А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка



бет57/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92

МУЗЫКА ЖƏНЕ ТЕАТР


Сабақта:



  1. Қазақ театрының туындыларымен танысамыз;




  1. Қуыршақ билері туралы білеміз;




  1. «Ортеке» күйлерінің үлгілерін тыңдаймыз;




  1. Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш» əнін айтамыз;




  1. «Достар серті» мюзиклі туралы білеміз.

Қазақ театрының қайнар-көзі қазақ халқының ежелгі фольклорлық салт-дəстүрлерінде жатыр. Қазақтың тұрмыс-салт əндері мен дəстүрлерінде театр элементтері бар. Қазақ халқының барлық өнер түрлері музыкамен байланысты. Дəстүрлі эпос, əндер мен күйлер орындау қазақ театрының пайда болуына негіз болды. Күйшілер орындайтын



күйлерінің аңыз-əңгімесін баяндау арқылы тыңдаушыны дайындап алатын болған. Күйлердің аңыз-əңгімесінде əр түрлі бейнедегі кейіпкерлер туралы баяндалатын жəне осы кейіпкерлердің барлығын күйші-орындаушы бір өзі бейне-леген. Бұл бір актер театрының өзіндік тəжірибесі болды.




Сонымен қатар, қазақ театр өнерінің түп негізіне айтыс өнерін де жатқызуға болады. Айтыс кезінде ақындардың əуендері арнайы ырғақпен, айрықша орындаушылық мəнермен ерекшеленді. Мереке мен тойларда əзілкештер өздерінің шеберлігін көрсететін болған, олар халық арасын-да «қу» деп аталды. Олар кейіпкердің мінез-құлқын дəл си-паттай білді.



Халқымызда ең жарқын жəне театрландырылған дəстүрлердің бірі – үйлену тойы.


Қазақтың халық биі «Ортеке» – қуыршақ театрының ба-стауы болып табылады. «Ортеке» күйін орындаған кезде, ешкі бейнесіндегі қуыршақ үстелдің ортасына бекітіледі. Қуыршақ ортеке еркін билеуі үшін, аяқтары үстелдің бетіне



90 91


тимейтіндей етіп орналастырылады. Қуыршақтың дене бөліктеріне байланған жіптер үстел ортасындағы тесік арқылы өткізіліп, домбырашының оң қолының саусақтарына байланады. Күйші күйді тарта бастағанда, қуыршақ ортеке қозғалып, билей бастайды.



  1. «Тұран» фольклорлық-этнографиялық

ансамблінің орындауында «Ортеке» күйін тыңда.



  1. Күйге сипаттама бер.




  1. «Oртеке» тақырыбында синквейн жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет