А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС – нан атмосфераға тасталатын зиянды заттардың мөлшері, г/кВт сағ



бет72/103
Дата05.02.2022
өлшемі1,39 Mb.
#11747
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103
Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС – нан атмосфераға тасталатын зиянды заттардың мөлшері, г/кВт сағ.

Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқада қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануынын азайту үшін шаң – газ ұстайтын қондырғыларды қолданған орынды. Осындай қондырғы зиянды заттардың 90 – 95 % ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділерін сақау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды.


Тек бір тәуліктің өзінде орта қуатты ЖЭС 10 мың тонна шамасында көмір жағатыны белгілі, ал осы көлемнен шығатын кож бен күлдің мөлшері 1 мың тоннаның үстінде. Литосфераның ластануы ЖЭС салатын жерді дайындағаннан басталады, себебі ауыл шаруашылығына жарамды
жерлердің біраз көлемі құрылысқа бөлінеді.
Қоршаған ортаға кож бен күлдің әсері оларды оттықтан алуға қолданылған әдіске де тәуелді келеді.
Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы сол жердің кедір – бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына, ауаның температурасына, бұлттылықтың биіктігіне байланысты болады. Мысалы: ЖЭС конденсаторларының салқындату жүйесіндегі ірі су салқындатқыштар станция аймағының микроклиматындағы судың мөлшерін жоғарлатып тұманның пайда болуына, ал қысты күні қырау мен көк мұздың болуына себебін тигізеді. Ауаға тасталған зиянды компоненттер және тұман бір – бірімен әрекеттесу нәтижесінде тұрақты қатты ластанған ұсақ дисперсті бұлт, яғни тұмша (смог) түзіледі.
Энергетик салқын судың көп мөлшерін жұмсайтын салаға жатады, судың 99% - ті электр мен жылу энергиясын өндіруге жұмсалады. Негізінде ЖЭС мен АЭС – ларында суды көп мөлшерде пайдаланушы трубина коденсаторлары. Коденсаторларды салқындатуға ЖЭС – да 1 кВт/сағ энергия алу үшін 120 кг, ал АЭС – на 220 кг су қажет.
Электрстанциялардың ақаба сулары арқылы суаттар мұна өнімдерімен, әртүрлі қалқыған бөлшектермен, хлоридтермен, сульфаттармен, ауыр металлардың тұздарымен, күкіртті сутекпен, тұз қышқылымен, формальдегидпен, кайролактармен, мышьяк, сынап, ваданий оксидттерімен, тағы да басқа заттармен ластанып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет