«Ақ мамам» «Жұлдызай» тобының аналар мерекесіне арналған ертеңгілік әзірлемесі Мақсаты



Дата29.12.2023
өлшемі18,06 Kb.
#199828
Байланысты:
8-наурыз Жұлдызай тобының ертеңгілік әзірлемесі


«Ақ мамам»
«Жұлдызай» тобының аналар мерекесіне арналған ертеңгілік әзірлемесі


Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін үйрете отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ешқашан аналарын ренжітпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Балалар «Вальс» әуенімен залға кіреді.




1 Жүргізуші: Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар! Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Ақ мамам» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші:Бүгін наурыздың 8-і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз – аналар күнімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін қабыл алыңыздар!


1 жүргізуші: Балалар қараңдаршы, айнала қандай әдемі, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.

2 жүргізуші: Дұрыс балалар, көктем мезгілінде күн жылынып, қар еріп, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, табиғат сұлулана түседі.




1 жүргізуші:Көктем мезгілінің алғашқы мерекелерінің бірі аналар мерекесі.Ендеше, балалар, бәріміз бірге аналарымызға арнап ән айтып берейік.


Ән: «Мерекеңмен анашым»
2 жүргізуші: Біздің балалар әнмен қатар тақпақты да айта алады.Аналарымызға арналған тақпаққа кезек берейік.

Жанымызды жайнатқан,


Сіздерсіз ғой аналар!

Зор ден саулық, мол бақыт


Тілейміз біз балалар.

Әлпештеген, аялаған,


Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жолдап бүгін саған


Мерекеңмен құттықтаймын

Бал бөбегін баптаған,


Мамам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді


Көп жасасын ақ мамам!
Мамаларды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Әжені де ардақтап


Әдеппен бас иеміз.

Әжетайым, әжетай


Сізді жақсы көреміз.

Сізге өлең – тақпақты


Жатқа айтып береміз.

Шуағыңды сепкен


Күнімізсің әже.

Жұлдыздарың боп,


Айналамыз әже.

Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.

Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.


1 жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар, енді аналарымызға арнап би билеп берейік.
Би: «Көбелектер»
1 жүргізуші:Құрметті аналар енді сіздерді ұл-қыздарымызбен бірге ойын ойнауға шақырамыз.
Ойын «Гүл теру»
Гүлдерді бір-бірлеп себетке саламыз. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Осы кезде залға Көктем аруы келеді.
Көктем аруы:Саламатсыздар ма, балалар! Менімен бірге күн жылынып, айнала сұлуланып, нұрланып тұр. Бірақ, сендер неге шулап жатырсыңдар?


2 жүргізуші: Көктем аруы, біздің балалар 8 наурыз аналар мерекесіне арнап, аналарына өнер көрсетіп жатыр. Біздің балалардың сізге де арнаған өнері бар.Сіз бізбен қалып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.


1 жүргізуші : Қане, балалар! Көктем аруына өнерімізді көрсетейік.


Ән: «Бір оңға, бір солға»


Көктем аруы:Рахмет, балалар, көңілімді көтердіңдер. Мен сендерге риза болдым, сендер осылай үнемі тамаша өнерлерінді көрсетіп, мамаларынды қуантып жүре беріңдер.Ал, енді мен кеттім, Сау болыңдар!


2 жүргізуші: Көктем аруы келгеніңізге рахмет!Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды, ақылды, аналарын сыйлап, құрметтеп жүреді.


1 жүргізуші: Дұрыс айтасын, біздің балалар тәртіпті! Міне бүгінгі ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Аналарыңа, әжелеріңе өз қолымен жасаған сыйлықтарды беретін сәтте келді.
Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.
2 жүргізуші: Құрметті аналар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Дендеріңіз сау болсын, әрқашан балаларыңыздың өнерін тамашалап жүре беріңіздер!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет