А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка


ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫҚ ЖАНРЛАР



бет39/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92

ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫҚ ЖАНРЛАР
(СТИЛЬДЕР)

Сабақта:



  1. Музыканың заманауи стильдерімен (рок-н-ролл, рок-му́зыка, хип-хоп) жəне оның түрлерімен (электронды) танысамыз;




  1. Əйгілі орындаушылар мен топтар туралы білеміз;




  1. Заманауи стильде жазылған музыканы тыңдаймыз.

Рок-н-ролл (от англ. rock and roll или rock ‘n’ roll – «тер-бел жəне сырғана») – ХХ ғасырдың ортасында Америка Құрама Штаттарында таралған танымал музыканың стилі болып табылады.


Рок-н-роллдың ерекшелігі – айқын ырғақ пен ашық еркін орындау. Дəстүрлі аспаптары – электр гитарасы, контрабас, ұрмалы аспаптар, фортепиано жəне саксофон. Rock’n’Roll-ға 4/4 өлшемі тəн. Рок-н-роллдың көрнекті өкілі – Элвис Пресли. Оны «рок-н-ролл патшасы» деп атайды. Оның шығармашылығы бүкіл əлем жастарына зор əсер етті.

1960 жылдардың басында рок-н-ролл твист музыкалық бағытының қалыптасуына негіз болды. 60-жылдары британдық The Beatles жəне The Rolling Stones топтары рок-н-роллға жаңа серпіліс əкелді. Содан кейін жалпы «рок» термині қолданыла бастады.




Рок-музыка (ағылшынша – rock music) – танымал музыканың бағыты. Рок-музыкада көптеген стильдік тармақтар бар. Рок-музыканы вокал, гитара (əдетте электро-гитара), бас гитара, барабан жəне клавишті аспапта орында-ушылардан тұратын рок-топ орындайды. Рок музыкасының ерекшелігі – өзгермейтін ырғақ. Электрлік гитара жетекші аспап болып табылады. Сондай-ақ көптеген рок-топтарда соло вокалист бар.


«The Beatles» тобының құрылған сəтінен бастап рок тарихының жаңа кезеңі басталды. «Битлз» əлемдік музы-када түбегейлі жаңа құбылыс ретінде із қалдырды. Əсіресе рок-музыкада олар ерекше музыкалық өнімділікті жəне түбегейлі жаңа имиджді (тек автор-орындаушы жəне топ емес, төрт жарқын тұлғалар) біріктірді. Бұл топтың əр мүшесі хит жазуға қабілетті болды. The Beatles-дің бүкіл əлемге əйгілі болуы сол уақытта «битломания» деп атала-тын бұрын-соңды болмаған құбылысты тудырды.

Электрондық музыка. Музыканың бұл түрі электрон-ды технологиялар мен құралдар, атап айтқанда, арнайы компьютерлік бағдарламалар мен синтезаторлар арқылы шығарылған туындыларды біріктіреді. ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты жəне көптеген жанрлардан тұрады.


Хип-хоп – бұл 1979 жылы АҚШ-та афроамерикалық ортада пайда болған стиль. Екі элемент: рэп (нақты ұйқастырылған ырғақтық речитатив) жəне DJ ұсынған ырғақ (негізінен бас жəне синтезатор аспаптарында) – жанрдың негізі. Хип-хоп, жоғарыда аталған стильдер сияқты, көптеген жанрлық тармақтарға ие. Заманауи көпшілік му-зыкада осы стильдер өте танымал. Бұл – қазіргі кезеңдегі




60 61


композиторлар мен музыканттар өз шығармаларын жазған кезде басшылыққа алатын негізі ұстаным.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет