызатын қабат)
- Биоэнергетикалық (топырақ қабатының жылуы мен биомассалардың пайда болуы)
- Азот және ақ уыздың түзілуіне жағдай жасалынады.
- Негізінен химиялық элементтердің ғаламдық биогеохимиялық айналымының қарқынды жүреді.
- Үгілу процесі жүреді
- Гидрологиялық қызмет (геосфералардың өзара су байланысы осы қабатта жүреді)
- Метеорологиялық қызмет (атмосфераның режимі, құрамының қалыптасады)